Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 1942 0 пікір 24 Қазан, 2022 сағат 18:35

Республика күніне орай журналистер арасында шағын футболдан Majilis cup – 2022 турнирі басталды

Бүгін Парламент Мәжілісінің ұйымдастыруымен Астана қаласында шағын футболда БАҚ өкілдері арасында республикалық турнир басталды. Жарыс Республика күніне арналып отыр.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың бірінші отырысында Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынған болатын.

Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт министрліктерінің басшылары, сонымен қатар Астана қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.

Республикалық турнирді Мәжіліс төрағасының орынбасары П. Казанцев ашып берді. Вице-спикер жарысқа қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, мұндай турнирдің алғаш рет ұйымдастырылып отырғанын айтып, сәттілік пен жеңіс тіледі.

— Республика күні мерекесінің әрбір қазақстандық үшін маңызы ерекше. Бұл күн  ел егемендігінің бастауы болды.  Бүгін осы мерекеге орай жарыс өткізіп отырмыз.  Депутаттар корпусы мен журналистер халықтың мәселесін бірге көтеретін,  күнделікті өмірде белсенді жұмыс істейтін одақтастар,  —     деді вице-спикер.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д. Қыдырәлі сөз сөйлеп, Республика күні қарсаңында ұйымдастырылып жатқан іс-шараның маңыздылығына тоқталды.

— Арайлы азаттығымыздың, тұғырлы тәуелсіздігіміздің символы болған Республика күнімен құттықтаймын. Осындай ұлы мереке қарсаңында турнирді ұйымдастыруға бастамашылық жасаған Мәжіліске, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановқа алғыс білдіремін.  Біз журналистер қауымы жарыса отырып, жарасамыз. Доп таластыра отырып, табысамыз. Бүгінгі турнир достықтың белгісі болады, – деді Д.Қыдырәлі.

Республикалық турнирге Атырау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстары мен Астанадан келген 20-дан астам журналистер командасы, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары мен қызметкерлері қатысуда.

Турнир елордамыздың «Астана-Арена» стадионында өтіп жатыр.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322