Көші-қон комитеті қайта құрылып жатыр
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті құрылып, қайта жасақталып жатыр.
Сөйтіп, көші-қон комитеті өзінің о бастағы орнына қайтып келді. Әзірге комитетті кім басқаратыны, жұмыс бағдарламасы қандай болатыны белгісіз. Бірақ, үміт үлкен.
Үміт - қайта жасақталып жатқан көші-қон комитеті шетелдегі қазақ көшін бастапқы қарқынды жүйесіне салып, атажұртқа оралған қандастардың құжаттық, квоталық мәселелеріндегі олқылықтарды орнына келтіріп, көші-қон саласын қағазбастылықтан арылтар.
Шет қонып, қиыр жайлаған қазақты жалғыз Отан - Қазақстанға әкелу - стратегиялық саясат! Алайда, соңғы жылдары осы стратегиялық саясатқа сызат түсіп, көші-қон тоқырап, бертінгі бірнеше жылда көшіп келген ағайынның құжаттану мен квота алу мәселесі қиындап кеткені рас.
Абай.кз ақпараттық порталы көші-қон мәселесін ешқашан көзден таса қылмай әркез назарында ұстап келеді. Осы тұрғыда қазақ зиялыларының форумын ұйымдастырып, көші-қон мәселесін арнайы талқыға салып, билік орындарының назарына да ұсынған. Бұдан кейінде бұл мәселені жіті қадағалап отыратынымыз хақ.

Ендігі жерде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті кез келген мәселеде көші-қон саласындағы қоғамдық ұйымдар және жекелеген азаматтармен ақылдасып, бірлікте жұмыс істейді деген ниеттеміз!
Жаңадан жасақталып жатқан комитеттің ісі -шетелдегі әрбір қазақ баласының атамекенге оралсам деген арманының қанатына айналып, Отаным деп келген қандастың қамын күйттейді деп сенеміз!
Abai.kz тобы