Бір аптаның ішінде 13 қалада жалдамалы пәтердің бағасы төмендеген
Крыша.кз талдау қызметінің мәліметіне сәйкес, Ресеймен шекаралас аймақтарда жалдамалы пәтердің бағасы айтарлықтай түсті. Соның ішінде Петропавл (-15.2 процент), Қостанай (-10.5 процент) және Орал (-9.6 процент) бар.
Ал Қонаев пен Таразда, керісінше, көтерілді. Алматы облысының орталығында +25.0 процент, ал Жамбыл облысының орталығында 0.9 процентке өсті. Басқа қалаларда бағалардың төмендеуі байқалады:
Алматыда – 0.01 процент;
Астанада – 8.0 процент;
Ақтауда – 2.2 процент;
Ақтөбеде -7.0 процент;
Атырауда – 3.8 процент;
Қарағандыда – 6.0 процент;
Павлодарда – 5.4 процент;
Шымкентте – 1.2 процент;
Көкшетауда – 8.9 процент;
Түркістанда – 0.6 процент.
Abai.kz