Қазақтың Қажытайы қайтпас сапарға аттанды
Бүгін белгілі ақын, қазақ сөз өнерінің майталманы, этнограф - Қажытай Ілиясұлы дүниеден озды. Көненің көзіндей болып, бүгінгі ұрпаққа асылдың сөзін жеткізген марқұмның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесі ұшан-теңіз. Қажекеңнің жатқан жері жәннатта, топырағы торқа болсын!
Жүкел Хамай. Жалғыз әкемнен қалдырған, көздің жасын бұладым!
Оу, Қажекем, Қажекем!..
Сендей ерлер бар ма, екен?!
Бес күндік мына ғұмырда?!
Сендей де бір серісі
Бұл қазақта бар ма екен!..
Мәңігілеу мына ғұмырда
Серілерге қаза атқан
Құдайым менің соқыр ма?!
Жамбылға берген жүз жасты
Қимаған ОЛ да пақыр ма?!
Мен не дейін, Қажаға...
Артыңда қалған ұрпағың...
Руда тәтем, жұрнағың
"Қажытайым, қайда?",-деп
Сұраса, боздап не дейін?!.
Жалмауыз мына дүниең
Көз жасына тояр ма?..
Ботасы өлген боз інген
Бозарып бірге солар ма?!.
Құдай атқан ғұмырың!..
Жыладым-ау,
жыладым!..
Жалғыз әкемнен қалдырған
Көздің жасын бұладым!!!
Abai.kz
Сурет azattyq.org сайтынан алынды