Жұма, 29 Наурыз 2024
1636 15 пікір 16 Тамыз, 2022 сағат 13:56

Министр: "Бала алдымен өз тілінде оқып, жаза білуі тиіс"

"Бала алдымен өз тілінде оқып, жаза білуі тиіс". Бұл туралы Үкімет отырысында  Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп жазды baq.kz порталы.

Жаңа оқу жылында мектептерге қатысты бірқатар жаңашылдық енгізілді. Біріншіден, арнайы зерттеулер мен сараптамалардың қорытындысына сәйкес 1-сынып оқушысына үш тілді бірден меңгеру қиын екені анықталды. Бала алдымен өз тілінде оқып және жаза білуі тиіс. Осыған орай, біз қазақ тілді мектептерде 1-сынып оқушысын тек қазақ тілінде оқытуды, ал орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен орыс тілін оқыту туралы шешім қабылдадық, - деді ол.

Аймағамбетов атағандай, қазақ тілді мектептерде екінші сыныптан бастап орыс тілі енгізіледі, ал ағылшын тілі барлық мектептерде үшінші сыныптан басталады.

Сонымен бірге «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері 1-ші сыныптан  бастап енгізілді. Музыка пәнінің аясында 6-сынып оқушылары өз қалауымен домбыра аспабында ойнауды үйрене  алады. Мектептерде қосымша факультатив есебінен шахматты дамытуға мүмкіндік беріледі. Менеджементті және мектептегі кадр сапасын күшейту үшін де өзгерістер енгізілді, - деді Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, биыл  білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау  институты енгізілді.

Қазірдің өзінде 431 директор ротациядан өтті. Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа қағидалары да іске асырылып жатыр. Жұмысқа қабылдау енді конкурс бойынша педагогтің білімі, еңбек өтілі, біліктілік санаты және кәсіби жетістіктері сияқты критерийлердің негізінде жүргізіледі. Бұған қоса педагогтерді Ұлттық біліктілік тестілеу арқылы жұмысқа алу тәртібі қабылданды. Яғни енді дипломның ғана негізінде емес, қосымша өз пәні бойынша тестілеуден өткендерді ғана мектепке жұмысқа қабылдаймыз, - деді ол.

 

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3580