Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4361 0 пікір 24 Желтоқсан, 2012 сағат 07:18

Орынбек Айтбенбетов. Түйеге ескерткіш орнатсақ

Қоғамның дамуына орай, адамзаттың материалдық игіліктерден бөлек, рухани құндылықтарға бет бұруы заңдылық екені белгілі. Дегенмен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау барысында, кейбір кемшін тұстарымыз  көзге ұрып тұрғаны білінетіндей. Сан ғасыр аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген тұста, жаһандану үдерісіне төтеп беру мәселесі кезігіп отыр. Ғаламдық жаһандануға жұтылып кетпеу үшін, барлық мәдени және рухани құндылықтарымызды насихаттап отырғанымыз жөн секілді. Әлемдегі үлкенді-кішілі халықтар қал-қадерінше өз мәдениетін,тілін,өнерін насихаттауда. Біздің Алтайдан Атырауға, Жайықтан Жетісуға, Сұлу Көкшеден Сырдың Қызылқұмына дейінгі ұланғайыр өлкеге иелік етіп, «мың өліп,мың тірілген...» халық болып қалыптасып, егемен ел болуымызда қазақ тұлпарлары мен «шөл кемесі» түйелердің өлшеусіз үлесі барын баршамыз білуге тиіспіз. Халқымызда «Түйе-байлық, жылқы-салтанат,сиыр-шайлық, қой-жандық»,-дейтіні бар. Сонау әлімсақтан бері халқымыздың мінсе-көлігі, ішсе сүті мен шұбаты, кисе киімі болып келген Ойсылқара тұқымының маңызы ұмытыла бастағандай. Арғы дәуірді айтпағанда, өткен ғасырдағы Түрксібті салуда, Қарағанды мен Екібастұздың көмірі, Қарсақпай мен Балқаштың жез бен мысы, Доссордың мұнайын игеруде «қас үлектен туған кәтепті қара нарлар...» теңдессіз үлес қосқанын  жас ұрпақ ұмытпаса екен дегім келеді.

Қоғамның дамуына орай, адамзаттың материалдық игіліктерден бөлек, рухани құндылықтарға бет бұруы заңдылық екені белгілі. Дегенмен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау барысында, кейбір кемшін тұстарымыз  көзге ұрып тұрғаны білінетіндей. Сан ғасыр аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген тұста, жаһандану үдерісіне төтеп беру мәселесі кезігіп отыр. Ғаламдық жаһандануға жұтылып кетпеу үшін, барлық мәдени және рухани құндылықтарымызды насихаттап отырғанымыз жөн секілді. Әлемдегі үлкенді-кішілі халықтар қал-қадерінше өз мәдениетін,тілін,өнерін насихаттауда. Біздің Алтайдан Атырауға, Жайықтан Жетісуға, Сұлу Көкшеден Сырдың Қызылқұмына дейінгі ұланғайыр өлкеге иелік етіп, «мың өліп,мың тірілген...» халық болып қалыптасып, егемен ел болуымызда қазақ тұлпарлары мен «шөл кемесі» түйелердің өлшеусіз үлесі барын баршамыз білуге тиіспіз. Халқымызда «Түйе-байлық, жылқы-салтанат,сиыр-шайлық, қой-жандық»,-дейтіні бар. Сонау әлімсақтан бері халқымыздың мінсе-көлігі, ішсе сүті мен шұбаты, кисе киімі болып келген Ойсылқара тұқымының маңызы ұмытыла бастағандай. Арғы дәуірді айтпағанда, өткен ғасырдағы Түрксібті салуда, Қарағанды мен Екібастұздың көмірі, Қарсақпай мен Балқаштың жез бен мысы, Доссордың мұнайын игеруде «қас үлектен туған кәтепті қара нарлар...» теңдессіз үлес қосқанын  жас ұрпақ ұмытпаса екен дегім келеді. Кейбір халықтар сиырға, «талпақ танауға», итке ескерткіш қойып жатқанда біздің таңдана қарап отырғанымыз түсініксіз. Қазақтың талайлы тағдырының сан ғасырлық  куәсі іспетті болған жампоз қара нарға, туған жерге деген сүйіспеншіліктің мағынасын ұғындыратын аруанаға, Асанқайғы бабамыздың Желмаясына еліміздің бас қаласы Астана төріне сондай-ақ басқа да қалалардың көркін келтіретін ескерткіш орнатылып жатса құба-құп дер едік. Ел ағалары мен ұлтшыл азаматтарымыз осындай ұлтымызға рух боларлық ұлағатты істерге мұрындық болып жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Бұл біздің бабалар рухы алдындағы парызымыз бен қарызымыз.

Құрметпен,

Айтбенбетов Орынбек Орынбасарұлы

Қарағанды облысы,

Приозерск қаласы.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555