Сәрсенбі, 29 Қазан 2025
2074 0 пікір 12 Қыркүйек, 2022 сағат 13:33

Тоқаев ІІІ Чарльзге құттықтау жеделхатын жіберді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльздің таққа отыруына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қазақстан Ұлыбританиямен берік достық байланыстарға, қарқынды саяси диалогқа, өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарға негізделген берік стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Түрлі салалардағы, оның ішінде халықаралық аренадағы жан-жақты ынтымақтастығымыз достас халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі нығая беретініне кәміл сенімдімін, - деп жазылған жеделхатта.

Құттықтау соңында Президент Корольдің барлық игі бастамаларына толағай табыс, ал король отбасы мүшелері мен британдықтарға бақ-береке тіледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1207
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10722