ҚазТАГ ақпарат агенттігі: 2012 жылдың негізгі 20 оқиғасы
ҚазТАГ: 2012 жылдың негізгі 20 оқиғасы
Алматы. 24 желтоқсан. ҚазТАГ - ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттік 2012 жылдың негізгі 20 оқиғасын анықтады.
1. Кедендік одақ аясында құрылған Біртұтас экономикалық кеңістіктің күшіне енуі
1 қаңтардан бастап Қазақстан, Ресей және Беларусь 2010 жылы қол қойып және осы елдер бекіткен Біртұтас экономикалық кеңістік құратын құжаттар топтамасы заңды күшіне енді.
Жақында Кедендік одақ (КО) пен Біртұтас экономикалық кеңістікке Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы қосылады деп күтілуде.
Жаңа бірлестіктің құрылғандығы туралы декларацияда КО мен БЭК басқа елдердің қосылуына ашық деп көрсетілген. Интеграцияға келешекте Вьетнам мен Жаңа Зеландия еркін сауда аумағы мен КО келісіміне қосылмақшы ниетін танытты.
2. Дінмұхаммед Ахмедұлы Қонаевтың туылғанына 100 жыл
12 қаңтарда Алматыда Қазақстанның танымал саяси қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың туылғанына 100 жыл толуына байланысты оның атындағы мұражай-үй салтанатпен ашылды. Мұражайдың ерекшелігі - Д. Қонаев тұрған оның бұрынғы үйінің келбетін туыстары толығымен сақтағандығында.
ҚазТАГ: 2012 жылдың негізгі 20 оқиғасы
Алматы. 24 желтоқсан. ҚазТАГ - ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттік 2012 жылдың негізгі 20 оқиғасын анықтады.
1. Кедендік одақ аясында құрылған Біртұтас экономикалық кеңістіктің күшіне енуі
1 қаңтардан бастап Қазақстан, Ресей және Беларусь 2010 жылы қол қойып және осы елдер бекіткен Біртұтас экономикалық кеңістік құратын құжаттар топтамасы заңды күшіне енді.
Жақында Кедендік одақ (КО) пен Біртұтас экономикалық кеңістікке Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы қосылады деп күтілуде.
Жаңа бірлестіктің құрылғандығы туралы декларацияда КО мен БЭК басқа елдердің қосылуына ашық деп көрсетілген. Интеграцияға келешекте Вьетнам мен Жаңа Зеландия еркін сауда аумағы мен КО келісіміне қосылмақшы ниетін танытты.
2. Дінмұхаммед Ахмедұлы Қонаевтың туылғанына 100 жыл
12 қаңтарда Алматыда Қазақстанның танымал саяси қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың туылғанына 100 жыл толуына байланысты оның атындағы мұражай-үй салтанатпен ашылды. Мұражайдың ерекшелігі - Д. Қонаев тұрған оның бұрынғы үйінің келбетін туыстары толығымен сақтағандығында.
Д. Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Верный қаласында (қазіргі Алматы) туылған. Қазақстан ғылым академиясын басқарды, Қазақ ССР министрлер кеңесінің төрағасы және Қазақстан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы болды.
Д. Қонаев 1993 жылы 22 тамызда дүниеден өтті.
3. Парламент мәжілісі депутаттарының кезектен тыс өткен сайлауы
15 қаңтарда республикада Қазақстан парламент мәжілісінің депутаттарының сайлауы өтті. «Нұр Отан» партиясының өкілдері 83 депутаттық мандат, «Ақ жол» - 8, ҚХКП - 7 мандат алды. Мәжілістің тағы 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынды. Жалпыхалықтық социал-демократиялық партия (ЖСДП), «Ауыл» партиясы, «Әділет» партиясы қажет дауыстарды жинай алмай, парламент мәжілісіне өте алмады.
Сол күні мәслихат депутаттарының сайлауы өтті.
4. Зейнетке шығу жасын көтеру туралы ұсыныс
6 наурызда Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко біртіндеп ерлер мен әйелдер арасындағы зейнетке шығу жасының теңестірілетінін мәлім етті. Бұл ретте ол әйелдердің зейнетке шығу жасын біртіндеп 63 жасқа дейін көтеру гендерлік теңдік мәселесі екендігіне тоқтады. Оның айтуынша, әйелдердің зейнетке 63 жаста шығуын ерлермен теңестіру, заң қабылданған соң, біртіндеп, 10 жыл бойына іске асырылады.
Қазіргі кезде мәжілісте депутуттардан, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлерінен және әртүрлі сарапшылардан тұратын жұмыс тобы құрылып, аталған мәселе және ҚР Ұлттық банк ұсынысына қатысты қоғамдық пікірді зерттеумен айналысып жатыр.
5. Қарағандыда «Бесоба» ықшамауданында тұрғын үйдің құлауы
Биылғы 6 сәуірде Қарағандыда «Бесоба» ықшамауданында бұдан үш жыл бұрын үлескерлік шартымен салынған 5 қабатты үйдің 4-подъезді блогы құлады. Үй құлағанда адам шығыны болған жоқ.
Үйдің құлауына байланысты құрылыс салушыларға, жобалаушыларға, сондай-ақ ос үйлерді қабылдау туралы мемлекеттік актілерге қол қойған лауазым тұлғаларына және мемлекеттік құрылыс-сәулеттік бақылау жүргізген лауазым тұлғаларына қатысты төрт қылмыстық іс қозғалды.
6. Құқық қорғау орган қызметкерлерін аттестациялау
8 сәуірде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР құқық қорғау орган қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау туралы жарлыққа қол қойды.
Аттестаттау жүргізу үшін ҚР президентінің жанынан арнайы комиссия құрылды. Президент әкімшілігіне, бас прокуратураға, экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясына), ішкі істер министрлігіне, төтенше жағдай министрлігіне, қаржы министрлігіне қызметкерлерді 2012 жылғы 30 желтоқсанға дейін аттестаттаудан өткізу тапсырылды.
7. «Арқанкерген» шекара бекетінде жаппай адам өлтіру
30 мамырда «Арқанкерген» шекара бекетінің жанып кеткен ғимараты табылды. Онда өртенген 14 шекарашының мәйіттері, оның маңында аңшылық шаруашылықтың қорықшысының мәйіті табылды.
Тірі қалған шекарашы Владислав Челахқа қылмыстық кодекстің сегіз бабы бойынша - 2-ден де көп адамды өлтіру, ұрлық, «құпия» белгісі бар құжаттарды ұрлау, қаруды ұрлау және заңсыз сақтау, әскери мүліктерді зақымдау мен дезертирлік бойынша айып тағылды.
11 желтоқсанда сот барлық бап бойынша В. Челахты айыпты деп танып, ерекше режимдегі колонияға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
8. Жоғарғы соттың экс-судьялары Сайлаубек Жәкішев пен Алмаз Ташеноваға үкім шығару
1 маусымда Ақмола облысының ауданаралық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған соты Жоғарғы соттың экс-судьялары Сайлаубек Жәкішевті 12 жылға, А. Ташенованы 10 жылға жалпы тәртіптегі колонияға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Олар пара алған, қызмет бабын асыр пайдаланған, «Алел» ҚИК» АҚ пайдасына сот әділеттігіне жатпайтын сот актісін шығарған, сол арқылы мемлекетке Т495 млн шығын келтірген деп айыпталды.
6 желтоқсанда Қарағанды облыстық соттың аппеляциялық коллегиясы үкімді бұзып, істі алдын ала тыңдаулардан бастап қайта тексеруге, сондай-ақ бұл істің қылмыстылығын шешу үшін Жоғарғы сотқа жіберді.
9. Коммуналдық қызмет пен қолғамдық көлікпен жол жүру тарифтерінің көтерілуі
Қазақстанның басым аумағында коммуналдық қызмет бағасы көтерілді. Мысалы, Өскеменде, Алматыда, Қарағанды, Атырау, Қызылордада, Теміртауда жылу тарифтері көтерілді. Одан басқа, ыстық су тарифтері Өскеменде едәуір көтеріліп, Теміртауда - екі еседей қымбаттады. Салқан су бағасы Петропавл мен Астанада көтерілді.
Сондай-ақ Өскеменде, Қарағандыда, Перопавлда электр энергиясы қымбаттады. Талдықорғанда, Өскеменде, Алматы, Павлодар мен Петропавлда қоғамдық көлікпен жүру бағасы көтерілді.
10. Алматы облысы мен Атырауда лаңкестікке қарсы операция жүргізу
11 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданы, Таусамалы кентінде жеке үйлердің бірінде орын алған күшті жарылыс пен өрттен 8 адам, оның ішінде 4 бала қаза болды.
17 тамызда «Таң» саяжай массивінде жүргізілген антитеррорлық операция барысында «Таусамалындағы» жарылысқа қатысы бар тағы 9 ҰҚТ мүшелері жойылды.
Бұл ретте арнайы бөлімшенің бір қызметкері жарақаттанды.
14 қыркүйекте Атырауда белгісіздер әскери қызметкерді бытыра оқпен жарақаттап, Атырау қаласының ІІБ ғимаратына енбекші болды. 21 қыркүйекте арнайы операция жүргізу барысында күдікті қолға түсті.
11. Донор жүрегін қондыру бойынша Қазақстандағы тұңғыш операция
8 тамызда Астананың ұлттық ғылыми кардиология орталығында алғаш рет Қазақстанда донор жүрегінің трансплантациясы жасалды.
Науқас Жәнібек Оспановқа 46 жасар әйел Галина Воротникованың жүрегі қондырылды. Дәрігерлер әйелге инсульт салдарынан бас миының жұмысы тоқтады деген диагноз қойды. Оның ұлы анасының жүрегі мен бүйрегін донорлық мақсатқа алуға келісім берген. Донордың бүйрегі басқа пациентке қондырылды.
12. Қазақстандық спортшылардың Лондондағы Олимпиададағы жеңістері
27 шілдеден 12 тамызға дейін Лондонда ХХХ жазғы Олимпиада ойындары өтті. Қазақстан Лондондағы Олимпиада ойындарының жалпыкомандалық есебінде 12-ші орын алды.
Қазақстанға алтын әкелгендер - велошабандоз Александр Винокуров, ауыр атлеттер Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Илья Ильин, жеңіл атлетші Ольга Рыпакова және боксшы Серік Сәпиев. Күміс медальға боксшы Әділбек Ниязымбетов.
Қазақстан құрамасының қоржынына қола медаль салғандар - еркін күрес балуандары Гүзел Манюрова мен Ақжүрек Таңатаров, грек-рим күресінің балуаны Даниал Гаджиев, боксшылар Иван Дычко мен Марина Вольнова.
13. Іле-Алатау ұлттық паркіндегі адамдардың өлімі
13-14 тамызда Алматы облысындағы Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағында 11 адамның мәйіттері табылды, олардың бірі ұлттық парктің қорықшысы Панайот Захаропулоның денесі болған. 28 тамызда қорықшының үйінен тағы бір адамның денесі табылды.
Іле-Алатау табиғи бағындағы адамдарды өлтіргені үшін қырқүйек айының соңында радикалды ислам ағынын ұстанған топтың екі мүшесі іздеуге жарияланды.
14. Атырау облысында аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру
21 тамызда қаржы полициясының органдары Атырау облысы әкімдігінің лауазымды тұлғаларының коммуналдық меншік нысандарын жекешелендіру туралы шешім қабылдаумен оларды арзандатылған бағамен сату кезіндегі теріс пайдаланулар фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Шығынның жалпы сомасы Т34 млрд-тан сомаға бағаланды.
Жымқырулар фактілері бойынша 31 қылмыстық іс қозғалды, қылмыс жасады деген айыппен 9 адам қамауға алынды, үшеуі үйдегі қамауға алынды, 11 адам іздеуге жарияланды.
15. Үкіметтің отставкаға кетуі және Серік Ахметовтың премьер-министр болып тағайындалуы
24 қырқүйекте Қазақстан үкіметі отставкаға кетті. Премьер-министрдің қызметіне Серік Ахметов тағайындалды. Бұған дейін үкіметті басқарған Кәрім Мәсімов Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі болып тағайындалды.
Премьер-министрдің орынбасарлары болып Қырымбек Көшербаев пен Ербол Орынбаев тағайындалды, Әсет Исекешев - ҚР премьер-министрінің орынбасары - ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі болып тағайындалды. Үкімет мүшелерінің басым бөлігі бұрынғы қызметтерінде қалды.
16. Владимир Козловқа және оппозицияның басқа өкілдеріне үкім шығару
8 қазанда Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты «Алға!» тіркелмеген партиясының ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Владимир Козловты мүлкін тәркілеумен 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Партия белсендісі Серік Сапарғали 3 жыл сынақ мерзіммен 4 жылға, Ақжанат Әминов шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске сала кетейік, оппозиция өкілдері әлеуеттік алауыздықты өршітті, ҰҚТ құрды, Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деп айыпталған.
17. Бірқатар басылымды «бірыңғай БАҚ» деп нату және олардың қызметін тоқтату
21 қарашада Алматы прокуратурасы 8 газет пен 23 интернет-ресурсты «Республика» бірыңғай бұқаралық ақпарат құралы етіп тану және оның, соның ішінде, «К+» телеарнасының, Stan.TV интернет-порталының, «Взгляд» газетінің және оны көшіретін интернет-ресурстардың ҚР аумағында шығарылуы мен таратылуын тоқтату туралы арыз түсірді.
Сонымен бірге, guljan.org сайтының қызметін үш айға тоқтатты, ал мәдениет жәнеақпарат министрлігі ADAMreader's журналының мемлекеттік тіркеуін қайтарып алды.
18. Астананың ЕХРО-2017 өткізу құқығын жеңіп алуы
22 қарашада Астана 161 мүмкін дауыстың 103-ін жинап, ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығы үшін конкурста жеңіске жетті. ҚР қарсыласы 44 дауысқа ие болған бельгиялық Льеж қаласы болған.
Қазақстан астанасындағы ЕХРО-2017 көрмесі Орталық Азия аймағы мен ТМД елдерінде өткізілетін алғашқы халықаралық көрме болады. Қазақстанның ЕХРО-2017-ге ұсынып отырған көрменің тақырыбы - «Болашақтың энергиясы» балама қуат көздерін пайдалану проблемаларын қозғайды.
19. Тұңғыш президент күнін мерекелеу
1 желтоқсанда ҚР-да алғаш рет Тұңғыш президент күні атап өтілді. Оны мерекелеу аясында бүкіл ел бойынша ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған кең көлемді мерекелік шаралар өтті. 1991 жылдың 1 желтоқсанында республика президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, Қазақстан Республикасы президенттігінің институты құрылды.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР заңына толықтырулар енгізу туралы заң жобасын сенат 2011 жылдың 10 желтоқсанында мақұлдады.
20. «Байқоңыр» ғарыш кешенінің біртіндеп Қазақстанның юрисдикциясына өтуі
10 желтоқсанда ҚР «Қазғарыш» ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев Қазақстан мен Ресейдің жаңа келісім әзірлеп жатқанын, онда «Байқоңыр» кешенін біртіндеп жалға беруден шығару қарастырылатынын хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Байқоңыр қаласы бойынша арендалық қарым-қатынастардан кету мәселесі пысықталуда, ол Қазақстанның юрисдикциясына алынуы мүмкін.
2010 жылдың 9 сәуірінде Қазақстан мен Ресейдің арасындағы Ресейдің қазақстандық «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға алуын 2050 жылға дейін ұзартатын келісім ратификацияланды. Келісімнің өзіне екі елдің президенттері 2004 жылдың 9 қаңтарында Астанада қол қойды.
«Abai.kz»