Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 2643 0 пікір 17 Қаңтар, 2013 сағат 12:18

Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталестің қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті

2013 жылдың 16 қаңтарында Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталестің қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті

2013 жылдың 15-17 қаңтары аралығында Астана қаласына Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес ресми сапарымен келді.  Лоссерталес мырза Астана қаласындағы EXPO 2017 Халықаралық көрмесін ұйымдастыру бойынша тіркеу құжаттамасын әзірлеу және көрменің тіркеу үрдісі мәселелерін талқылау үшін келді. Іссапар барысында ХКБ Бас хатшысы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметов, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетовпен, сондай-ақ Астана қаласының Әкімі, ҚР СІМ және ҚР ЭДСМ-нің бірінші басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді.

16 қаңтар күні өткен баспасөз-конференциясына ХКБ Бас хатшысы Висенте Лоссерталес, Қазақстанның Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов қатысты.

Қазақстанның 2017 жылы EXPO Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығы сынды жоғары мәртебеге ие болуы көрмені өткізуге деген алғашқы қадамы ғана. Алдағы уақытта елімізді тағы бірнеше маңызды кезеңдер күтуде: көрменің тіркеу құжаттамасын әзірлеу, оны ХКБ атқарушы комитетінің мүшелері алдында қорғау, Бас Ассамблеяда дауыс беру арқылы көрмені тіркеу және өзге де іс-шаралар.

ХКБ Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталестің айтуынша: "Қазақстандық тарап тіркеу құжаттамасын, жобаның әрбір саласы: құрылыс, тақырып, жылжыту, жарнама, коммерциялау, қаланың инфрақұрылымын дамыту, қаржыландыру, инвестициялар, көрме нысандарын көрмеден кейін пайдалану және т.б. бойынша бағдарламалар мен стратегиялары көрсетілген құжат әзірлеуі керек."

Көрмені қабылдайтын қала Халықаралық көрмелер бюросына көрмені сәтті ұйымдастыруға бағытталған, негізгі іс-әрекеттерді сипаттайтын, сонымен қатар олардың орындалу мерзімін орнататын көрме құжаттарының жинағын ұсынуы керек.

- ХКБ Бас хатшысының іссапармен келуі Қазақстан үшін өте маңызды, - деп Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов атап өтті, - В.Г. Лоссерталес тіркеу құжаттамасын әзірлеу мәселелері бойынша кеңес беріп қана қоймай, сондай-ақ жалпы көрмені жоспарлауда айқын бағыт береді деп күтілуде.

В.Г. Лоссерталестің өмірбаяны

Висенте Гонсалес Лоссерталес 1994 жылдан бастап Халықаралық көрме бюросының Бас хатшысы болып еңбек етуде.

Лоссерталес мырза өз жұмысының бастамасын 1992 жылғы Севильядағы Халықаралық бюрокөрмесімен байланыстырады, онда ол Халықаралық қатысу жөніндегі директор лауазымында қызмет атқарған.

Испания үкіметінің Сыртқы істер министрлігінде ғылым, инновация және даму саласындағы ынтымақтастықпен байланысты әр түрлі лауазымдарды атқарған, оның ішінде: Африка және Азиямен ынтымақтасу мәселелері жөніндегі Бас директор, Ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Бас директордың орынбасары және Орталық Америка елдерімен ынтымақтасу жөніндегі миссия басшысы болған.

Лоссерталес мырзаның Тарих бойынша ғылым докторы дәрежесі бар, Мадрид Университетінде қазіргі заман тарихының профессоры болған. Ол тарих, әлеуметтік ғылым және Дүниежүзілік Көрмелер бойынша көптеген жариялымдардың авторы болып табылады.

Кореяның Сеулдегі Конкук университетінде Құрметті Экономика докторы атағына ие болды. Түрлі елдердің марапаттарына ие.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1542
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3329
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6087