Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4016 0 пікір 29 Шілде, 2009 сағат 09:05

Қырғызстан-қазақстан шекарасындағы бақылау-өткізу бекеті қалыпты тәртіпте жұмыс істеп жатыр

Бішкек. 29 шілде. ҚазТАГ – Дилярам Аркин. Қырғызстан-қазақстан шекарасындағы бақылау-өткізу бекеті қалыпты тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Қырғызстандағы президенттік сайлау қортындысына наразы халықтың жаппай наразылық акцияларына байланысты бақылау-өткізу бекетінде ешқандай дүрлігу байқалмайды. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісіне Қырғызстанның шекара қызметінен хабарлады.

Бұл ретте, оппозициядан бірегей үміткер А. Атамбаевтың штабының соңғы мәліметі бойынша, сәрсенбі күні Арашан, Чон-Таш және Кой-Таш ауылдарымен өтетін Алматы трассасымен үш жүздей адам жаяу Бішкекті бетке алып барады. Оларға қарсы арнайы жасақ күштері жіберілді. Бішкектің өзінде наразылардың 42 мүшесі ұсталды. Қазіргі уақытта олар Бішкек ҚІІД қабылдау-бөлу бөліміне орналастырылды.

Алдын хабарланғандай, бүгін Қырғызстанда, өткен президенттік сайлау «заңсыз және бұрмаланған» деп есептейтін халықтың бір бөлігінің мерзімсіз наразылық акциясы мен митингілері басталды. Сайлау қортындысына риза болмаған электораттың наразылық акциясы «бейбіт сипатта» өтіп жатыр. Бұл шараға барлығы 5 мыңдай адам қатысып отыр. А. Атамбаевтың штабының мәліметі бойынша, Түп, Жеті-Оғыз, Ыстық-Көл мен Тоң, Соқылық, Панфилов, Москва мен Жайыл  аудандарында стихиялық митингілері өтіп жатыр.  

Естеріңізге салсақ, 23 шілдеде Қырғызстанда президенттік сайлау өтті. ҚР ОСК  Құрманбек Бәкиевті Қырғызстанның сайланған президенті деп мойындады.

ОСК мүшесі Тоқтоғұл Сұлтакеевтің айтуынша, қазіргі мемлекет басшысы сайлаушылардың 76,43 % дауысын жинады, оны 1 779 417 адам қолдаған. Одан кейін Алмазбек Атамбаев – 8,39 %, Темір Сәриев – 6,43 %, Тоқтайым Уметәлиева – 1,08 %, Нұрлан Мотуев – 0,93 %, Женишбек Назаралиев – 0,82 % келеді. Сайлаушылардың 4,62 % барлығына қарсы дауыс берген.

Қырғызстан оппозициясы дауыс берудің қорытындысын бұрмаланған, ал сайлаудың өзін заңсыз деп отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340