Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3293 0 пікір 18 Қаңтар, 2013 сағат 10:36

«Қазақ» газетінің 100 жылдығын жетім қыздың тойындай өткізетін жөніміз бар ма?

Сонау ақ патшаның ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс боп тұрған заманда алғаш ұлтымыздың атауын жарқ еткізіп, «Қазақ» деп газет шығару бұл арыстанның апанына тайсалмай барумен бірдей деуге болады. Ал онда Алаш даласына төніп келе жатқан тажалды талдап, қылыштан өткір мәселелерді ашып айту, шыны керек, сол кездегі Әлихан, Ахмет, Міржақып сынды Алаштың адал ұлдарының ғана қолынан келетін, «кесем десең, міне, басым, бірақ шындықты бәрібір айтып өлемін» деген жанқиярлығының дәлелі екені сөзсіз.

Міне, сол тұңғыш ұлттық басылым «Қа­зақ» газетіне биыл 100 жыл толып отыр. Осыған орай Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында «Қазақ» газетінің 100 жылдығы және ұлттық интеллиген­циясының тағдыры» атты дөңгелек үстел болып өтті. Онда қазақ тарихшылары, әдебиет бен БАҚ саласы өкілдері бас қо­сып, Алаш қозғалысы, колониалды им­перия жағдайында жалпыұлттық идеялар, бүгін­гі қазақ төңірегінде мәселелер қоз­ғал­ды.

Жалпы, осыдан бір ғасыр бұрын, яғни 1913 жылы қазақтың даласы, болмысы қандай еді, қазір қандаймыз? Қарап тұрсақ, арада өткен бір ғасырда қазақ не көрмеді десеңші?!. Күні бүгінге дейін біріміз білсек, біріміз пайымдап үлгер­меген бір жайт болса, ол осы 1913 жылдың қазақ мамыражай өмірінің ең соңғы жылы, былайша айтқанда, дауыл алдын­дағы тыныштық болса керек. Себебі келесі 1914 жылдан бастап дүниежүзін есеңгі­ретіп кеткен соғысы, сосын Қазан төңкерісі, аш­тық, репрессия, бірінен соң бірі толассыз нәубеттер басталыпты. Ендеше, «Қа­зақ» газетінің дәл сол 1913 жылы шығуы  дер кезінде орын алған оқиға деуі­міз керек.

Мәмбет Қойгелді, тарихшы:

- «Қазақ» газеті - ұлт тарихында ерек­ше орны бар басылым. Егер анығырақ айтсақ, қазақтың ұлт болып қалыптасып, рухани әлемінің өзгеруіне, ең негізгісі, ұлт-азаттық идеологияның қалыптасуына қызмет еткен. Өкінішке қарай, біз осы уақытқа дейін оны өз дәрежесінде бағалай алмай, парқына бара алмай жүрміз. Егер «Қазақ» газеті болмаса, Алаш қозғалысы болмас еді, «Қазақ» газеті болмаса, қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы рухани серпілісі болмас еді. Қазақтың көзін ашып, ел болуға жұмылдырып, рухын оятқан жаңа мазмұндағы ұлт зиялыларының қалып­тасуы қиынға соғар еді. Неге екені, осы күнге дейін «Қазақтың» факсимильдік басылымы шыққан жоқ. Кезінде орыстар Герценнің «Колоколын» шығарған сияқты, біз де «Қазақ» газетінің факсимилін шы­ғаруы­мыз керек еді, бірақ әлі жоқ. Бұл қазақтың көп нәрсені басқаша түсініп, сана-сезімі мен танымының артуына ерекше әсер етер еді.

«Қазақ» газетін алғаш тиянақты зерт­теп, кітап етіп құрастырып шығарған Үш­кіл­тай Субханбердина апамыз екенін бар­ша­мыз мойындаймыз. Ал оның қандай тау­қы­метті болғанын, әрине, әрқайсымыз біле бер­мей­міз. Бұл өз алдына, ал кейінгі жыл­дары Орын­борға арнайы барып, Ах­мет Бай­тұр­сыновтың өзі тұрған әрі «Қазақ» га­зетін шы­ғарған тарихи үйді тауып, ол үй­ге белгітас орнату, мұражайға айналдыру ке­ректігі жайлы ұсыныс көтеріп жүрген та­рих­шы Қамбар Атабаевтың айтар уәжі бас­қа­ша.

Қамбар Атабаев, тарих ғылымының докторы, деректанушы:

- Бір нәрсені ашық айтайын, ұлттық мүдде тұрғысынан келгенде осы уақытқа дейін әлі «Қазақ» газетінің  өткірлігі, биік деңгейіне жеткен бірде-бір басылым жоқ. Мұны мен кімнің алдында болсын ашып айта аламын. Кейінгі жылдары «Қазақ» газетінің жалғасы деп басылым шығаруға көштік. Дұрыс-ақ, «Қазақ» атауын қызған­баймыз, бірақ бұл «Қазақ» ол «Қазақтың» мұрагері, жалғасы деген - өте жаңсақ пікір. Сондықтан әр нәрсенің өз атымен атап, өз орнында қалдырғанымыз жөн. Ахаң тұрған, «Қазақ» газетін шығарған әлі үйге белгітас орнаттық, бірақ ол үйді мұражайға айнал­дыр­а алмай келеміз. Өз тарихымыз үшін өте үлкен маңызға ие сол үйді сатып алуға неге құлықсыздық танытып отырғанымызға түсіне алмаймын. Сондай-ақ «Қазақ» газе­тінің 100 жылдығын дәл осындай төменгі дәрежеде «жетім қыздың тойындай» қылып өткізуіміз біздің ұлттығымызға сын. Мем­лекеттік деңгейде кешенді шаралармен өткі­зетін жөніміз бар еді. Әттең...

Автор: Мәриям ӘБСАТТАР

"Алаш айнасы" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3315
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019