Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3648 0 пікір 29 Шілде, 2009 сағат 08:45

Жовтис жолда адам басып кетті

Адам құқы мен заңдардың сақталуын қадағалау жөніндегі халықаралық ұйымның қазақстандық бюросының директоры Евгений Жовтис жексенбі күні түнде Алматы облысында көлікпен келе жатып, абайсызда адамды басып кетті.
Евгений Жовтис демалыс кұндері Іле өзенінің бойына өзінің үш жолдасымен балық аулауға шыққан екен. Кеш бата Алматыға қайтпақшы болған. Евгений басқарып келе жатқан көлік жол бойына шыққан адамды қағып өлтірген. Евгений Жовтис телефон арқылы болған оқиғаны былай деп баяндап берді.
- Бұл оқыс оқиға жексенбі күні кешкісін Бақанас ауылына екі-үш шақырым қалғанда болды. Сағатына 80 километр жылдамдықпен жүріп келе жатқанмын. Қарсы келе жатқан көліктердің шамдарынан алдымдағы адамды байқамай қалдым. Қарсы алдымнан 2-3 метр жерден кенеттен пайда болған адамды кеш көрдім. Мен көлікті тоқтатып үлгермедім, көлікті басқа жаққа бұруға да мұрша болмады. Әлгі адамды басып өтіп кетіп, екпінмен тағы 40 метрдей жүріппін. Бірден полиция, медициналық жедел жәрдем шақырттым. "Жедел жәрдем" келгенше сол жерден қозғалған жоқпын. Ђкінішке қарай, машина қаққан адам сол жерде қаза болды. Медициналық сараптама қанымда ішімдіктің жоқ екендігін көрсетті. Қазір осы мәселе бойынша, қылмыстық іс қозғалды. Оған мен куә ретінде тартылдым, - дейді Евгений Жовтис. Қазір ол Алматыда.

Қайыржан ТӨРЕЖАН

«Айқын» газеті, 29.07.2009

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347