Бейсенбі, 1 Желтоқсан 2022
Анық-қанығы 1069 4 пікір 26 Қыркүйек, 2022 сағат 14:28

«Невада-Семейден» «Байтаққа» дейін...

Қоңыр күз – қазақ үшін той маусымы. «Жаппай жекешеледірудің» кесірінен ауыл халқы қалаға қотарыла көшіп, қалалық ұлтқа айналған бүгінгі күнде де ол дағды өзгерген жоқ. Ой мен қырдағы ағайынның қуанышымен бірге, саяси той да қызып тұр.

Президент Тоқаев күздің алғашқы айы кірісімен елге жолдау жолдап, кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Әділет министрі сайлау қарсаңында үш партияның «Халық дербестігі», «Намыс», «Байтақ жасылдар партиясының» тіркеуден өткенін мәлімдеді. «Той десе қу бас домалайды» дегендей өткен сенбі күні менің де екі тойдың біріне таңдау жасауыма тура келді: Шелектің Асысаға ауылындағы жиен ағам Елеубай Әбдірасылұлы кенже қызының құдалық тойына шақыру жіберсе, фейсбуктен қоғам белсендісі Азаматхан Әміртайдың «Байтақ жасылдар партиясының» Атакентте өтетін құрылтайына шақырған жазбасын, бейне сәлемін көзім шалды. Сонымен ағайынның тойын қоя тұрып, сенбі күні сағат онда саяси жиналысты өз көзіммен көрейін деп Атакентке келдім. «Азаттық» тілшісі де жүр екен. Жиынның барысын толық жазып, жариялады. Кейбір жеріне Азаматхан мырза өз ренішін білдіріпті. Саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт: «Олжас Сүлейменовтың батасы – саяси плюрализм имитациясын жасау мақсатында президент әкімшілігінің қолдауымен тіркелетін жасанды саяси партия мен президентке кандидаттарға белгілі ақын арқылы жолданған Тоқаев командасының батасы», - деп пікір білдіріпті.

Горбачевтің «Қайта құру» мен «Жариялығы» кезінде Олжас Сүлейменов «Невада-Семей», Мұхтар Шаханов «Арал қозғалысын» құрып, қазақ зиялыларының саяси күресті экологиялық мәселеден бастағаны белгілі. Одан кейін Назарбаев дәуірінде құрылған «Табиғат қозғалысы» да саяси додалардан шетқақпай көрген жоқ. Ұйым жетекшісі Мэлс Елеусізов президенттікке бірнеше мәрте кандидат болды. Енді міне, «Байтақ жасылдар партиясы»да солардың ізін жалғастырмақ. Экологиялық қозғалыстар билікке сыралғы, «үйреншікті жау» деген сөз.

Қазір экология мәселесі әлемдік аренада да саяси көкпарға айналып отыр. АҚШ өкілдер палатасының жетекшісі Нанси Пелосидың Тайуан сапарынан кейін Қытай тарабы «Ғаламдық климаттың жылынуының алдын алу келісім-шартынан» шығатынын мәлімдеді. Бізде де жағдай мәз емес. Жер көлемі әлемде 9-орын алатын елдің билігі адамдарға 10 сотық жер ғана емес, киіктерге де жайылым таппай, санын азайтуды көздеп отыр. Астаналықтардың «бір түкіргені – 15 мың тенге». Бұл ретте партия жетекшісі Азаматхан мырзаның жастарға «Экологиялық сана» қалыптастыру идеасы көңілге қонымды. Бірақ, соны алдымен шенеуніктерден бастаса дұрыс болар еді.

Қорыта айтқанда «Байтақ жасылдар партиясы» нақты істің партиясы бола ма, жоқ жалған оппозиция рөлін ойнай ма, оны алдағы екі сайлау көрсетеді.

Есбол Үсенұлы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Қандастар қазаққа, Қазақстанға не берді?

Райыс Әріпжанұлы 260
Алашорда

Түркілік тек және түркі-моғол бірлігі

Жәди Шәкенұлы 190
Қауіп еткеннен айтамын

Газдың геосаяси «геморройы»

Әміржан Қосан 263