Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2731 0 пікір 1 Ақпан, 2013 сағат 09:42

Арнайы экономикалық аймаққа жерді жалға берудің ар жағында не тұр?

Сенаторлар жекеменшік жер учаскелерін жалға алу ар­қы­лы арнайы экономикалық аймақтарды құрып, тер­ри­то­рия­сын кеңейту бастамасын ма­құлдады. «ҚР арнайы эко­но­микалық аймақтар ту­ра­лы» Заңға өзгерістер мен толық­ты­руларды енгізуді көздейтін қау­лыға сәйкес, арнайы эко­но­­микалық аймақтарды құру, я болмаса, кеңейту кезінде же­ке­меншік жер учаскелері жал­ға алынады. Ал ол жердің ие­сі сан алуан жеңілдіктерді пай­да­­­лана отырып, өз кәсібін аша ала­­ды. Бұл бастаманың тағы бір «қазақи» жолы бар. Арнайы эко­но­микалық аймаққа өз жерін жал­ға берген азамат түк істемесе де болады. Себебі оның есеп-шо­­­тына онсыз да қыруар қаржы  құ­йылып тұрады.

Сенаторлар жекеменшік жер учаскелерін жалға алу ар­қы­лы арнайы экономикалық аймақтарды құрып, тер­ри­то­рия­сын кеңейту бастамасын ма­құлдады. «ҚР арнайы эко­но­микалық аймақтар ту­ра­лы» Заңға өзгерістер мен толық­ты­руларды енгізуді көздейтін қау­лыға сәйкес, арнайы эко­но­­микалық аймақтарды құру, я болмаса, кеңейту кезінде же­ке­меншік жер учаскелері жал­ға алынады. Ал ол жердің ие­сі сан алуан жеңілдіктерді пай­да­­­лана отырып, өз кәсібін аша ала­­ды. Бұл бастаманың тағы бір «қазақи» жолы бар. Арнайы эко­но­микалық аймаққа өз жерін жал­ға берген азамат түк істемесе де болады. Себебі оның есеп-шо­­­тына онсыз да қыруар қаржы  құ­йылып тұрады.

Осындай «өзгерістерді» Парламент Сенатына ин­дус­трия және жаңа технологиялар вице-министрі Аль­берт Рау «арқалап келді». Оның айтуынша, арнайы эко­номикалық аймақтар үшін өзінің жекеменшік жерін жал­ға берген азаматтарға барлық жағдай жасалады. Атап айтқанда, жердің иесі жалпыға бірдей ережелерге сәй­кес, өзінің инвестициялық жобасын бастап, жеке кә­сібін жүргізе алады. Ал оны істегісі келмесе, арнайы экономикалық аймақты басқарушы компанияға өз жерін жалға беріп, табыс көре алады. Ол үшін екі жақты келісімшарт рәсімделеді. Сондай-ақ арыз беруші азамат (жер учаскесінің иесі - авт.) қаржыландырудың бірнеше әдісін таңдап, оның барлығын бірдей пай­да­лана алады. Вице-министрдің сөзіне қарағанда, осы іс­петті өзгерістер мен толықтырулар арнайы эко­номикалық аймақтар үшін жекеменшік жер учаскелерін мем­лекеттің иелігіне сатып алған кезде бюджет шы­ғындарын азайтуға мүмкіндік береді. «Бұдан басқа біз мем­лекеттік - жекеменшік әріптестігінің тиімді ме­ха­низмін қалыптастырып, арнайы экономикалық аймақтардың инвестициялық әлеуетін көтере аламыз», - дейді А.Рау.

Ерлан БОҚАЕВ, «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы басқармасының маманы:

- Шынымды айтсам, біз ол өзгерістер туралы естіген жоқпыз. Алайда, заңға сәйкес, арнайы эко­номикалық аймақтардың жері жекеменшіктің ие­лігінде болмауы тиіс. Ондай жерлер таза мемлекеттің мен­шігіне кіреді. Депутаттар осыны өзгерткен болуы ке­рек. Дегенмен қазіргі кезде республика бойынша то­ғыз арнайы экономикалық аймақ бар емес пе? «Ас­тана - жаңа қала» арнайы экономикалық ай­мағы болса, мемлекеттік құрылым болып саналады. Сон­дықтан біз мемлекеттік жерді инвесторларға жалға беріп, тиісті нысандарды салуды талап етіп отырамыз. Ал басқа арнайы экономикалық аймақтарда акционерлік қоғамдар құрылады да, жер - жалға, одан кейін субарендаға беріледі.

Мейрам БАТЫРГЕЛДІ, Астана қаласының тұрғыны:

- Шынымды айтсам, ондай заңдар біреулердің мүддесі үшін жазылатын сияқты. Мәселен, мен арнайы эконо­ми­калық аймақтар туралы заңға бүгінгі өз­ге­рістер мен толықтырулардың енгі­зі­летіндігін алдын ала білгенде сол ма­ңайдан жер сатып алып, оның маған қа­рай жақындағанын күтпеймін бе?! Осы­дан кейін ол жерді жалға беріп, ақша алып, үйде тып-тыныш жатпай­мын ба?!

Негізі, арнайы экономикалық аймақтар үшін жекеменшік жерді жалға алу сияқты бастаманы депутаттардың өздері өткен жылы көтерген болатын. Бірақ сол кезде А.Рау онымен келіспеген. «Енді сіз ол өзге­ріс­терді өз атыңыздан ұсынып отырсыз. Сонда бір жылдың ішінде депутаттардың шешімі дұрыс болып шыққан ба?» - деп сұ­рады сенатор Ерлан Нығматулин. Вице-министр ол өзгерістермен әу баста келіс­ке­нін, бірақ оны енгізу тетіктерінің бол­ма­ғанын алға тартып ақталды. Е.Нығматулин оны­мен қоймай: «Сіз осыдан он күн бұрын біз­дің алдымызда еліміздегі арнайы эко­номикалық аймақтар бойынша бюджеттік қа­ражатты тиімді жұмсауға қатысты толық есепті ұсынуға уәде бергенсіз. Алайда ол сөзіңізде тұрмадыңыз. Сондықтан мына мә­селені анықтағым келіп отыр, осы уа­қытқа дейін арнайы экономикалық ай­мақтарға 480 млрд теңгенің бюджеттік қа­ражаты салынды. Ол қаржы қалай ба­қыланады?» - деп тағы бір сұрақ қойды. А.Рау оған да тұшымды жауап бере ал­ма­ды. «Енді бүгінде әрбір аймақ бойынша табыстың деңгейі әртүрлі болып келеді ғой. Айып етпеңіз, біз ондай ақпаратты жа­қын арада ұсынатын боламыз», - деді вице-министр.

Депутат Қуаныш Айтаханов болса еліміздегі арнайы экономикалық аймақ­тар­дан түсіп жатқан табыстың тым мар­дым­сыз екендігі туралы айтып отыр. Оның хабарлауынша, қазіргі кезде Қазақ­стан­дағы тоғыз арнайы экономикалық аймақта 470 заңды тұлға тіркелген. Олардың ин­фрақұрылымдық жүйелерді салуына мем­лекет тарапынан 94 млрд теңге бөлінген.  Осы уақытқа дейін аталған өндірістік ай­мақтарға 350 млрд теңге көлеміндегі ин­вестициялар тартылды. Демек, респу­бли­калық бюджеттен бөлінген 1 теңгеден 3,7 теңге пайда түсті. «Ал бір арнайы эко­но­микалық аймаққа тартылған бір жыл­дық инвестицияның көлемі 19 млн АҚШ долларын құраған. Бұл көп пе, аз ба? Бір қарағанда, дұрыс сияқты. Дегенмен басқа елдермен салыстырып көрейік. Мә­селен, Польшада ол көрсеткіш - 429 млн доллар, бізден 22 есе көп. Филиппиндерде - 207 млн АҚШ доллары (11 есе артық). Бүгінде барлық арнайы экономикалық аймақта тір­келген 470 заңды тұлғада небәрі 3,6 мың жұмыс орны ашылды. Демек, әрбір кәсіпорынға тек 7,6 жұмыс орнынан ғана келеді», - дейді Қ.Айтаханов.

Сенаттың кешегі отырысы барысында арнайы экономикалық аймақтар үшін же­кеменшік жер учаскелерін жалға алу бағасы туралы ештеңе айтылмады. Деген­мен барлық депутат «Қазақстан Республи­ка­сындағы арнайы экономикалық ай­мақ­тар туралы» заңға өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізуді көздейтін заң жо­басын бір ауыздан мақұлдады.

Автор: Арман АСҚАР, Астана

"Алаш айнасы" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349