«Ақ жол»: Алаш қозғалысының 100 жылдығын мемлекеттік және жалпыұлттық дәрежеде атап өту үшін Мемлекеттік комиссия құру қажет
Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Н. Ахметовтің атына жолданған «Ақ жол» партиясының Парламенттік фракциясының депутаттық сауалында осындай мәлімдеме жасалды. Фракция депутаттарының атынан сөз алған Мәжіліс депутаты Алмас Тұртаев «Ақ Жол» партиясының парламенттік фракциясы өткен жылы Алаш қозғалысының 95 жылдығының қарсаңында Алаш рухын ардақтауда әлі де атқарылмай жатқан істер көптігіне назар аударып, Үкімет басшысының атына сауал жолданғаны, оған Алашқа байланысты Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан бері істелген жұмыстар туралы хабардар еткен Премьер-Министр қол қойған жауап алынғанын еске салды. Қараша айының 23-інде «Ақ жол» партиясы осы датаға орай Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен «ХХ1 ғасырда Қазақстан қоғамын жаңғыртудағы «Алаш» қозғалысы идеяларының өзектілігі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізді. Осы конференцияның және Алматыда, бірқатар облыстарда жалғасын тапқан Алаш тақырыбына өткізілген әртүрлі жиындардың қатысушылары «Алаш» қозғалысының 100 жылдығын еліміздің өміріндегі аса маңызды тарихи оқиға ретінде бағалап, оның дайындығына Үкіметті, Парламентті, басқа да мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарды қазірден кірісуге шақырды.
Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Н. Ахметовтің атына жолданған «Ақ жол» партиясының Парламенттік фракциясының депутаттық сауалында осындай мәлімдеме жасалды. Фракция депутаттарының атынан сөз алған Мәжіліс депутаты Алмас Тұртаев «Ақ Жол» партиясының парламенттік фракциясы өткен жылы Алаш қозғалысының 95 жылдығының қарсаңында Алаш рухын ардақтауда әлі де атқарылмай жатқан істер көптігіне назар аударып, Үкімет басшысының атына сауал жолданғаны, оған Алашқа байланысты Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан бері істелген жұмыстар туралы хабардар еткен Премьер-Министр қол қойған жауап алынғанын еске салды. Қараша айының 23-інде «Ақ жол» партиясы осы датаға орай Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен «ХХ1 ғасырда Қазақстан қоғамын жаңғыртудағы «Алаш» қозғалысы идеяларының өзектілігі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізді. Осы конференцияның және Алматыда, бірқатар облыстарда жалғасын тапқан Алаш тақырыбына өткізілген әртүрлі жиындардың қатысушылары «Алаш» қозғалысының 100 жылдығын еліміздің өміріндегі аса маңызды тарихи оқиға ретінде бағалап, оның дайындығына Үкіметті, Парламентті, басқа да мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарды қазірден кірісуге шақырды.
Мәңгілікке ұмтылмайтын ұлт жоқ. Елбасымыздың Қазақстан-2050» Стратегиясын Қазақстан халқы зор қуанышпен қабылдадады. Бұл - аса маңызды тарихи құжат. Ұрпаққа жауапты - талап. Ұлттық интелегенция, олардың шығармашылығын қалыптастыруда, тіліміздің мәртебесі, экономикамызды дамытып, Елдігіміздің тұғырын көтеруде Елбасымыздың игілікті мақсаттарымен Алаш азаматтарының ниеттері арасында үлкен сабақтастық жатыр. Мемлекет Басшысы өзінің Жолдауында «Бабаларымыз тірі болу үшін бір болса, біз әрдайым ірі болу үшін бір болуымыз керек» деп тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат ететінімізді жариялады. Және оның ең басты шартын да атады: «Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз». Бұл ретте атқаруға тиіс міндетіміз - жасампаз және өміршең ұлт қалыптастыру жолында еңбек ету, осы мұратқа жеткізетін заңдық негізі қуатты, қоғамдық тетіктер (механизм) жасау. Соның бірі Алаш қайраткерлерін ардақтаудың деңгейін биікке көтеруді бұдан әрі кешіктірмеу. Алаш арыстарының рухын жас ұрпаққа сіңіру үшін, бұған үкімет кешенді түрде келіп, баса назар аударуы тиіс.
Уақыт тез өте шығады. Алаш қозғалысының 100 жылдығы да алыс емес. «Ақ жол» фракциясы осы ретте Қазақстан Республикасының Үкіметіне мынадай шараларды белгілеуді ұсынады:
1. Алаш қозғалысының 100 жылдығын мемлекеттік және жалпыұлттық дәрежеде атап өту үшін Мемлекеттік комиссия құру, сондай-ақ оған жалпымемлекеттік және аймақтық кешенді бағдарламалар даярлау ісін жүктеу.
2. Жас ұрпақты Алаш идеясымен кең ауқымда және жүйелі түрде таныстырып, оны отаншылдық рухта тәрбиелеу мақсатында Алаш қозғалысына қатысты архив құжаттарын, бірінші кезекте 1928-1932 жылдарға тиесілі ғасыр құжаты аталған «Алаш ісі» сот процестері материалдарын көп томдық түрінде жариялау ісі қолға алынғаны жөн.
3. Осы «Алаш ісі» сот процесімен тікелей байланысы бар келесі мәселе ол ХХ ғасырдың 20-50-ші жылдарында жүргізілген саяси репрессия материалдары. Қазақстан тарихында ұлттық саяси басқарушы топқа (элита) және шығармашылықтағы зиялыларға байланысты жүргізілген жаппай репрессиялау шараларының себеп-салдары іргелі зерттеу тұрғысынан әлі де болса жан-жақты толық ашылмаған күйінде қалып келеді. Қазақстандағы репрессия тарихы отандық тарихшы-ғалымдардың күшімен қорытылғаны дұрыс.
«Ақ жол» фракциясы осы мәселелердің аса маңыздылығын ескере отырып, Үкімет басшысынан алдағы қабылданатын нақты да кешенді шаралар жөнінде хабардар етуді сұрады.
«Ақ жол» фракциясы сайлауалды тұғырнамасын және сайлаушылар аманаттарын орындау бойынша жұмысын жалғастыра береді.
2013 жылдың 23 қаңтары, «Ақ жол» ҚДП-ның баспасөз қызметі
Abai.kz
Назар аударыңыздар!!!
«XXI-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы «XXI-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық байқауын өткізетінін хабарлайды. Шараның басты мақсаты «Алаш» қозғалысының шығармашылық мұрасын және принциптік көзқарастарын зерделеу және оны қазіргі заманғы Қазақстан қоғамына тарату болып табылады.
Байқауға қатысуға өз елінің тағдырына бей-жай қарай алмайтын, ұлты және саяси партияларға мүшелігіне қарамастан студенттер, жас ғалымдар және журналистер шақырылады.
Пікірсайыс екі кезеңнен, төрт номинация бойынша шығармашылық байқау пішімінде өткізіледі.
Номинациялар:
1. «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің мемлекет құрылысына және демократиялық құндылықтарға көзқарастары, олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі;
2. «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің экономикалық көзқарастары, олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі;
3. «Алаш» көшбасшылары жұмыстарындағы қазақстандық қоғамның әлеуметтік жаңғыруы, еуропалық жолмен дамуы мәселелері және олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі.
4. Бұқаралық ақпарат құралдарында ағымдағы жылда жарияланған жоғарыда аталған кез-келген тақырыптар бойынша үздік публицистикалық материал.
Кезеңдер:
1 кезең: жазбаша жұмыстарды (эссе, шығармалар) сырттай іріктеу.
Байқау жұмыстары 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады. Ұсынылатын жұмыстардың көлемі 12 беттен аспауы тиіс
Жұмыстарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін, байқаудың арнайы қазылар алқасы бір айдың ішінде әрбір номинация бойынша 10 үміткерден іріктеп алады, олар екінші, бетпе-бет кездесетін пікірсайыс кезеңіне қатысуға шақырылады.
2 кезең: 1-інші кезең жеңімпаздарының бетпе-бет пікірталастары. 1-ші кезеңнің қорытындылары шығарылғаннан кейін 3 айдың ішінде өткізіледі.
Бетпе-бет кездесетін пікірсайыстар барысында үміткерлер әр номинация бойынша баяндамалар жасайды, одан кейін бәсекелестерінің сұрақтарына жауап береді және сондай-ақ олардың баяндамаларын талқылауға қатысады. Пікірталастар әрбір номинация бойынша бөлек өтеді.
Пікірталастар қорытындылары бойынша әр номинациядан 2 үміткерден финалдық сатыға қатысу үшін іріктеліп алынады.
3 кезең: Алаш Орданың (Алаш үкіметінің) құрылғанына 96 жылдығы қарсаңында «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық конференциясы аясында өткізіледі.
2-ші кезеңнің жеңімпаздары барлық номинациялар бойынша баяндамалармен сөйлейді және сұрақтарға жауап береді. Талқылаудың қорытындылары бойынша байқаудың басты марапаттарының иегерлері анықталады.
Конференция материалдары жеке басылыммен жарияланатын болады.
Байқаудың жүлделік қоры 3 млн. теңгені құрайды.
Жалпыұлттық пікірсайыстардың жеңімпаздары мен лауреаттары үшін келесі сыйақылар белгіленеді:
- 1-ші кезеңнің лауреаттары (әр номинация бойынша 10 үздік жазбаша жұмыстар) - 25 мың теңгеден;
- 2-ші кезеңнің жеңімпаздары үшін (әр номинация бойынша 2 үздік үміткер) - 100 мың теңгеден;
- әр номинация бойынша Жалпыұлттық байқаудың жеңімпаздары үшін - 250 мың теңге.
2-ші және 3-ші кезеңдегі бетпе-бет пікірсайыстарға қатысуға шақырылғандар үшін іссапар шығындарын «Ақ жол» ҚДП төлейді.
1-ші кезеңге қатысу үшін байқау жұмыстары ««ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» белгісімен 010000 Астана қаласы, Сарыайшық көшесі, 11-үй, №5 кеңсесіне «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы Орталық аппаратының мекен-жайына немесе alash_akzhol@mail.ru электрондық поштамен жіберілсін.