Сенбі, 23 Қараша 2024
Айтыс 2973 20 пікір 23 Тамыз, 2022 сағат 15:12

Бекболат пен Ринаттың айтысы

Соңғы бір-екі күнде бұрынғы Мәжіліс депутаты, Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының вице-президенті Бекболат Тілеухан мен айтыскер ақын Ринат Зайытовтың арасында сөзталас туды.  

Ринат Зайытов Тілеуханов «Қаңтар оқиғасының болатынын біле тұра айтпай кетті» десе, экс-депутат «Ринат жала жапты» деп отыр. Біз екеудің БАҚ бетіндегі айтысын оқырман талқысына ұсынбақпыз.

“Өз басым Бекболат Тілеухан деген әншіні жақсы көрем. Онымен шынайы құштарлықпен сөйлесемін, араласымын, әңгімесі де ұнайды. Бірақ мен оған қаңтарда өкпеледім. Ол соның ішінде жүрді, бәрін білді ғой. Бір ауыз айтса болатын еді. «Жігіттер, осылай жасалып жатқан нәрсе, абай болыңдар» деп. Сонысына ғана өкпеледім...

Ол (Бекболат Тілеухан) желтоқсан айында өз еркімен кетті. Оның кетуіне түрткі болған осы әңгімелердің шет жағасын білуі деп ойлаймын. Бір жағы осыған қатыспайын деп кетіп қалған шығар. Өйткені осы уақытқа дейін солардың қасында жүргеннен кейін, оны да қатысуға мәжбүрлейтін еді. Айтпай кеткені өкпелетті. Айтуы керек еді. Ол кісіде мүмкіндік болды. Біз де оған "Аға" деп қарап отырдық. 104 депутаттың 103-і не десе де, біз Бекболат ағаны тыңдайтын едік. Өйткені ұлттық өнердің адамы болғаннан кейін, біз онымен бір дастархан басында әңгімелескенбіз, оның айтқанына сенеміз", - деді Ринат Зайытов  ULYSMEDIA-ға берген сұхбатында.

Бекболат Тілеухан Ринат Зайытовтың сөзіне жауап беріп, айтыскердің өзіне жала жапқанын айтты.

"Қазақ өкпелесе де, өлімге қимайды" деуші еді ағайын. Ринат бауырым өлімге қиды. "Қанды Қаңтар оқиғасын біліп тұрып, бізге айтпады" деген сұмдық ауыр жала жапты. Ал енді оған аузына салып, кәдімгідей ыңғайлап "Бекболат Тілеухан неге сізді жек көреді?" деп отыр. Ана жерде Самал Ибраеваның көзінше сөйтіп жатыр. Бұған байланысты неге мен жек көруім керек? Ринат өнері деңгейлес адам емес, жақсы деңгейлес адам емес. Саясаттағы лауазымы деңгейлес адам емес. Енді қазір әр нәрсеге көңілі толмай, айғайлап шыққан адамдар "популярный" бола беретін заман ғой. Ондай бір кереметтей жек көремін деген сөз аузымнан шыққан емес. Жек көрмеймін де. Ал жалпы қарым-қатынасымызды білгіңіз келсе... Былай істейді... Қазір өзі ұнатпайтын бір нәрсем бар. Біреудің біреуге жазған хатын, сөйлеген сөзін шығарып жатады ғой. Аманатқа қиянат жасады деп... Біреудің біреуге айтқан сырын елдің бетіне, жарияға жар салып жатады... Осындай бір тексіздік қазір жан-жағымызды басып кетті ғой. Ал мына жерде мен ондай жағдайда емес, қазір мәжбүрлі күйде жалпы Ринат екеуміздің арамыздың қандай екенін көрсететін бірнәрсені тыңдатайын", -дейді Бекболат Тілеухан.

Бекболат Тілеухан Ринат Заитовтың өзіне жіберген ауызша хабарламасын тыңдатты.

Ол жерде айтыскер ақын былай дейді:

"Бекболат Аға, ассалаумағалеукум! Қалдарыңыз қалай? Амансыздар ма? Денсаулықтарыңыз? Ринат Заитов деген жаман бауырыңызбын. Аға, сізге бір айтарым бар еді.. Бір кеңес сұрайын. Ақылдасатын шаруам бар еді. Қалай сөйлесе аламын? Пәле-жаладан сақтасын. Сөзімнің, ойымның түйіні мынау... Сіздің айналаңызға бір қарайықшы. Осы бізді... Қазақты қазаққа айдақтап қойып, неге осы бір-бірімізді бөліп жатыр деймін да... Ақынымызды, бәрімізді... Біз соның жетегінде жүрміз негізі... Өз басым мойындаймын. Соны бір отырып, ақылдасайықшы дегенмін, аға, сізбен. Бұл мүлдем басқа нәрсе секілді маған. Қазақты қазаққа ырылдастырып қайта-қайта... Дінді де айта беруге болады, саясатты да айта беруге болады. Бірақ нәтижесінде қазақ пен қазақ, Үкімет пен халық десек те, қазақ пен қазақ... Осы арамыз қатты бөлініп жатқан секілді Аға маған... Сол жайында ақылдасайын деп едім шынымен. Қолдасаңыз", - депті Ринат Заитов Бекболат Тілеуханға. 

Бекболат Тілеухан Заитовтың бұл әрекетін "екіжүзділікке" теңеді.

"Пәле-жаладан сақтасын", - дейді да, пәле жабады маған... Дұрыс айтасың. Сен мойындап отырсың. Мені айтақтап жатыр деп. Мені де айтақтаған. Бірақ, мен ешқандай айтақтағанға көнген жоқпын. Неге бөліп жатыр деп мен сенен сұрайын? Маған тиіскен сен. Айтыста да тиіскен сен. Басқа жерлерде де тиіскен сен. Анау класстас бауырдың айтқаны бар ғой... "Аға, сіз көңіліңізге алмаңыз енді... Ішіп алып, шегіп алып... Ринат айта береді" дегеннен кейін бір жағынан кешіргім келіп жүр.  Ал шын ниетінде саясаткер боламын деген ойда болып жатсаң, бұл дұрыс нәрсе емес. Осының жетегінде жүрміз, оны өз басым мойындаймын деп отсың. Қалай десе де "жапалақты таспен ұрсаң да жапалақ өледі, тасты жапалақпен ұрсаң да жапалақ өледі". Осыдан зиян шегетін тек қана қазақ. Саясаткер боламын дегенде, сен  "Заңдарды жаттаймын" деп айттың ғой. Адам Заң жаттап "саясаткер" болмайды. Адам тарихи заңдылықтарды меңгеріп саясаткер болады. Бірнәрсені біледі. Ахмет, Міржақып, Әлихандарды қасында жүрген қазақтар сатты. Бірақ сол оқ кейін өздеріне тиді. Сендер маған жабысыңдар. Менің көзімді құртуға тырыссаңдар, артықшылығым сол. Тарихтың заңдылығы солай. Тарих қайталанып отырады. Ол мәселеден байқаңдар. Енді мынадай сөз айттыңдар! Ағалап тұрсың! Мойындаймын деп тұрсың! Қазақ қазаққа деп жанын ашығанда жүрегін аузыннан шығып кетейін деп тұр. Ал істелген шаруа мынау. Екіжүзділік пе? Тексіздік пе? Класстасын айтпақшы "ішіп алып, шегіп алады" дегендей терпиласың ба? Чертсың ба? Қалай түсінуге болады бұны? Көп нәрсені біліп тұрсың ғой. Енді осыншама популист болуға, осыншалықты танымалдылықтың құлы болуға бола ма екен?", - деді Бекболат Тілеухан.

Айтыскер ақын Ринат Заитов Бекболат Тілеуханға "сіздікі - "дұрыс", менікі-"ағаттық" деп, әңгімені осы жерден доғаратынын хабарлады.

"Ассалаумағалайкум аса құрметті Бекболат аға. Маған жолдаған видеосәлеміңізді көрдім. Таңырқадым деп өтірік айта алмаймын. Осылай қабылдайтыныңызды сездім. Бірақ түсіндірмесін кездескенде беремін ау деп ойлағанмын. Оған мына әлеуметтік желідегі әңгіме өзіміз тоқтатпай, тыйылмайтын сияқты. Сондықтан бір сөзімді жеткізуге тырысайын. Аға, өзіңізге былтыр ғана хабарласқандағы айтқан сөзім сол сөз. Мен сізді ештеңеге қарамастан, аға деп құрметтеймін, қайталанбас талант - деп жақсы көремін! Ал кейбір жағдайларда танытқан осалдығыңызды тура сынасам, ол - інілік назым, ақындық асаулығым. Ол өкпемнің орны бар деп ойлаймын. Себебі: қазіргі уақытта біздің елде ресми мәліметтер Қаңтардағы қырғынға сіздің дос тұтып жүрген азаматтарды күдікті танып, тергеу жүргізуде. Демек, егер ол мәліметтер рас болса, сіздің достарыңыздың жоспарларынан хабарсыз болғаныңызға сенбеймін. Ал өтірік болса, онда қазіргі билік бізді алдап, ақымақ көріп, жазықсыз адамдардың мойнына жүздеген адамның қанын артқалы тұр деген сөз. Сіздікі қайсысы? Не болса да, екі жағдайда да ештеңе көрмегенсіп, үндемей қалу сізге сын аға. Жақсы. Жауап ойлап алтын уақытыңызды кетірмеңіз. Сізге бірдеңе дәлелдеп, ырылдасып таласу ойымда жоқ. Өйткені Қазақ онсыз да жан-жаққа топталып алып, қырық пышақ болып жатыр. Енді қалмағаны Бекболат Тілеухан мен Ринаттың жақтастарының шайқасуы ма? Құрысын. Айып етпеңіз. Ондай елге еш пайдасы жоқ, "өнбес өсектер" жарысына жүйкем мен уақытымды кетірмеймін. Бекболат аға сіздікі - "дұрыс", менікі- "ағаттық". Сіз - жақсы, мен - жаман. Осы жерден қойдым. Сіз де сөйтетін шығарсыз?...", - деп жазды айтыскер ақын өзінің инстаграм парақшасында.

Айта кетейік, экс-депутат Бекболат Тілеухан биыл 29 желтоқсанда депутаттық мандатын тапсырған. Артынша оның бас кеңсесі Түркияда орналасқан Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының вице-президент болып тағайындалғаны белгілі болды.

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377