Сенбі, 23 Қараша 2024
1432 0 пікір 25 Тамыз, 2022 сағат 11:41

Білім мегаполисі: Болашақ мектебі қандай болуы керек?

Алматы әкімі Ерболат Досаев заманауи мектептерге қойылатын талаптар туралы сауалға жауап берді.

Досаев білім беру саласының, мектептің дамуы өз басым үшін, әрі әкім ретінде де ең маңызды басым бағыт болып табылады деді.

Almaty.tv Алматыда «Білім мегаполисі: болашақ мектебі қандай болуы керек» атты тамыз конференциясы өтті деп хабарлайды. Осы форумда қала әкіміне:

- Мектеп адамының болашақ жетістікке жетуінің негізгі тағантасы болып табылатындығымен келісесіз бе, сол себепті заманауи мектеп қандай талаптарға жауап  беруге тиіс? деген сауал қойылды.

Мегаполис әкімі Ерболат Досаев:

- Мен Алматыда туып өстім. Әуелі Орбита ықшамауданындағы 68-ші мектепке бардым. Кейін   республикалық физика-математикалық мектепте білімімді жалғастырдым. Бірақ физика мен математикадан алған білімім қазіргі қызметіміме тікелей байланысты болмаса да, әлі күнге дейін өзіме көмектесіп келеді.

Блім беру саласының, мектептің дамуы өз басым үшін, әрі әкім ретінде де ең маңызды басым бағыт болып табылады. Білімінің сапалы болуы біздің балаларымыздың болашағына зор әсер етеді.  Әрине бұған ата-ана мен қоршаған орта беретін тәрбиені де қосуға тиіспіз. Мектеп дегеніміз  – бұл болашақ табыстарымыз бен жетістіктеріміздің тағантасы.

Әлемде заманалық білім берудің тренді қандай болу керектігіне арналған зерттеу өте көп. Йел университетінің соңғы зерттеуінде бұған 5 қағидат жатқызылып жүр. STEM принциптері барлық мектепте қолданылуы керек. Заманалық  технологиялар, мәслен, әлемді өзгеріске ұшыратуда. Осының бәрін біздің балаларымызда пайдалануы үшін олар цифрлы әлемге жақын болуға тиіс. Екіншіден, балаларға арнайы көңіл бөлетін мұмкіндік пайда болды. Әр бала туа біте дарынды болып табылады. Ең бастысы –  осы дарындылықты тап басып тани білу. Егер біз оның дарынын ашып, көмектесе білетін болсақ, онда бұл тек оның ғана емес, барша еліміз үшін де жетістік болып табылады.

Сапалы адам капиталы дегеніміз – бұл біздің кез келген дамуымыздың әсіресе экономика саласының негізі. Мысалға, Tamos мектебі көптен бері жоғары сапалы стандарттарды танытып, үнемі өзгеріске түсіп келеді. Ал, бұған жаңа мектептер арасынан NGS, Уәлиханов мектебін жатқыза аламыз. Prometeus, Zaman сынды екі жаңа мектеп ашылады. Басым көпшілікті мемлекеттік мектептер құрап құраса да, жекеменшік мектептерде дамуға тиістігін баса айтқым келеді. Мәскеу қаласындағы мектептердің ширек бөлігі жекеменшік.  Тап осындай статистиканың біздің қаламызда да орын алғанын өз басым қалалар едім.

Тағы бір маңызды дүние балаларды цифрлы әлемге деген көзқарасын қалайша тәрбиелеуіміз керектігі болып саналады. Цифрлық азаматты қалыптастыруға қадам жасау дегеніміз - бұл мектеп жасына дейінгі балаларды жаңа технологияға, білім беру әдістеріне бейімдеу мәселесі.

Өз басым, мектептегі ең зор мәселе бұл – психология болып табылады деп санаймын. Пандемия өз кезегінде біздің балаларымыздың санасына ерек әсер етіп,  стреске қарсы тұрақтылыққа қолжеткізуіміз керектігін нақтыладыв. Сондықтан осы бағыттағы жұмысатарды жалғастыра түсуге тиіспіз.

Бұл ең бастысы, әрине, сіз, қымбатты ұстаз, сіздің біліктілігіңіз, біліміңіз, қиыннан жол таба білуіңіз. Санамалағандардың барлығы дабарша білім беру жүйесінің дамуының кепілдігінің жиынтығы болып табылады. Меніңше, басты назарды ұдайы білім жетілдіруге, өзара білім алмасуға, түйткілді сауалдарға жауап іздеуге, өз шәкірттеріңіз оқуын жандандыру үшін тиімді әм айырықша шешім табу жолдарын іздестіруге аударуларыңыз керек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5342