Президент Бакуге барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан президенті Ильхам Алиевпен кездеседі.
Президент 24 тамыз күні Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Баку қаласына ресми сапар жасайды. Әзербайжан астанасында екі ел басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулері жоспарланған.
Кездесу аясында қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері қарастырылады. Сондай-ақ сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту тақырыптары талқыланып, бірқатар құжатқа қол қойылады.
Abai.kz