Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4197 0 пікір 9 Қаңтар, 2013 сағат 07:58

Жастардың діни сауаттылығын арттыру кезек күттірмейтін қажеттілік

1992 жылдың 15 қаңтарында қабылданған  «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» және 1995 жылғы заңда «Әркімнің ар-ұждан бостандығына құқығы бар», Әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға, қай дінге жататынын көрсетуге немесе көрсетпеуге құқығы бар екендігі айтылған болатын. Осы заңнан кейін әр түрлі діни ағымдар елімізде пайда бола бастады. Олардың ішінде шетелден келген миссионерлерде жетерлік. Статистикаға сүйенетін болсақ, қазіргі таңда діни бірлестіктердің саны  4558-ге жетіп жығылады. Биылғы Дін істер агенттігі қатаң тексеріс жүргізуінің арқасында олардың санын 3088 азайтқан болатын. Әрине, бұл да 16 млн халқы бар елге үлкен көрсеткіш. Қай дінді алып қарасақта, барлық діндердің негізгі мақсаты жақсылық пен адамгершілкке тәрбиелеу. Мысалы, Христиан дінінің қасиетті кітабында  «Аспен атқанды таспен ат», біреу бетіңнен ұрса екінші бетіңді тос деген сияқты жақсы мінез құлықты, сабырлықты дәріптейді. Ал Ислам дінінде сабыр мен адамгершілікке қатысты Құран аяттары мен хадистерде жетерлік. Ислам дінінің өзі бейбітшілік деген мағынаны білдіреді ғой. Қазіргі уақытта бұқаралық ақпараттар құралдары нан көретініміз тек лаңкестік оқиғалар мен жарылыстар. Ислам дінінде экстремизм немесе терроризм деген нәрселер жоқ екені анық. Ал қазіргі келіп жатқан ислам ағымдары немесе басқа дін ағымдары болсын көздеген мақсаттары басқа сияқты.

1992 жылдың 15 қаңтарында қабылданған  «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» және 1995 жылғы заңда «Әркімнің ар-ұждан бостандығына құқығы бар», Әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға, қай дінге жататынын көрсетуге немесе көрсетпеуге құқығы бар екендігі айтылған болатын. Осы заңнан кейін әр түрлі діни ағымдар елімізде пайда бола бастады. Олардың ішінде шетелден келген миссионерлерде жетерлік. Статистикаға сүйенетін болсақ, қазіргі таңда діни бірлестіктердің саны  4558-ге жетіп жығылады. Биылғы Дін істер агенттігі қатаң тексеріс жүргізуінің арқасында олардың санын 3088 азайтқан болатын. Әрине, бұл да 16 млн халқы бар елге үлкен көрсеткіш. Қай дінді алып қарасақта, барлық діндердің негізгі мақсаты жақсылық пен адамгершілкке тәрбиелеу. Мысалы, Христиан дінінің қасиетті кітабында  «Аспен атқанды таспен ат», біреу бетіңнен ұрса екінші бетіңді тос деген сияқты жақсы мінез құлықты, сабырлықты дәріптейді. Ал Ислам дінінде сабыр мен адамгершілікке қатысты Құран аяттары мен хадистерде жетерлік. Ислам дінінің өзі бейбітшілік деген мағынаны білдіреді ғой. Қазіргі уақытта бұқаралық ақпараттар құралдары нан көретініміз тек лаңкестік оқиғалар мен жарылыстар. Ислам дінінде экстремизм немесе терроризм деген нәрселер жоқ екені анық. Ал қазіргі келіп жатқан ислам ағымдары немесе басқа дін ағымдары болсын көздеген мақсаттары басқа сияқты. Өсіп, өніп келе жатқан еліміздің тыныштығын бұзу, арамызға іріткі салу. Мұндай ағымдарға қара домалақ қазақтарымыздың кіріп кетіп жатқаны да қаншама.  Бұл ағымдардың жетегінде жүруіне екі негізгі себепті атап айтсақ болады.

Біріншіден,  сауаттылық мәселесі. Яғни діни сауаттылықтың өте төмен болуы. Екіншіден,  әлеуметтік жағдай. Материалдық жағынан дұрыс қамтылмаған кедей, мемлекеттен үмітін үзген отбасыларды материалдық жағынан қамтамасыз етеміз деп қызықтыру арқылы өздерінің қатарына қосып жатқандығын айтуға болады. Әрине, елдегі барлық адамды материалдық тұрғыдан толық қамтамасыз ету мүмкін емес. Бірақ елді діни сауатты етуге болады. Қазіргі діни рәсімдер жасалатын орындарға баратын болсақ, ол жердегілердің басым көпшілігі жастар. Дінге деген жастардың қызығушылығы күннен күнге артып келе жатыр. Енді сол жастарымызға дұрыс бағыттағы діни білім және тәрбие беретін ата-аналардың діни сауатылығының жоқтығы ащы болсада өмір шындығы. Сондықтан жастарымыздың діни сауатын ашу қазіргі кездің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Бейресми деректер бойынша 500 мыңнан астам отандастарымыз секталардан жәбір көрген екен.

Ал кейбір жастарымыз дәстүрлі емес ағымдардың арасында адасып  жүрсе, елдің болашағы не болмақ?! Және сол ағымдарда жүрген жастарымыздан және олардың ұрпақтарынан қандай азамат шығатындығы айтпасада түсінікті. Сондықтан бұл олқылықтың алдын алу үшін тек кана білімді пайдалану арқылы жеңіске жете аламыз. Осы тұрғыдан мемлекет тарапынан жұмыстар жасалып жатқандығын айта кетуге болады. Нақтырақ айтсақ,  мектептегі 9-сынып оқушыларына «Дінтану» сабағы пән ретінде енгізілді. Бұл шешімді оңды құбылыс ретінде қабылдауға болады. Әрине, бұл салада да кемшілктер бар. Менің ойымша, бұл әліде аздық ететін сияқты. Тек 9-сыныпта аптасына 1-ақ  рет өтетін дінтану сабағы барлық жастарымыздың діни сауаттылығын көтереді деп сеніп қалмауымыз қажет. Бұдан басқада іс-шараларды ұйымдастырған жөн. Адастырушы ағымдардың қатарында жүрген жастарымыздың  басым бөлігі студенттер. Сондықтан мектеп пен қоса жоғарғы оқу орындарынада «Дінтану» сабағын «Психология, Философия»  секлді жалпы пән ретінде енгізген дұрыс. Еліміздегі студенттеріміздің діни сауатын ашу мақсатында, қандай ағымдар мемлекетімізге зиянын тигізіп жатыр, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін анықтайтын, ақ пен қараны ажырата алатындай біліммен қамтамасыз етуіміз қажет. Сонда ғана бұл мәселенің шешімін табар едік.

Биылғы өткен дінтанушылардың екінші форумында осы мәселе қозғалған болатын. Дінтану пәнін жоғарғы оқу орындарына енгізу туралы ұсыныстар айтылған.

Қазіргі ақпараттың жақсы дамыған заманында ақпараттық технологияларды қолданып осы мәселеге байланысты ғылыми-танымдық бағдарламалар  жасау, телеарналардан елдегі болып жатқан діни мәселелердің себептерін ашып көрсетіп, елдегі діни ахуал жайлы халықты ақпаратпен қамтамасыз ете алсақ, бұл жүйеде өз жемісін берері сөзсіз. Сонда ғана еліміз өркендеп, көзі ашық, көкірегі ояу сауатты азаматтарымыз көбейіп, қаймағы бұзылмаған мемлекетімізді сақтап қаламыз. Сондықтан қазіргі қоғам халықтың діни сауатты болғанын талап етеді. Бізге діни сауат ауадай қажет екенін түсінетін кез келді.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322