Жұма, 22 Қараша 2024
2158 1 пікір 26 Қазан, 2022 сағат 15:40

Қазақстанда мереке күні кем дегенде бес белсенді ұсталды

Астана мен Алматыда Республика күнінде кезектен тыс президент сайлауына қарсы жоспарланған митинг алдында кем дегенде бес адам ұсталды. Бұл жөнінде Азаттық пен Vlast.kz хабарлады. 

Алматыда Ғалымдар үйі алдындағы алаңда Әсет Әбішев, Айдара Сыздықова және Қанатхан Әміренов ұсталды.

Ал Астанада екі адам – Венера Жаңабаева мен тағы бір әйел ұсталды. Митинг өтеді деп жоспарланған Жеңіс даңғылын Республика күні темір қоршаумен қоршап, арнайы жасақ келіп күзетіп тұрды.

Акция өтеді деген жерге бақылаушы ретінде келген адам құқығы бойынша бюроның Астанадағы бөлімшесінің басшысы Артур Алхастовтың сөзінше, мүмкіндігі шектеулі белсенді Ермек Бекешов "жедел жәрдем көлігінде отырған, оны көліктен түсірмеген".

Митинг өткізетіні туралы Астана әкімдігіне хабарлаған белсенділердің көбі саябаққа келмегені байқалды. Соның бірі, марафоншы Марат Жыланбаевпен хабарласу мүмкін болмады. Бұған дейін митинг өтетінін хабарлаған Астана белсендісі Әсия Бақаева кешеден бері үйін белгісіз адамдар торуылдап жүргенін хабарлады. Қамалудан қауіптенген белсенді үйінен шыға алмай отырғанын айтты.

Бұған дейін Астана және Алматы белсенділері 25 қазанда Астанадағы Жеңіс даңғылының бойындағы қаржы министрлігінің алдында және Алматыдағы Шоқан Уәлиханов ескерткішінің қарсы бетінде түскі 12-14 аралығында митингі өтетінін хабарлаған.

Тіркелмеген "Алға, Қазақстан" партиясының белсенділері мерзімінен бұрын өтетін сайлауды тоқтатуды және жаңа саяси партияларды тіркеуді талап етіп митинг өткізетіні жайлы мәлімдеген. Екі қала әкімдігі де рұқсат бермеген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5269