Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2592 4 пікір 7 Қыркүйек, 2022 сағат 20:34

Е. Қошанов: Алдағы сайлауда Президент 7 жыл мерзімге сайлануы керек

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов журналистермен алдағы Президент сайлауы туралы өз пікірімен бөлісті.

«Биылғы Президент сайлауы 7 жылдық мерзіммен өтуі керек деп есептеймін. Бұл менің жеке пікірім. Оны әріптестерім де қолдап отыр», – деді Палата Спикері.

Ерлан Қошановтың айтуынша, президенттік басқару формасындағы Қазақстан үшін Президенттің қайта сайлану құқығынсыз 7 жылдық мерзімге сайлануы бұл өте қажетті әрі маңызды норма.  Ол ел дамуының либералдық бағытын күшейтеді және Президент реформаларына толық сәйкес келіп отыр. Бұл суперпрезиденттік басқару формасынан түбегейлі арылуға мүмкіндік береді.

Биліктің жиі ауысуын қамтамасыз ететін норма оның монополиялануына жол бермейді.

Мәжіліс Төрағасы 7 жыл қолға алған реформаларды іске асыру үшін жеткілікті уақыт деп есептейді.

Сонымен бірге Палата Спикері егер Президент қазір 5 жылға сайланса, содан кейін Конституцияға 7 жылдық президенттік мерзім туралы түзетулер енгізілсе, онда сайланған Президентке тағы да 7 жылдық мерзімге қайта бару үшін құқықтық мүмкіндік пайда болуы мүмкін екенін айтты.

Сондықтан осы құқықтық қайшылықты жою үшін депутаттар Конституцияға қазірден бастап өзгерістер енгізуді және алдағы сайлауды қайта сайлану құқығынсыз 7 жыл мерзіммен өткізуді ұсынып отыр, – деді Е.Қошанов.

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415