Сенбі, 23 Қараша 2024
1648 0 пікір 24 Қыркүйек, 2022 сағат 16:00

Көпмәдениетті білім беру: Алматыны өнер мерекесі тербетуде

Қала күні тойланатын қыркүйек айы кіргенде Ару қала Алматының мәдени өмірі жаңаша тұс, ерекше мазмұн алып жанданып сала беретіні белгілі. Биылда өнер жәрмеңкесі қала халқымен қонақтарын айрықша рухани күйге бөледі. Спорттық, музыкалық шаралардың ауқымы кең, атқарылуы жан қуантарлық екені айтпасада түсінікті.

Қала әкімі Ерболат Досаев та үстел теннисінен WTT Contender Almaty жарысын көруге барды. Қазақстанда алғаш рет халықаралық ауқымдағы оқиға болған Contender сериясының турнирі 13-18 қыркүйек аралығында жаңа "ADD" үстел теннисі орталығында өтті.Сайысқа әлемнің 28 елінен 140 спортшы қатысуда. Олардың қатарында Олимпиада ойындарының жүлдегері және әлем кубогының жеңімпазы Дмитрий Овчаров (Германия), Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері қатысты. Қала әкімі Ерболат Досаев сондай-ақ халықаралық хоккей федерациясының президенті Люк Тардифпен және Қазақстан хоккей федерациясының басшысы Асқар Маминмен кездесті. .Алматыда 2027 жылы хоккейден әлем чемпионатын өткізу жайын талқылады.

18 қыркүйекте сағат 18:00-де Абай атындағы ҚазҰАОБТ-да 89-шы театр алдындағы маусымды ашатын "OPERALIA" гала-концерті өтті.

Шақырылған қонақтар: Филип Банжак танымал чехиялық баритон, қазақстандық танымал артистер мен Оңтүстік Кореяның белгілі орындаушылары: Майра Мұхамедқызы, Мейір Байнеш, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Laura Meenen – сопрано, Kim Se Yun – баритон, Kim Hye Jin – сопрано қатарлы әлемдік деңгейдегі опера әншілері қатысты.

Алматыда 24-25 қыркүйекте қала күнін мерекелеу аясындағы қорытынды іс-шара – Shai isheik Food Fest гастрономиялық фестивалі өтті.

Бағдарламада үлкендер мен балаларға арналған шеберлік сыныптар, ойындар, фуд-корттар, байқау аймақтары, ашық аспан астындағы кинотеатр, ойын-сауық алаңдары, концерттік шағын алаңдар және т. б. жоспарланған.

Мұндай елде жоқ ауқымды мәдени шаралардың халықтың мәдени өмірін байыту, рухани өресін көтеруді, болашақ ұрпақты өнерге баулу, эстетикалық талғамын қалыптастыру үшін ұйымдастырылатыны белгілі. Қала тұрғындарының көңілін көтеруден бөлек, жасампаздығын дамытуғада жан жақты жағдай жасалуда. Шығармашылық кеңістіктер – бұл шығармашылық маман иелерінің жобасын, идеясын жүзеге асыратын алаң.

Алматыда құрылған осындай кеңістіктің бірі Бәрібаевадағы «36-үй». Ол 2020 жылдың сәуірінде ашылды, ауданы 1,5 мың шаршы метр. Мұнда өнер, мәдениет, демалыс саласындағы жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылады.

«36-үй» қаланың барлық шығармашылық индустриясының өкілі үшін таптырмас орынға айналды. Бұл жерде көрме, концерт, вернисаж, театрлық қойылым, фестиваль, тәлімгерлік бағдарлама, бизнесті дамыту және т. б. 100-ге жуық іс-шара өтіп, 25 мыңнан астам адам қатысқан.

Шығармашылық кеңістіктің негізгі міндеті:

• Стартаптар үшін идеялар нарығын дамыту.

  • Инновацияларды құру және дамыту.
  • Қалалық орта мен әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту.
  • Қаланың туристік тартымдылығын арттыру.

Бұл ретте балалар да, болашақ ұрпақтардың көркемдік тәрбиесі шығармашылы да назардан тыс қалмаған. Оған нақты мысал ретінде осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған «Көп мәдениетті әлемдегі балалар мен кітаптар» атты ІІІ Халықаралық конгрессты атауға болады. Өнегелі шара 26-27 қыркүйекте Достық үйінде өтеді. Қатысушылар балалар арасында кітап оқуды насихаттау мәселелерін талқылайды, заманауи балалар әдебиетін орыс тілінен қазақ тіліне және керісінше аудару бойынша бірлескен жобаларды іске қосу туралы келіседі.

Ұйымдастырушылар Қазақстандағы балалар әдебиетін ілгерілету бойынша педагогтарды, кітапханашыларды, баспагерлер мен аудармашыларды біріктіруді, балалардың кітап оқуы мен  ұлттық әдеби мұраны сақтау мәселелерін талқылауды мақсат етеді.

Спикерлер: ғылым докторлары мен кандидаттары, балалар жазушылары, профессорлар мен филология мамандығының студенттері түрлі тақырыптарда баяндамалар жасайды. Олардың ішінде «Оқушыларды көркем әдебиетті оқуға ынталандыру жолдары», «Отбасылық оқуға кітап іздеу», «Балаларға арналған М.Мақатаевтың поэзиясы» және т. б. бар.

Конгресс бағдарламасында Әзірбайжан, Израиль, Италия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Жапониядан келген 150-ден астам қатысушы екі күн бойы онлайн және офлайн режимінде келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:

  • Балалар әдебиеті: болашақтың сын-қатерлері;
  • Балалық шақ мәдениеті және қазіргі қоғамның өмір салты;
  • Балалар кітаптарындағы ел мен халық тарихының көрінісі;
  • Кішкентайларға арналған балалар әдебиеті: жаңа тәсілдер мен форматтар;
  • Аударма айнасындағы балалар әдебиеті.

Іс-шараға Алматы қаласы білім басқармасының, республикалық кітап палатасының өкілдері, балалар кітаптарын шығарушылар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер мен қауымдастықтардың өкілдері қатысады.

Конгресті ұйымдастырушылар:

  • Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесі (Астана қ., Қазақстан)
  • Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы (Алматы қ., Қазақстан)
  • "Altair" балалар кітаптары академиясы (Алматы қ., Қазақстан)
  • "Мир через духовность" қоғамдық бірлестігі (Астана қ., Қазақ

2019 жылдың 3-4 қазанында Алматы қаласында «ALTAIR» балалар кітабының академиясы Қазақстандағы Жастар жылы мен ТМД-дағы кітап жылына арналған «Көпмәдениетті әлемдегі балалар мен кітаптар» I Халықаралық конгресін өткізген еді.

Конгресс Республикалық Достық үйі мен Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының алаңдарында өтті.

Іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесі қолдады.

Конгресстің негізгі бағыттары:

·       Көпмәдениетті білім беру кеңістігіндегі балалар кітабы;
·       Балалар кітаптарындағы ел мен халық тарихының көрінісі;
·       Балалар кітабы арт-объект ретінде.
Конгресс бағдарламасында Қазақстан ((Алматы, Нұр-сұлтан, Көкшетау, Семей қ.), Ресей Федерациясы (Мәскеу, Пятигорск, Нальчик, Грозный, Махачкала қ.), Венгрия, Түркия және Өзбекстаннан келген зерттеушілердің, оқытушылардың, жазушылардың баяндамалары мен сөйлеген сөздері мәлімделді.  Конгресс жұмысы кезінде Т. К. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессорлар-оқытушылар құрамының, докторанттарының, магистранттарының, студенттерінің ғылыми еңбектері мен әдеби шығармаларының, сондай-ақ қазақстандық авторлар ертегілерінің тұсаукесерлері мен көрмелері өтті. Сондай-ақ, Конгресс алаңында «Ертегіні суреттейік!» Халықаралық балалар байқауының жазба кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354