Сенбі, 23 Қараша 2024
1529 1 пікір 19 Қыркүйек, 2022 сағат 13:35

Мейіржан Төребаевты қамау мерзімі ұзартылды

Алматыда Mudaraban Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша вайнер Мейіржан Төребаевты қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Abai.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«17 қыркүйек күні тергеу сотының қаулысымен, сотқа дейінгі тергеу органдарының өтіші қанағаттандырылды. М. Төребаевқа қатысты кузетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасы 30 тәулікке, яғни 17 қазанға дейін ұзартылды», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігі бойынша Алматы қалалық Полиция департаменті Тергеу басқармасы тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылған еді.

Айта кетейік, аталған іске қатысы бар деген күдікпен танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов күдікті ретінде ұсталған болатын.

Кейін танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 10 тәулікке қамауға алынды. Кейін тергеу соты екеуіне қатысты «кепілмен босату» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Үшінші күдікті – тағы бір танымал вайнер Азимжан Саидбаевқа іздеу жарияланды.

15 сәуір күні ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев қаржы пирамидасын құру ісі бойынша тергеу аяқталғанын мәлімдеді.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5452