Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 2935 8 пікір 1 Қыркүйек, 2022 сағат 15:20

ҚХП: Біз Тоқаевтың кандидатурасын қолдаймыз!

Қазір қазақ қоғамы, Қазақстан қоғамы күзде болатын президенттік сайлаудың талқысын жасап жатқаны белгілі. Сарапшылар мен қоғамның сергек саналы азаматтары сайлауға түсуі мүмкін ықтимал үміткерлердің түр-түсін анықтауға да белсене кірісіп кеткен.

Әзірге президент Тоқаевтың бұл сайлауға қай партия немесе қоғамдық ұйым атынан ұсынылатыны белгісіз. Президент Тоқаев экс-президент Назарбаевтан мұраға қалған, биліктегі боминант партия саналатын – бұрынғы Нұр Отанның, қазіргі Аманаттың құрамынан шығу туралы шешім қабылдаған еді.

Ал бүгін өткен Парламент сайлауына «Қазақстан Халық партиясы» деп, партия атауына ребрендинг жасап кірген бұрынғы коммунистер бүгінгі жолдаудан кейін едел-жедел мәлімдеме жасап, порталымыздың электрондық поштасына жолдапты.

Бүйдейді:

Қазақстан Халық партиясының мәлімдемесі

Қазақстан Халық партиясы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына бүгін жолдаған Жолдауында жарияланған саяси өзгерістерді толық қолдайды.

Бұл - Жаңа Әділетті Қазақстан құрудың берік іргетасын қалайтынына шын жүректен сенеміз.

Референдумнан кейін Партия мерзімінен бұрын Парламент Мәжілісінің сайлауын өткізуді қолдады. Біз саяси бәсекелестіктің күшейгенін және саяси партиялар санының артқанын құптаймыз.

Қазақстан Халық партиясы сайлауға дайын, жеңіске жетуді және халық сенім артатын Үкімет қалыптастыруды жоспарлап отыр. Халықтың қолдауына ие басқарушылардың жаңа толқыны Президент Жолдауында айтылған әлеуметтік-экономикалық реформаларды тиімді жүзеге асыратынына сенімдіміз.

Кезектен тыс Президент сайлауында, біз бұрын мәлімдегендей, қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдаймыз.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5353