Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 2800 6 пікір 7 Қыркүйек, 2022 сағат 15:41

Жанар-жағар май сатушы компанияларға тексеру жүргізуді талап етеміз!

Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Берік Асыловқа және Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің төрағасы Марат Омаровқа

Көктемгі және күзгі егіс науқандарында жанар-жағар майдың тапшылығы мен бағасының күрт өсуі әдетке айналды. Биыл да осы сорақы жағдайды бастап кешіп отырмыз!

Дизель отыны тоннасы кей жерлерде 500 мың теңгеге жетіп отыр! Өзі қымбатшылықтан қиналып отырған халыққа, шаруа қожалықтары мен фермерлерге бұл «жығылған үстіне жұдырық» екендігі сөзсіз!

Жанар-жағар майдың үздіксіз тапшылығы мен бағасының күрт өсуінің себебі ұйымдасқан картельді келісімдер, реваншисттік күштердің Мемлекет басшысының саясатына қасақана саботажында деген пікір бар.  Мұнай өңдеу зауыттары мұнайды өңдеудің бағасын өсірмеген, соған қарамастан дизель отынының, бензиннің бағасы шарықтап кетті! Яғни, мұнай өңдеудің барлық циклін жіті тергеп-тексеру қажет!

Олигархиялық ұйымдасқан топтардың құлқынына балта шабу халық талабы! Осы орайда, Бас Прокуратура мен Агенттік Бірлесе отырып:

Атырау, Павлодар мұнай өңдеу зауыттарының мұнай өңдеу бағытын, жанар-жағар майды сатушыларды «ұйымдасқан карельдік келісу» фактілеріне тексеру жүргізу;

Жанар-жағар майды сатушы компаниялардың дизель отыны, бензинге әдейі жетіспеушілігін ұйымдастыру мүмкіндігіне тергеу жүргізуді талап етеміз!

Мұнайды өңдеуге берушілер мен мұнайды сатушылардың шеттен шыққан алып сатарлық фактілері болса, олар заң алдында қатаң жауап берулері қажет!

Жанар-жағар май аясындағы баға саясаты ақылға сыйымды, әділетті, халыққа түсінікті болуы қажет!

Құрметпен, «AMANAT” партиясы Фракция мүшелері

 

Ерлан Сайыров

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3215
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5233