Сенбі, 23 Қараша 2024
Өзгелер 3105 7 пікір 22 Тамыз, 2022 сағат 11:19

Путиннің идеологына кім қастандық жасады?

Тамыздың жиырмасында «Орыс әлемінің» насихатшысы Александр Дугиннің қызы Дарья Дугин Мәскеуде көлік жарылысынан қаза тапты. Ол әкесінің көзқарасын жақтайтын. Дарья Дугин отырған көлік Можайск тас жолында жарылып кеткен.

Ал Кремль оқиғаны өз пайдасына толық пайдаланбақ. Олар Украина тарапынан болған қастандық екенін айтуда.

Куәгерлердің айтуынша, әкесі мен қызы «Дәстүр» фестиваліне қатысқан. Іс-шарадан кейін олар Мәскеуге бір көлікпен қайтпақшы болады. Бірақ қайтар кезде жоспар өзгеріп, Александр Дугин басқа көлікке отырады. Осылайша Путиннің идеологы ажалдан аман қалады.

Бұл оқиғадан кейін ресейлік БАҚ пен Telegram арналарда нағыз пікір-талас басталды. Ресейлік шенеуніктер Украинаны кінәлады. Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова «Украинаның әрекеті» деген күдіктің негізгі нұсқа ретінде қарастырылатынын ашық айтты.

Көптеген жылдар бойы Александр Дугин өз қызынан «идеологиялық қару» қалыптастырды. Дарья Дугин өзін «нағыз орыс қызы» ретінде көрсетуге тырысты. Ол украиндарды жек көріп Ресейдің Украинаға соғысын қолдады. Ресейдің бірінші арнасынан үгіт-насихат жүргізді.

«Біз арнайы операцияны мұқият бастадық, бізге қатал әрі кешірімсіз болу керек», - деген еді Дарья. Ол Ресей басып алған Мариуполь қаласына, Азовстальға барып қайтты.

Бірақ Украинада және ТМД елдерінде Дарья Дугин Симонян мен Скабеева сияқты танымал емес. Ол туралы ешкім білмейді. Сондықтан Украина тарапының оны өлтіретіндей себебі жоқ.

Бір қызығы, Дугин қызы қайтыс болған күні өзінің Telegram арнасында Ресейде болып жатқан оқиғалар мен қабылдануы керек шаралар туралы Кремльдің көңілінен шықпайтын жазба жариялаған. Ол Кремль мен Путиннің стратегиясын қамшылап, ішкі өзгерістер қажеттігін айтқан.

«Билік 22 жыл бойы азды-көпті тиімді басқаруды үйренді, түсінемін. Бірақ ол кезең өтті. Арнайы әскери операция бәрін өзгертті. Билік өзгерісті қалай ма, қаламай ма, мәселе онда емес. Бізге патриоттық консервативті-революциялық өзгерістер керек екені анық...Арнайы әскери операция қазір биліктен маңыздырақ», - деп жазды Дугин.

«Орыс әлемінің» басты насихатшысы «арнайы операцияның» сәтсіздігін түсініп, Кремльдің бақылауынан шыға бастады. Ол ендігі жерде Ресей үшін «у құйылған құты» сияқты. Сондықтан олар барлау басқармасымен байланысы бар Дугинді жолдан алып тастауды шешті. Мұны Украинадағы көптеген сәтсіздіктерден кейін өзін ақтауға тырысқан Федералды қорғаныс қызметінің жұмысы деп толық айтуға болады.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407