Сейсенбі, 29 Қыркүйек 2026
2783 2 пікір 6 Қыркүйек, 2022 сағат 12:29

Лиз Трасс Ұлыбританияның жаңа премьері

Ұлыбританияның билік басындағы Консервативті партиясының лидері болып, сыртқы істер министрі Лиз Трасс сайланды. Ол жақын күндері Борис Джонсонның орнына премьер-министр қызметіне келеді. 

Дүйсенбі күні партия мүшелері жаңа лидерге дауыс берді. Лиз Трассы қолдап, 80 мың партия мүшесінің 57 проценті дауыс берген. Ал Сунаканы 60 мың консерватор қолдап дауыс берген.

Өзінің үгіт-насихат жұмысында Трасс Британиядағы энергетикалық дағдарысты шешуге уәде берді. Ол сонымен бірге Украинаны қолдауды жалғастырып, Ресейдің қазіргі саясатына қарсы тұратынын жеткізді.

Борис Джонсон 2019 жылы Тереза Мэй премьер-министр қызметінен кеткеннен кейін Консервативті партиясын басқарып, парламент сайлауында жеңіске жеткен.

Лиз Трасстың жасы 47-де. Жас кезінде Либерал-демократиялық партияның мүшесі болған. Бірақ кейін консерваторларға қосылды. Ол Джеймс Кэмерон мен Тереза Мэй үкіметі кезінде министр болған, 2021 жылдан бері Ұлыбританияның сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалған. Ол Ұлыбритания тарихындағы үшінші әйел премьер-министр болмақ.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1583
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3197
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1183
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1097