Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3496 0 пікір 11 Қаңтар, 2013 сағат 09:32

Шәріпхан Қайсар. Ресей «Байқоңыр» турасында күңк етті

Иә, Ресей Байқоңыр турасында күңк етті. Бұл күңкіл Қазақстан тарапынан дүңк еткен  мәлімдемеге қатысты.

Бәрі де желтоқсанда басталды. 10 желтоқсан күні Мәжіліс алдында есеп берген «Қазғарыш» агенттігінің төрағасы Т.А. Мұсабаев Байқоңырды жалдау мәртебесін қазақстандық заң құзырына өткізу жөнінде келісім жобасы қаралып жатқандығы, бірақ жалдық сыйпаттан ғарыш айлақты Қазақстанға қайтару қашан болатыны белгісіз екендігін мәжілісмендер алдына жайып салған еді.

Талғат Мұсабаевтың мәлімдемесі:
Мы будем пытаться ежегодно сокращать пуски «Протонов» с Байконура, а их производится около 20 каждый год. Делаем для этого все, что можем. Мы имеем такой рычаг. Сейчас мы подписали заключение о пусках «Протонов» с «Байконура» на 2013 год, оно направлено на рассмотрение в правительство. Если правительство подпишет наше предложение, значит, в 2013 году пуски «Протонов» будут сокращены на две ракеты.

Иә, Ресей Байқоңыр турасында күңк етті. Бұл күңкіл Қазақстан тарапынан дүңк еткен  мәлімдемеге қатысты.

Бәрі де желтоқсанда басталды. 10 желтоқсан күні Мәжіліс алдында есеп берген «Қазғарыш» агенттігінің төрағасы Т.А. Мұсабаев Байқоңырды жалдау мәртебесін қазақстандық заң құзырына өткізу жөнінде келісім жобасы қаралып жатқандығы, бірақ жалдық сыйпаттан ғарыш айлақты Қазақстанға қайтару қашан болатыны белгісіз екендігін мәжілісмендер алдына жайып салған еді.

Талғат Мұсабаевтың мәлімдемесі:
Мы будем пытаться ежегодно сокращать пуски «Протонов» с Байконура, а их производится около 20 каждый год. Делаем для этого все, что можем. Мы имеем такой рычаг. Сейчас мы подписали заключение о пусках «Протонов» с «Байконура» на 2013 год, оно направлено на рассмотрение в правительство. Если правительство подпишет наше предложение, значит, в 2013 году пуски «Протонов» будут сокращены на две ракеты.

Қазақстанның Байқоңырды өз заңдық құзырына қайтару мен «Протон» зымыранын ұшыруды шектеу жөніндегі осы мәлімдемеге орай, Ресей үкіметі тарапынан «Қазғарыш» агенттігінің төрағасынан түсініктеме беру сұралған ресми хат жөнелтілгені туралы ақпарат  «Коммерсант» газетінде жарық көрді. Алайда, бұған төтесінен жауап беруге тиісті Т.Мұсабаев еңбек демалысында көрінеді, ал оның баспасөз хатшысы Ресей тарапынан мұндай ресми хаттың келмегендігін жеткізуде.

Сонымен, Т.Мұсабаев командасы қазақ үкіметіне Байқоңырды Ресейге жалдаудан бас тартып қазақ заңдық құзырына қайтаруды ұсынған. Бұл жоба бойынша «Протон» зымырандары ұшыру быйылдан бастап екі мәртеге қысқармақ екен. Бірақ оның нүктесін Үкімет қойуы керек болатын.

Бұл бастамаға Ресей жағы тез арада шыр-пыр болды.Әуелі ресейлік сарапшылар жалдаудың қазақ жағына тиімді екенін және жалақының жоғарылығын айтумен болды. Құжат бойынша ресейлік ғарышкерлер жалдау мен техникалық жабдыққа ондаған миллион доллар шығындануда. Алайда, Ресейдің коммерциялық пайдасы  7 есе көрінеді.  Бұл жөнінде орыс сарапшылары ауыз ашпайды. Бірақ қазақ жағында Байқоңырды ұстауға қаржы да жетпейді-міс, маманның да жоқтығы біршама айтылып, қазақтарды бұл мәселеден «шошытқаны» өз алдына.

Александр Железняков, академик Российской Академии Космонавтики им. К.Э. Циолковского:

Вряд ли, взяв юрисдикции над городом, казахстанская сторона будет получать от этого какую-то прибыль, а так мы всё-таки вкладываем немалые деньги в развитие инфраструктуры, и дополнительные деньги для города не помешают. Ну, и с точки зрения организационно-правовой, это тоже не совсем правильное заявление, не совсем правильное решение, если Казахстан будет принимать.

Александр Бауров, менеджер по координации научных проектов космического кластера Фонда «Сколково»:

Как России на это реагировать? У нас есть утвержденная программа развития космодромов, в рамках которой строится космодром «Восточный» в  Амурской области. Это обычная экономическая ситуация, когда некие люди пытаются в тяжелое для российской космической отрасли время нажить себе лишние финансы. В итоге это может у этих же людей вызвать больше проблем. Сейчас у России и Казахстана неплохие отношения, и поднимать этот вопрос сейчас не очень красиво с казахстанской стороны. Тем более что уличить Россию практически не в чем.

Әрине, «коммерсанттық» нотаға қазақ тарапындағы сарапшылар түрліше пікір білдіруде. Әсіресе, ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов «Интерфакс-Казахстан» агенттігіне сұхбат беріп, журналистердің Мұсабаевтың пікірін бұрмалап жібергендігін талғажау етті.

Тұрсұнбек Өмірзақов, ҚР парламент мәжілісінің депутаты:

Ол ғарыш айлақты емес, қаланың ғана Қазақстан заңдық құзырына көшетінін айтқан еді.

Расул Жұмалы, саясаттанушы:

Күрделі болса да, ережеге біз бағындыруымыз керек, айлаққа біз қожайынбыз. Бірақ.. оған батылдық бола қояр ма екен -  күдік бар...

Бұған дейін 50 жылға біржола беріле салған айлаққа қазақ билігі неге құмарта қалды? Байқоңыр тұрғындарының жағдай жауыр болған тақырып екені өз алдына. Бұған бірнеше себеп бар.

1.      Қазақ жағын ойландырған басты себеп - Кеден одағының әуселесі мен ебразиялық одақтың түпкі империялық ниеті. Экономистердің мәлімдеуінше, Кеден одақтан келген Қазақстанға пайдадан зыйан мол.

2.      Қазақстан жағы әлемдік арқа сүйеуге ие бола бастады, оған ЭКСПО-2017 тақырыбы куә. Шамасы, осы мәселе төңірегінде әлемдік алпауыттардан түскен «инновациялық жобалар» да біздің ауылдың түндігін басқа жақтан ашуға құмартып отырғандай.

3.      Қазақтың байлары мен билігі де еркінси бастады, солтүстік көршінің басқынына бұрынғыдай бағынғысы жоқ. 20 жыл бұрынғы келісім қанағаттандырмайды, ғарыштан түсетін қыруар қаржыға бұлар да, үкіметтегі түрлі топтар өздерінің  мүддесін ұлттық мүддемен байланыстыра отырып, бірдеңе тындырғысы келеді.

Әйтпесе, Ресей жағы бүтін бір қаланы алып, оны қалай болса солай пайдаланып отырғандығы бұған дейін аз сөз болды ма? «Протонның» талай зыйанды құландысы болғаны тағысын тағы жағымсыз жайттар шамадан тыс асып бара жатқаны бүгін бе? Оған дер кезінде неге осылай жауап ізделмеді.  Жауап сол - уақыт өзгере бастады,Қазақстан - Ресей қатынасы да уақыт толқынына сай үйлесімнің жаңа түрін іздеуге мәжбүр етуде.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2056