Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 2698 0 пікір 24 Қазан, 2022 сағат 13:35

Қазақстан VS Өзбекстан: LG Electronics қайда барады?

Samsung Ташкенттің Артель заводындағы өндірістік қуаттын арттырмақ. Демек, LG үшін Артельдегі линиялар жеткіліксіз болатыны анық. Онда LG Electronics - Алматы түбіндегі өз өндірісін қайта жаңғыртуы мүмкін.

LG Electronics Ресейден кетті. Мәскеу түбіндегі өз портфеліндегі ең ірі зауытын жабуға мәжбүр болып отыр. Мәскеудегі зауыт OLED теледидар, үй кинотеатрлары, мониторлар, тоңазытқыштар, кір жуғыш машиналар мен басқа да керек-жарақтарды шығарып келді. Және 1500 адамды жұмыспен қамтамасыз етті.

Қазақстан LG үшін нарық ретінде қолайлы, себебі кредиттік, бөліп төлеу өнімдері жақсы дамығандықтан азаматтардың төлемқабілеттілігі жоғары деңгейде. Әрі есімізде болса, LG бізде өндіріс ашып, зауыт салған еді. 1998 жылы LG бізде алғаш рет теледидар құрастырып, оған президент Назарбаев маркермен қолтаңба қалдырған болатын. Біздегі зауыт теледидар мен кір жуғыш мәшинелер құрастырып жүрді. 3 жыл бұрын осы зауыт жұмысын тоқтатты.

LG өндірісінің қайта жандануы біздің экономикамызға салық және жұмыс орны бойынша жақсы серпін бере алады. Және ол Алматы өңірінің аймақтық ішкі өнімін жақсартатыны анық.

Парламент мақұлдаған республикалық бюджет жобасына сай бізде 3 өңір донор болып бекітілді. Олар Алматы, Астана және Атырау облысы. Осы үш өңір 2023 жылы бюджетке 426 миллиард теңге тауып беруі тиіс.

Айбар Олжаев

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5324