Дүйсенбі, 28 Қыркүйек 2026
2973 2 пікір 19 Қыркүйек, 2022 сағат 13:08

Зеленский Қырымды қайтарып алу жолын айтты

Киев келіссөз арқылы Қырымды Украинаға қайтару мүмкіндігі бар екенін шығармайды. Бұл туралы президент Владимир Зеленский Reuters агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.  

«Қырым дипломатиялық жолмен қайта оралуы мүмкін. Әрине, Украина халқы бұл мәселені дипломатиялық жолмен шешуді қолдайды. Бұл мәселені қандай адамдар талқылайды және ол қашан болады нақты айта алмаймын», - деді Зеленский.

Зеленский Украина Ресей әскерлері басып алған аумақтарды қайтарып алған жағдайда ғана «бейбіт өмір сүре алатынын» атап өтті.

«Басқа мүмкіндік жоқ, шығудың жолы жоқ, аумақты басып алу керек», - деп қосты ол.

Украина президентінің айтуынша, Ресеймен соғыс аумақтар қайтарылмайынша аяқталмайды. Зеленский Мәскеу ядролық қарумен қорқытуды жалғастыра берсе, келіссөз үстеліне отырмайтынын баса айтты.

«Шынымды айтсам, ядролық апат болмайтын сияқты. Дегенмен, сіз бен біз бұл күйге қатысты нақты болжам жасай алмаймыз. Егер ядролық апат орын алса Үшінші дүниежүзілік соғыс басталады», - деді Зеленский.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1564
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3182
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1174
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1088