Жұма, 2 Қазан 2026
2181 2 пікір 12 Қыркүйек, 2022 сағат 13:20

Өзбекстан азаматтары Украинада тұтқынға түсті

Қыркүйектің 10 күні ғаламторда Өзбекстан азаматтарын украин әскерилері тұтқынға алған видео жарияланды. Бұл видеоның қашан түсірілгені белгісіз.

Тұтқынға түскендердің бірі Өзбекстанның Самарқанд облысының тумасы, Мәскеуде оқыған 22 жастағы Ахмедов Мухриддин Солиоғлы. Видеода ол ақша табу үшін жалдамалы болғанын айтады.

Видеода тағы бір өзбек азаматы Мәскеудегі құрылыста құжатсыз жұмыс істеп, Украинаға жіберілгенін айтады. Украина қарулы күштерінің Харьков облысына сәтті шабуылы нәтижесінде көптеген ресейлік әскерилер тұтқынға алынған болатын.

Бұған дейін Мәскеудегі Өзбекстан елшілігі азаматтарға шет мемлекеттердің аумағында еріктілер батальонын құру немесе соғыс қимылдарына қатысу ел заңнамасы бойынша қылмыс екенін ескерткен еді. Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 154-бабына сәйкес, еріктілер батальондарына және шетел аумақтарындағы әскери қимылдарға қатысу «жалдамалылық» деп танылады. Оларды он жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қаралған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 385
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 398
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 617