Жұма, 29 Наурыз 2024
Міне, көрдің бе? 2204 1 пікір 26 Қазан, 2022 сағат 12:21

Ши төрағаның үшінші бесжылдығы

Өткен жексенбі, қазанның жиырма үші күні, Қытайдың алдағы бесжылдағы мемлекеттік басшылық құрамы, саяси бағдары айқындалған Қытай Коммунистік партиясының жиырмасыншы сиезі аяқталды.

Ши төраға Дың заманынан қалыптасқан ережені бұзып, үшінші рет мемлекет төрағасы болып сайланды. Қытай басшысын алғашқы болып, соңғы айларда ядролық сынақты жиілеткен Солтүстік Корей басшысы Ким Чен Ын, Петр патша болғысы келетін Путин құттықтады. Тізімді Қытайдың Африкадағы дос мемлекеттері, Араб елдері, өзіміздің Өзбекстан бастаған «стандар» толықтырды. Еуропадан Венгрия президенті мен Чехияның коммунистік партиясы сияқты саяси, қоғамдық ұйым басшылары бар. АҚШ-тың ресми тұлғалары: «Америка мен Қытай қатынасы Демократиялық партия мен Республикашылдар партиясының Қытайға ұстанған позициясына емес, Қытайдың АҚШ-қа ұстанған позициясына байланысты құрылады», - деді.

Айтса айтқандай Ши төраға кезекті баяндамасында бұрын көп дәріптейтін «өзара ынтымақтастық», «бейбіт бәсеке» сөздерін ауызға алмаған. Керісінше қауіпсіздік сөзін елу рет қайталаған. Сондай-ақ ішкі ауызбіршілік сөзін де көп рет тілге тиек еткен. Сарапшылар бұл Ши төрағаның жалғастыра билікте қалуының оңайға түспегенін көрсетеді, Бұрынғы мемлекет басшысы Ху Жин Таоның алдыңғы мінберден күштеп шығарылуы соның көрінісі дейді. Қытайдың өз ішінде биліктің жаңа құрамынан түңіліп жатқандар көп екен. Личиаң, Сайши, Диңшуешиаң – үшеуі Ши Жин Пиң Жыжиаң өлкесін басқарып тұрғандағы орынбасарлары екен. 20 миллоннан астам халқы бар Шанхай қаласын екі ай қатаң карантиде ұстаған Личиаң Ши төрағадан кейінгі екінші тұлғаға айналса, Бейжің қаласында алдағы бес жылда карантинің күшін жоймаймыз деген Сайши мемлекеттің идеологиясын қолға алмақ.

Сарапшылар экономиканы шемішкеше шағатын үкіметтегі қазіргі басшылық құрамның сүзгіден өтпей, олардың орнына экономикадан хабарсыз, саяси белсенділігімен жоғары лауазымға қонжиғандар коронавирус кесірінен тұралаған Қытай экономикасын кері кетіруі мүмкін дейді. Құрылтай жабылғаннан кейін Қытайдың Алибаба қатарлы ірі компанияларының Нью-Йорк, Гонконг биржасындағы акциялары 20 пайызға дейін құлдыраған. Юанның долларға шаққандағы бағамы 2008 жылғы қаржы дағдарысы кезіндегі шамаға жеткен. Қытайдың жылжымайтын мүлік нарығы да құлдырап, миллион долларлық үйлер үштен біріне дейін арзандаған.

Ши төрағаның билікте қалуы, жаңа билік құрамының бүтіндей оның ең сенімді серіктерінен құралуы – ел экономикасына да, саяси атмосферасына да сенімді азайтып тұр екен.

Есбол Үсенұлы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3593