Қазақ сайттары редакторларының басқосуы: Не істелді, не істеу керек?
Елордамыз Астанада 22 қаңтар күні қазақ сайттары редакторларының, жалпы интернет журналистикаға бейімделген ортаның: блоггерлер мен жоба авторларының конференциясы өтеді. Естеріңізде болса, осыдан екі, екі жарым жыл бұрын белсенді азаматтар «қазақ баспасөзі өкілдерінің форумын» өткізбекке талпынып еді. Ол форум билік тарапынан әртүрлі кедергілерге ұшырап мүмкін болмады. Оның есесіне «Бас редакторлар клубы», осыған ұқсас тағы басқа ұйымдардың әртүрлі деңгейде жиыны жарияланып «қазақ баспасөзі өкілдерінің форумы» көмескілене берген еді. Алайда «ештен - кеш жақсы». Алдыға шындап қойылған айқын мақсат түбі өзінің нәтижесін береді. Астанада басталған қазақ сайттары редакторларының конференциясы міне, осы сөзіміздің дәлелі болса керек. Әлемдік баспасөз кеңістігінде қазір Интернет журналистика құбылысқа айналды. Бастапқыда Интернет журналистика «еріккен жандардың ермегі» сияқты көрінгенімен, бірте-бірте қарқын алып өзінің ерекше қабілетін байқатып, дәстүрлі БАҚ-қа балама ақпарат көзі бола алатындығын аз уақыттың ішінде дәлелдеп үлгерді. Сондықтан БАҚ тілінде «Жаңа медиа» аталған бұл салаға ғалымдар, саясаткерлер, кәсіпкерлер, ірі корпарциялар, т.б. барынша мән беруде. Интернет бүгінгі қоғамның краудсорсинг мәселесіне барынша назар аударуы қажет екендігін ескертіп отыр. Осы және өзге де мәселелер қазақ қоғамының да алдында тұр.
Елордамыз Астанада 22 қаңтар күні қазақ сайттары редакторларының, жалпы интернет журналистикаға бейімделген ортаның: блоггерлер мен жоба авторларының конференциясы өтеді. Естеріңізде болса, осыдан екі, екі жарым жыл бұрын белсенді азаматтар «қазақ баспасөзі өкілдерінің форумын» өткізбекке талпынып еді. Ол форум билік тарапынан әртүрлі кедергілерге ұшырап мүмкін болмады. Оның есесіне «Бас редакторлар клубы», осыған ұқсас тағы басқа ұйымдардың әртүрлі деңгейде жиыны жарияланып «қазақ баспасөзі өкілдерінің форумы» көмескілене берген еді. Алайда «ештен - кеш жақсы». Алдыға шындап қойылған айқын мақсат түбі өзінің нәтижесін береді. Астанада басталған қазақ сайттары редакторларының конференциясы міне, осы сөзіміздің дәлелі болса керек. Әлемдік баспасөз кеңістігінде қазір Интернет журналистика құбылысқа айналды. Бастапқыда Интернет журналистика «еріккен жандардың ермегі» сияқты көрінгенімен, бірте-бірте қарқын алып өзінің ерекше қабілетін байқатып, дәстүрлі БАҚ-қа балама ақпарат көзі бола алатындығын аз уақыттың ішінде дәлелдеп үлгерді. Сондықтан БАҚ тілінде «Жаңа медиа» аталған бұл салаға ғалымдар, саясаткерлер, кәсіпкерлер, ірі корпарциялар, т.б. барынша мән беруде. Интернет бүгінгі қоғамның краудсорсинг мәселесіне барынша назар аударуы қажет екендігін ескертіп отыр. Осы және өзге де мәселелер қазақ қоғамының да алдында тұр. Сондықтан мазмұны жағынан қазақ сайттары редакторларының конференциясы қазақ баспасөзі өкілдерінің форумынан бірде кем түспесі анық деген ойдамыз. Азматтардың алқалы отырысына сәттілік тілей отырып, конференция барысы туралы жалпы мәліметті беруді жөн санадық (Конференция қортындысы алдағы күндері Abaia.kz ақпараттық порталында толық жария көреді).
КОНФЕРЕНЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
Ұйымдастырушылар:
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы
«Аbai.kz» ақпараттық порталы
«Аlash-orda.kz» ақпараттық порталы
«Мinber.kz» журналистерді қолдау орталығы
Конференцияның өтетін орны:
Астана қаласы, Қазмедиа орталығының ғимараты, Д.Қонаев көшесі 4, Үлкен мәжіліс залы, 5-қабат
Қазақ сайттары редакторларының конференциясының
БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана қаласы 22 қаңтар 2013 жыл
Қазмедиа орталығының ғимараты
Үлкен мәжіліс залы, 5-қабат
ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС
09.30 - 09.40
Қарин Ерлан Тынымбайұлы - «Нұр Отан» ХДП Хатшысы - кіріспе сөз
Сарым Айдос - «Абай-ақпарат» қазақ интернет кеңістігін дамыту қоры» қоғамдық қорының вице-президенті - кіріспе сөз
Қырықбаев Арман - ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі - кіріспе сөз
БІРІНШІ БӨЛІМ
09.40 - 10.50
«ҚАЗАҚ ИНТЕРНЕТІНІҢ ДАМУЫ: ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
- Қазақ интернетін дамытудың бағыттары мен шарттары
- Мемлекеттік қолдау туралы, мемлекеттік саясаттың басты бағыттары
- Қазақ тілді интернет кеңістік: контент және сапа менеджменті
- Қазақ тілді аудиториядағы краудсорсинг мәселелері
- Авторлық құқықтар мәселесі
- Авторлық және салалық (әдебиет, мәдениет, спорт және басқа да) сайттар мәселесі
Модератор:
Қуат Дәурен - «Абай.кз» ақпараттық порталының бас редакторы
Қатысушылар:
Сарым Айдос - «Абай-ақпарат» қазақ интернет кеңістігін дамыту қоры» қоғамдық қорының вице- президенті
Қалиянбеков Болат - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы
Қыдырма Айдос - «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы
Кенжеханұлы Рауан - «WikiBilim» қоғамдық қорының жетекшісі
Ахметов Қамбар - «BAQ.KZ» ақпараттық порталының редакторы
Жанарбек Матай - (АҚШ-тан скайппен байланыс)
ЕКІНШІ БӨЛІМ
11.20 - 13.00
ҚАЗАҚ САЙТТАРЫНЫҢ ДИЗАЙНЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУДІ ҚОЛДАУ, КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Қазақ интернетін коммерцияландыру мәселелері (процессинг т.б.)
- Қазақ тілді сайттардың дизайн мәселелері
- Іздеу сайттарында мақаланы арнайы бір тәртіппен жариялап, сол мақаланы іздеу сайттарында (SEO баптау) алдыңғы қатарға шығару
- Қазақ интернетін өлшеу құрылғылары (рейтинг сайттары)
- Техникалық құрылғылар және интернеттегі қосымшаларды пайдалану мәселелері
- Халықаралық және ғаламдық платформаларды Қазақстанға локализациялау мәселелері
Модератор:
Кенжеханұлы Рауан - «WikiBilim» қоғамдық қорының жетекшісі
Қатысушылар:
Асылбеков Нұрғиса - блоггер
Серікбай Ербол - «Сұрақ-Жауап» сайтының жетекшісі - редакторы
Горожанкин Константин - CNP Processing GmbH интернет процессорының бас менеджері, «AWARD.KZ Ұлттық интернет сыйлығы» қоғамдық қорының директоры
Бектұр Тимур - «IT-тірлік» ақпараттық-танымдық интернет журналының жетекшісі - бас редакторы
Еркімбай Асхат - «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы жанындағы Жаңа медианы зерттеу орталығының жетекшісі (АҚШ-тан скайппен байланыс)
Нұрланбекова Бекзат - Халықаралық IT университетінің өкілі
Шеризатұлы Ақытбек - Қытайдағы қазақ тілді сайттарының алғашқы құрылтайын ұйымдастырушы (Қытайдан скайппен байланыс (Шыңжан автономиялық округі)
ҮШІНШІ БӨЛІМ
14.30 - 15.30
«IT САЛАСЫНДАҒЫ ТЕРМИНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚАРІП МӘСЕЛЕСІ»
- Жаңа терминдер
- IT терминдерді қолдану мәселесі
- Қазақ сайттарындағы Латын қарпінің қолдану аясы
- Транслитерация бағдарламасының ортақ нұсқасын қабылдау мәселесі
Модератор:
Ерғали Серік - публицист, мәдениеттанушы
Қатысушылар:
Құрманбайұлы Шерубай - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары, терминолог
Жанай Нұрлан - «Жаңа-Ой Орталығы» сайтының жетекшісі
Біләл Қуаныш - «Қамшы» сайтының жетекшісі - бас редакторы
Нұрасыл Бүркіт - «Халық сөзі» газеті веб-сайтының үйлестірушісі, журналист
Ақыжанова Ақмаржан - Халықаралық IT Университеті Тілдер кафедрасының доценті, терминолог
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
15.30 - 16.30
«ЖАҢА МЕДИА МЕН ҚАЗАҚ ИНТЕРНЕТІ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ»
- Қазақ журналистикасы мен қазақ интернет журналистикасы
- Қазақ интернет журналистикасының негізгі бағыттары
- Қазақ интернетіндегі ақпарат берудің тәртібі, мәдениеті және этика мәселесі
- Қазақтілді интернеттегі ауызбіршілік пен ынтымақтастық туралы
- Қазақ интернет сайттарының ортақ қауымдастығын құру
Модератор:
Елгезек Ақберен - «Ұлт порталы» қоғамдық саяси интернет басылымының бас редакторы
Қатысушылар:
Кәпқызы Есенгүл - «Мінбер» ұлттық интернет газетінің жетекшісі - бас редакторы
Кенжебек Өркен - «Жақсы» ұлттық порталының үйлестірушісі
Сақ Қайрат - Л.Н.Гумилев атындағы журналистика факультетінің деканы
Уәли Берік - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары - баспасөз хатшысы, журналист
Қалиаждарова Шынар - Халықаралық IT Университетінің менеджмент және қоғамдық тәртіп кафедрасының оқытушысы
Қазақ сайттары редакторларының конференциясына
қатысушылардың тізімі
Пленарлық отырыстың спикерлері
1. Қарин Ерлан Тынымбайұлы, «Нұр Отан» ХДП Хатшысы
2. Сарым Айдос, «Абай.кз» ақпараттық порталының үйлестірушісі
3. Қырықбаев Арман, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің вице-министрі
Қатысушылар
4. Абылаев Сайлау Абылайұлы, «Қазақпарат» вебсайтының аға редакторы (www.inform.kz)
5. Аймағанов Жанат, Латынша әліпби жобасының авторы
6. Ақыжанова Ақмаржан Тасыбекқызы, Халықаралық IT университетінің Тілдер кафедрасының доценті, терминолог
7. Амангелді Жәнібек, (Бек Қараша) Блогер, тілші
8. Аманжол Дулат, «Қасым.kz» сайтының бас редакторы
9. Арыстанбеков Исламбек Төлендіұлы, Парламентаризм институтының аға сарапшысы
10. Асылбеков Нұрғиса, «Нұрғиса» блогының авторы (www.nurgisa.kz)
11. Ахметов Қамбар Жұмағалиұлы, «BAQ.KZ» ақпараттық порталының редакторы (www.baq.kz)
12. Әбу Тілеухан, «Қазақтелеком» АҚ бөлімше басшысы
13. Әжіғалиева Аида Тарасқызы, «KazTube.kz» бейне-порталының жетекшісі (www.kaztube.kz)
14. Әубәкір Арман, «Адырна» ұлттық этнографиялық порталының бас редакторы (www.adyrna.kz)
15. Байназаров Талғат, «Астанадағы Геогебра институты» сайтының (www.ggb.kz) және «Алгебра және геометрия пәніне арналған» сайттың жетекшісі (www.mathsmedia.kz)
16. Балажан Серғали, «BAQ.KZ» ақпараттық порталының жауапты редакторы (www.baq.kz)
17. Балбаев Сәкен, Қазақстан баспасөз клубының атқарушы директоры
18. Бектұр Тимур, «IT-тірлік» ақпараттық-танымдық интернет журналының жетекшісі - бас редакторы (www.it-tirlik.kz)
19. Битан Азамат, Блогер
20. Біләл Қуаныш, «Қамшы» сайтының жетекшісі - бас редакторы (www.qamshy.kz)
21. Валиев Арман, «VBCOM» компаниясының директоры (жарнама агенттігі)
22.Горожанкин Константин, CNP Processing GmbH интернет процессорының бас менеджері, «AWARD.KZ Ұлттық интернет сыйлығы» қоғамдық қорының директоры
23. Елгезек Ақберен, «Ұлт порталы» қоғамдық саяси интернет басылымының бас редакторы (www.ult.kz)
24. Елеусізов Еркін, «Алашорда» сайтының үйлестірушісі
25. Ерғали Серік, Публицист, мәдениеттанушы
26. Еркімбай Асхат, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы жанындағы Жаңа медианы зерттеу орталығының жетекшісі (скайппен байланыс)
27. Естаев Абзал Қуанышбекұлы, ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеттің төрағасы
28. Жанаев Айдарбек Жүнісбек, «Ел.кз» медиа жобасының шығарушы редакторы
29. Жанай Нұрлан, «Жаңа-Ой Орталығы» сайтының жетекшісі (www.zhanaoi.kz)
30. Жапек Мейрамхан Сағынқызы, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының веб-ресурстары бөлімінің бастығы
31. Жоямергенқызы Нәзия, «Түркістан» газетінің журналисі, белсенді интернет қолданушы
32. Жұмабай Мақпал, «Балапан» телеарнасының продюсері, блоггер «Макпал.Казжур.кз»
33. Жұмағұлова Анар, «КАР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серкітестігінің Beeline брендінің PR менеджері
34. Зиядин Дінмұхамед, «Киностан.kz» сайтының жетекшісі - редакторы (www.kinostan.kz)
35. Ижанов Илья, «Қазақ.ру» халықаралық қазақ серверінің әкімгері (www.kazakh.ru)
36. Карипов Бауыржан Серікұлы, «Қазақстан Заман» вебсайтының редакторы
37. Кәпқызы Есенгул, «Мінбер» ұлттық интернет газетінің жетекшісі - бас редакторы (www.minber.kz)
38. Кәкібаланов Серікқазы, «Қазақ.кz» блогының авторы - редакторы (www.qazaq.kz)
39. Кенжалин Жұмағазы, «Қазақ газеттері» ЖШС компьютер орталығының жетекшісі
40. Кенжебек Өркен, «Жақсы» ұлттық порталының үйлестірушісі (www.jaqsy.kz)
41. Кенжеханұлы Рауан, «WikiBilim» қоғамдық қоры (www.wikibilim.kz)
42. Қабаев Айдын, «Алаш айнасы» сайтының редакторы
43. Қадырбек Арман, «Ел сақшы» ұлттық порталының редакторы - журналист
44. Қайратұлы Бекен, «Намыс.кз» ақпараттық интернет порталының редакторы (www.namys.kz)
45. Қалиаждарова Шынар, Халықаралық IT университетінің электронды журналистика секциясының жетекшісі, оқытушы
46. Қалианбеков Болат Серікұлы, ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігі ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы
47. Қамал Ардақ, Халықаралық IT университетінің студенті
48. Қасым Шоқан Жанатұлы «Алаш» академиялық клубы сайтының авторы (www.alash-club.kz)
49. Қожабекова Назгүл, Қазақстандық баспасөз клубының редакторы
50. Қуат Дәурен, «Абай.кз» ақпараттық порталының бас редакторы (www.abai.kz)
51. Қуатбек Ерболат, «Қасым.kz» сайтының шеф- редакторы
52. Құрманбайұлы Шерубай, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары, терминолог
53. Құрметұлы Амангелді, «Жебе» ұлттық ақпараттық порталының редакторы
54. Қыдырма Айдос, «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы
55. Мақым Нұрберген, «Астана ақшамы» вебсайтының редакторы
56. Меделбек Руслан Орманбекұлы, «АЛАМАН» ұлттық спорт порталының бас рекдакторы (www.alaman.kz)
57. Мусаипова Айгүл, «7 арна» вебсайтының редакторы
58. Мусаипова Айгерім, «7 арна» вебсайтының үйлестірушісі
59. Мұқышев Мейрам Серікұлы, «Абырой» Қазақ мәдениеті мен тілін дамыту корпоративтік қоры, сайт редакторы
60. Нағиев Ізгілік, «45minut.kz» республикалық басылымының бас редакторы
61. Нұрасыл Бүркіт, «Халық сөзі» (www.halyksozi.kz) және газеті веб-сайтының үйлестірушісі, журналист
62. Нұрланбекова Бекзат Ерболқызы, Халықаралық IT университетінің 4-курс студенті
63. Нүрпейісов Әсет, «Қазақстан интернет қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры
64. Оқасов Олжас, «Спорт-сарап» сайтының жетекшісі - редакторы (www.sportsarap.com)
65. Омаров Асқар, Түркі академиясы президентінің орынбасары
66. Оңғарова Мейіргүл, «Massaget.kz» танымдық, ойын-сауық порталының редакторы (www.massaget.kz)
67. Оразов Аршат Мұратұлы, «КерекИнфо» еркін блогының (www.kerekinfo.kz), «Керек ньюс» латын қарпіндегі ақпараттар сайтының жетекшісі және «Аршат» блогының авторы (http://about.me/arshat/)
68. Отар Абай, «Нұр Астана» газеті сайтының әкімгері, журналист
69. Рожин Максим, «APEX Consult» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің медиа директоры (жарнама агенттігі)
70. Сабиров Шавкат Омарұлы, «Қазақстан интернет қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті
71. Сақ Қайрат, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетенің журналистика факультетінің деканы
72. Салыхова Бақытгүл, «Білімпаз» сайтының жетекшісі, ІТ маманы (www.bilimpaz.kz)
73. Сейітқажы Жанагүл, "Жігер" қоғамдық бірлестігінің төрайымы
74. Серікбай Ербол, «Сұрақ-Жауап» сайтының жетекшісі - редакторы (www.surak-zhauap.kz)
75. Солдатбай Ардабек «Шын» ақпараттық порталының жетекшісі - бас редактор (www.shyn.kz)
76. Тастамбеков Фархад, «Теріскей» сайтының редакторы (www.teriskey.kz)
77. Уәли Берік, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары - баспасөз хатшысы
78. Хамзаұлы Батыр, IT маманы
79. Шәріпбаев Алтынбек, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Жасанды интеллект институтының директоры, технология ғылымдарының докторы
Онлайн режимінде тікелей трансляция жүргізетін журналистер
80. Бөлесова Назым, baq.kz сайтының журналисі
81. Әбілова Айымгүл, bnews.kz сайтының журналисі
82. Макишева Ботагөз, bnews.kz сайтының журналисі
83. Оразбекова Айнұр, bnews.kz сайтының журналисі
84. Құлмағанбетова Диана, bnews.kz сайтының журналисі
85. Тоқтамұрат Кенжекей, bnews.kz сайтының журналисі
86. Сәдуақасова Айым, bnews.kz сайтының журналисі
87. Жуасбаев Бауыржан, baq.kz bnews.kz фототілшісі