Бейсенбі, 8 Қазан 2026
Саңлақ 4435 0 пікір 18 Қазан, 2022 сағат 13:26

Айзада Мүптілда Азия чемпионы атанды

Қазақстандық ауыр атлет Айзада Мүптілда Бахрейнде өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Бахрейн астанасы – Манама қаласында өтіп жатқан құрлықтық додада Айзада Мүптілда әйелдер арасында 87 келі салмақта сынға түсті. Қоссайыстың қорытындысымен ол 277 келіні (жұлқуда 120, серпуде 157 келі) бағындырды. Осылайша Азия чемпионы атанды.

Аталған салмақта қола медаль тағы бір қазақстандық Любовь Ковальчукке бұйырды.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Зульфия Чиншанло мен Асылжан Бектай чемпион атанды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 903
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1197