Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3758 0 пікір 27 Желтоқсан, 2012 сағат 07:58

Сәкен Есіркепов. Ақпараттық қауіпсіздік - ұлттық қауіпсіздіктің кепілі

Ақпараттық қауіпсіздік технологиялық дамудың қарқын алуымен көкейкесті мәселеге айналды. Әлемнің бір нүктесінде отырып-ақ екінші бір жердегі ахуалға сананы жаулау жолымен ықпал етуге болады. Өзінің ұлттық қауіпсіздігін ойлайтын кез келген ел ақпараттық кеңістіктің жай-күйіне бей-жай қарамасы анық. Ойды ой қуалап, қолға қалам алуыма бір жағдай түрткі болды.

Қазақстанның оңтүстік өңірлері көршілес Өзбекстанның ақпараттық ықпалында отыр. Оған Мақтаарал, Сарыағаш аудандарында Қазақстан, Хабар сияқты телеарналар ғана тартып, Өзбекстанның онға жуық телеарнасы ақпарат тарататыны мысал бола алады. Радиода да жағдай осындай. Осы жазда бір шаруамен Сарыағашқа жолым түсті. Шымкент шаһарынан 30-40 шақырым ұзап шыққаннан кейін қазақша радио тыңдаудан қалдық. Есесіне өзбекше сайраған, ән салған дауыстар басымдық алды. Сарыағашқа келгенде арналардың бәрін өзбек арналары басып алды. Бұл біздегі ақпараттық қауіпсіздіктің сын көтермейтін тұсын көрсетсе керек. Өңірдің халқы да өзбекшені қазақ тілінен кем білмейді.

Жақын бір досымнан жетісайлық бір жас баладан «президент кім?» дегенде «Кәрімов» деп жауап бергенін естігенде төбемнен жай түскендей болған. Шынында да телеарна мен радиодан тек И.Кәрімовтың президенттік қызметін атқаруы туралы ақпаратты естіген жас бала қандай елде отырғанын қайдан білсін?! Бұл біздегі жауапты мекемелердің жедел іс-қимылын қажет ететіндей. Аталған елде отырып-ақ діни, ұлттық, саяси т.б. идеялармен қазақстандықтардың санасына неше түрлі ақпарат сіңіруге болады.

Біздегі ақпараттық қауіпсіздіктің кенже қалуын ғаламтордағы теріс пиғылды сайттарды жабудағы іс-қимылымыздан да көруге болады. Кез келген сайтты жабу үшін ұзақ процесс (сотқа беру, сарапшылардың қуаттаған пікірін алу, сот шешімінің шығуы т.б.) қажет етіледі. Бұл кезде аталған идеямен талай азамат қаруланып үлгереді. Ұзақ процестен кейін сайт жабылғанымен жаңа бір сайт ашу қиын емес (Мәселен, оппозициялық guljan.org сайты экстремистік деп танылғаннан кейін құзырлы органдар тарапынан жабылған болатын. Алайда сайт иесі көп уақыт өтпестен guljan.info деген жаңа сайт ашып, бұрынғы жұмысын қайта жалғастырды. Бұл сайтты жабу үшін де біраз уақыт қажет. Кезекті рет сот шешімі шыққанымен тағы бірін ашып алудың жарасы жеңіл...). Сондықтан өз қауіпсіздігі мен дамуы үшін мемлекет те технологиялық прогрестен қалып қоймауы тиіс.

Көршілес Ресейде сайт мәселесін реттеудің тиімді бір механизмі бар екен. Арнайы мамандар интернет сайттарына талдау жасаумен айналысады. Қандай да бір сайтта елдің заңнамаларына қайшы келетін немесе азаматтар арасында діни, саяси, ұлттық т.б. араздық қоздыратын идеялар болса сол сәтте сайт әкімшілігіне хат жазылады. Хатта аталған идеялардың ұлттық қауіпсіздікке қайшы келетін тұстары көрсетіліп, аталған мақаланы алып тастауы тиістігі, әйтпесе сайттың мемлекет территориясында таралуына тыйым салынатыны хабарланады. Талап орындалмаса тиісті шаралар қабылданады. Сайтты сот шешімімен жабу осыдай кейін де жалғаса береді. Мұндай шаралар біздің елге де қажет сияқты. Осы арқылы көптеген теріс идеялардың жолын кесуге болады. Бұл шаралар ақпараттық қауіпсіздікті түбегейлі қамтамасыз етпесе де, жағдайдың жақсаруына септігін тигізер еді.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555