Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4319 1 пікір 25 Қаңтар, 2013 сағат 08:02

Сағат Жүсіп. Орыс тілді кейбір мақалдар мен қанатты сөздердің қазақы баламалары

Кеше ғана өткен қазақ сайттары редакторларының мәслиқатында спикерлер қатарында сөйлеген аудармашы, журналист Нұрғиса Асылбеков ініміз интернеттің жақсы жақтарын аша келіп, «осы кеңістікке қазақы құндылықты меңгерген аға ұрпақты келтірер ме еді, интернетшілердің сол аға буыннан ажырап қалу қаупі бар» дегендей мәселе көтеріп кетіп еді.

Өз басым сондай аға ұрпақ қатарынан көргім келетін буын өкілдері ретінде Сағат Жүсіп, Ғаббас Қабыш, Жұмаш Сомжүрек секілді ағаларды атағым келеді. Бұл кісілер қазақтың жоғын жоқтағанда ерінбей-жалықпай, саусақтарына да тыным бермейді.

Сағат ағамыз фейсбукте де отырады. Бірақ олардың қатары бәрібір сирек. Нұрғиса айтқан мәселе өзекті болып отырғаны аян. Аға-апаларымыз арамызда жүрсе екен, арқа сүйейтін аға ұрпақ көзден таса болмаса екен дейміз - мұнымыз жастар алдында ағасынудан, жауапкерліктен қашқанымыз да болмас, дұрысы - аға буынның ағалығына қанбай келе жатқандығымыздан болар. Бәрібір де солардың алдымызда болуын тілейміз, соларға алаңдаймыз, соларсыз қазақы құндылық қағыс қалатындай.

Аға ұрпақты кешегі конференцияға алдыра алмаған қысылтаяң жағдайға қынжылысымыз да бар.

Орайы келгесін, Сағат ағамыздың қаламынан, дұрысы «саусағынан шыққан» мына дүниесін жариялау арқылы аға әлеуетке ылғи да алаңдауымыз керектігін назарға тағы бір салғым келді.

Серік Ерғали, инет-мәслиқат қатысушысы

Орыс тілді кейбір мақалдар мен қанатты сөздердің қазақы баламалары

Үзінді

Из пушки по воробьям - Битке қанжар сұққандай;

Грызть гранит науки - Инемен құдық қазу;

Деньги не пахнут - Есектің артын жу да мал тап;

Запретный плод сладок - Иттің боғы дәрі болса, дарияға тышады;

Колосс на глиняных ногах - Ши аяқты таусоғар (алпауыт);

Медвежья услуга - Артық қыламын деп тыртық қылу;

Козел отпущения - Еркек тоқты құрбандық;

Отделить зерна от плевел - Күрішті күрмектен ажырату;

Отделить котлеты от мух - Етті бір бөлек, құртты бір бөлек;

Посыпать голову пеплом - Қос  құлақты бітеп алу;

Плясать под чужую дудку - Біреудің қуыршағы болу;

От великого до смешного один шаг - Зор болу мен қор болудың арасы бір-ақ тұтам;

Рукописи не горят - Хатқа түскен жазу отқа жанбайды;

С глаз долой - из сердца вон - Көзімнен таса -. көңілімнен тыс; Көзден кетсе, көңілден кетеді;

А воз и ныне там  (Каким ты был, таким ты остался) - Баяғы жартас, сол жартас; Таз қалпы;

Зуб за зуб, око за око - Қанға қан, жанға жан;

Из мухи делать слона - Түймені түйедей қылу;

Книга (тайна) за семью печатями - Жеті қабат сандықтың түбі; Жеті қабат жер астында;

О мертвых или хорошо или ничего - Өлгеннің жаманы жоқ, жаман деуге амалың жоқ; Өлгенді қадірлемесең де, жәбірлеме;

Шкура неубитого медведя  -  Қашпаған қашардың уызы;

Нет худа без добра  - Жаманды айтпай жақсы жоқ;

Взялся за гуж  - не говори, что не дюж  -   Шешінген судан тайынбайды;

В здоровом теле здоровый дух  -  Жаны саудың тәні сау;

У семи нянек дитя без глазу  -  Қойшы көп болса, қой арам өледі;  Қатын көп болса, қазанды ит жалайды;

Клин клином вышибают  -  Уды у қайтарады;  Батқан өгізді, өгіз шығарады;

Сердцу не прикажешь  - Журекке әмір жүрмейді;

Куй железо пока горячо  -  Темірді қызған кезде соқ;

Не все то золото, что блестит  -  Жылтырағанның бәрі алтын емес;

В ногах правды нет  -   Ақиқатты асығып айтпайды;

С миру по нитке  - голому рубаха  -  Көп түкірсе көл болар;

Ложка дегтя портит бочку меда -  Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді;

Кто старое помянет, тому глаз вон  -  Ескі өкпені еске алғанның, есі ауыссын;

Или грудь в крестах или голова в кустах  - Нартәуекел! Тіктім басты, не зор болайын, бола алмасам, қор болайын!

На миру и смерть красна  -  Топ алдында  жан беру де  абырой; Көппен көрген ұлы той;

Не лез поперед батьки в пекло  -  Атаңнан бұрын тозаққа жүгірме;

Голь на выдумки хитра  -  Жаны қысылғанның тәсілі  көп;

Дуракам закон не писан  -  Ақымаққа арнап заң жазылмаған;

Жизнь прожить  -  не поле перейти   -   Сүрген өміріңді,  жүрген жолыңмен өлшеме;

Кто к нам с мечом придет  -  погибнет от меча! -   Бізге семсерін суырып келгеннің ажалы семсерден болады!

Красота  -  это страшная сила!   -   Сұлулықты жеңер  күш жоқ!

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5270