Дүйсенбі, 17 Қаңтар 2022
Жаңалықтар 1959 0 пікір 5 Ақпан, 2013 сағат 08:28

Естай Ерімбет. Саясат және махаббат

(әзіл әңгіме)

- Ұлттық партия құрылыпты.
Бұл сөз өзара отырған еркектерді түгел елең еткізді.
- Құрылды ма ақыры, Құрылған екен ғой, -десіп жатты.
- Иә, құрылыпты,-деді осы хабарды айтушы.
- Кім екен жетекшісі?
Еркектердің бәрінің көкейінде осы сауал тұр еді.Бірақ айтушының жауабынан кейін бір-біріне қарасты,барлығының жүзінде де "ол кім?"-деген сұрақ тұр. Өйткені бұл аталған есім саясат әлемінде мүлде бейтаныс есім еді.
- Жас жігіт пе өзі немене?-деп сұрады біреу.
- Жас дейтіндей жас емес, кемеліне келген, ақылы толысқан жан көрінеді - Бұл айтушының жауабы еді.
- Қай жақтың жігіті болды екен? Бұл сауалды еркектердің бәрі бірдей,бір ауыздан қойған еді. Мұның ар жағында "қай рудың жігіті болды екен?"- деген сауал да көлденеңдеп тұр еді. Дегенмен "әуелі облысын біліп алайықшы, сонан соң руы да өз-өзінен айқындала жатар" - деген ой бар еді. Бірақ айтушының жауабы еркектердің көңiлiнен шықпады:
- Оны ешкім білмейді.Өзінен сұраған екен: "Қазақ жерінің әр пұшпағы - менің туған жерім"-деп жауап беріпті. Еркектер "осындай да жауап бола ма екен?"-дегендей іштей қоңылтақсып қалды. Сонан соң "е,құрылса болды, әйтеуір" - деп үйді-үйіне тарасып кетіп еді.
Еркектердің ас үстінде әйеліне айтқан алғашқы жаңалығы да осы болды:
- Ұлттық партия құрылыпты.

(әзіл әңгіме)

- Ұлттық партия құрылыпты.
Бұл сөз өзара отырған еркектерді түгел елең еткізді.
- Құрылды ма ақыры, Құрылған екен ғой, -десіп жатты.
- Иә, құрылыпты,-деді осы хабарды айтушы.
- Кім екен жетекшісі?
Еркектердің бәрінің көкейінде осы сауал тұр еді.Бірақ айтушының жауабынан кейін бір-біріне қарасты,барлығының жүзінде де "ол кім?"-деген сұрақ тұр. Өйткені бұл аталған есім саясат әлемінде мүлде бейтаныс есім еді.
- Жас жігіт пе өзі немене?-деп сұрады біреу.
- Жас дейтіндей жас емес, кемеліне келген, ақылы толысқан жан көрінеді - Бұл айтушының жауабы еді.
- Қай жақтың жігіті болды екен? Бұл сауалды еркектердің бәрі бірдей,бір ауыздан қойған еді. Мұның ар жағында "қай рудың жігіті болды екен?"- деген сауал да көлденеңдеп тұр еді. Дегенмен "әуелі облысын біліп алайықшы, сонан соң руы да өз-өзінен айқындала жатар" - деген ой бар еді. Бірақ айтушының жауабы еркектердің көңiлiнен шықпады:
- Оны ешкім білмейді.Өзінен сұраған екен: "Қазақ жерінің әр пұшпағы - менің туған жерім"-деп жауап беріпті. Еркектер "осындай да жауап бола ма екен?"-дегендей іштей қоңылтақсып қалды. Сонан соң "е,құрылса болды, әйтеуір" - деп үйді-үйіне тарасып кетіп еді.
Еркектердің ас үстінде әйеліне айтқан алғашқы жаңалығы да осы болды:
- Ұлттық партия құрылыпты.

Еркектер осы сөзді бәрі бірдей,бір ауыздан айтқан еді.Тек оны әр үйде бөлек-бөлек отырғасын өздері байқаған жоқ. Әйелдердің де жауабы бір ауыздан, бірдей шықты:
- Құдай-ай, құрылса қайтейін, осы елде партиядан көп нәрсе жоқ емес пе, сол да таңсық дүние болып па?

Еркектер бұл жауапқа томсырайысып қалды. Алдындағы тамағын да ішпестен өкпелеген баладай дастарқаннан шегінісіп-шегінісіп кетті. Бірақ әйелдер жағы бұған қыңған жоқ.
- Ішпесең ішпе, мен үшін ішесің бе тамақты, қайдағы бір партияға бола қырсыққаны несі?- деп тамақты әкелген жағына қарай алып кетіп еді. Еркектер тамақ кетіп бара жатқан жаққа қарай мойындарын созып-созып қарасқанымен, еркектік намыстары ұстап, сыр бермей қалды.
Ертеңіне еркектер тағы да алқа-қотан жиналысып отырды.
- Әй, кешегі жігіттің қай жақтан екенін білдіңдер ме?

Сауал қоюшының осы сұрағы бәрінің де көкейінде тұр еді, айтушыға аңтарыла қарасты. Бірақ жауап та кешегіден өзгермеген еді: «Қазақ жерінің әр пұшпағы-менің туған жерім».
- Руы кім екен өзінің?

Еркектер бұо сұрақты да бәрі бір ауыздан, бірдей қойып қалғандарын байқамады. Бірақ айтушының жауабы тағы да ойлағандай болмады:
- Әлгі жігіттің өзі «руым да, ұлтым да - қазақ» - депті. Еркектер бұл жауапқа тағы да қанағаттанбағандай сыңайда танытты.
Ертеңіне айтушы өзді-өзі отырған еркектерге тың жаңалық айтты:
- Ұлттық партия сайлауға түсетін болыпты.
- А, түсетін болыпп па,түсетін болған екен ғой,-десіп еркектер бұған елеңдесіп қалды.
- Иә,түсетін бопты,"не бақ шабар, не бап шабар" - депті әлгі жігіт.
Еркектердің бүгінгі тамақ үстінде де әйелдеріне айтқан алғашқы жаңалығы осы еді:
- Ұлттық партия сайлауға түсетін бопты.

Бірақ әйелдердің де жауабы тағы да бірауыздан шықты:
- Құдай-ай, түссе қайтейін, сайлау көрмей жүрген жандай сөйлемеші осы, өтіп жатқан жоқ па не бір сайлау.
Еркектер бұл жолы үн-түнсіз отырып тамағын ішті.Сөйтті де бір тал шылымды ерінге қыстырып, әйелдеріне жонарқасын көрсеткен күйі шығып кетісіп еді...
Қызық оқиға осыдан бірнеше күн өткесін болды. Әйелдердің бәрі де әлдеқандай бір мекемеде жұмыс істейтін еді және жұмыстарын бүгінгінің заманауи құрылғысы - компьютермен жасаушы еді. Сол әйелдер жұмыс жасап отырған компьютердің бетіне кенеттен бір сурет шыға келсін. Әйелдер әлгі суретті көргенде "ах" десті, енді бірі "ох" десті, енді бірі "эх" десті. Суретте ханзада келбетті, нұр дидарлы, сымбатына сәні келіскен, тек ертегілердегі ғажайып кейіпкерлерде ғана болатын болмыс-бітімді жігіт күлімсіреп қарап тұр еді. Әйелдерді "ах" дегізгенде,"ох" дегізгенде,"ех" дегізгенде осы жігіттің ғажайып, өзгелерге ұқсамас көркі мен сымбаты еді. Әйелдер іле-шала суреттің астындағы жазуларға назар аудара бастады: «Ұлттық партияның жетекшісі. Партиясын сайлау додасына салмақ. Сол үшін орталық алаңда халықпен жүздеседі».
"Ах" дегендер жиырманың ішіндегі келіншектер ед. "Ох" деп қалғандар отызды орталап қалған келіншектер, ал "ех" дескендер қырықтың үстіне шыққан, өздерінің әлдебір отырыстарында сырттан қоңырау шалған әлдекімге "қыздар болып өзара отыр ек қой" дегенді көбірек айтып қалуға тырысатын жандар еді. Бұлардың бәрі де кезінде дүрия-дәурен бойжеткен шақты бастан өткізген, самал желмен сырласқан, жауын тамшысының үнінен әлдебір әсем ән тыңдағандай күйге түскен, албырт жүректері асау ағысты армандарға құлаш ұрған, сәл нәрсеге қуанған, сәл нәрсеге жұбанған, сәл нәрсеге мұңайған, сыршылдық танытқан жандар еді. Сол сыршылдық сәттерінде көз алдарына арман елесiндей болып әлдебір ханзада кейіптес жігіт бейнесі дөңгеленіп келе қалушы еді, сырға толы қыз жанын өзге ешкім емес,тек сол ғана ұғатындай қиял ханзадасына "келсеңші енді үздіктірмей"-деп наздана қараушы еді. Сонан соң тіршілік-дүниенің толассыз ағынында ханзадаға өкпелегендей күй кешіп, тұрмыс толқынының иірімінде кете барған еді. Тіпті бірте-бірте ханзада бейнесі көмескі тарта бастаған-ды...
Енді мына жігіттің ажары мен сәнді сымбаты "Құдай-ай, бір мәрте болса да көрсем ғой" - деп кезінде қиял кемесіне мінгізген сол ханзадаға көбірек ұқсап тұрды. Әйелдер іле-шала "өзім "ах" дегім келді, онда тұрған не бар екен?", " жай ғана "ох" дегім келді,"ех" дегім келді" - десіп ақталысып жатты. Ал қыздар жағы мүлде тілсіз қапты деседі.
Үзілісте әйелдердің әңгімесі ұлттық партияның құрылғандығы жайында болған еді. Бірақ бірде-бірі партияның көшбасшысы туралы сөз қозғаған жоқ, оған тіпті мән бермегендей сыңай танытты.
Қызық оқиға тағы да осыдан бірнеше күн өткесін болып еді. Еркектер таңертен, елең-алаңнан үстіндегі көрпелерін әлдекімнің жұлып-жұлып алғанынан оянған-ды. Әуелде "өз үйімде, өз шаңырағымда жатқанымда көрпемді үстімнен жұлып алатын бұл қандай батыр, мен ондай батырға бір көзімді ашып-ақ қарамаймын ба?"-десіп, бір көзін ашып, сығырая қарағанда, өз әйелін көрді.
Көрді де дүрсе қоя берді:
- Құлқынсәріден көрпемді жұлып алып не бәле көрінді, әлде таңертеңнен күйің келіп бара ма? - деді.Әйелдер бұл сөзге пысқырған да жоқ.
- Тұр, тұр! Сен содан басқа не білесің? Бүгін ұлттық партияның жиыны өтетін күн емес пе? Тұр, тұр! - деді. Еркектер мына сөзді естігенде кәдімгідей аузын ашып, таңданысып қалды. Сол ашылған ауызбен бірге жұмулы екінші көздері де қосыла ашылып еді. Еркектер енді төсек үстінде шоқиысып отырды.
-Әй, сен қашаннан бері саясат туралы әңгіме айтатын болғансың?

Бірақ әйелдер жағы бұл сұрақты жауапсыз қалдырды:
- Тұр,тұр! Таңғы асыңды әзірлеп қойдым, мен жуынып, таранып, киініп алғанша тамағыңды ішіп ал.
Еркектер енді телефон тұтқасына жүгірісіп, бір-біріне қоңыраулатты:
- Сендерде де солай болып жатыр ма? Біздің үйде де таңертеңнен "тұр,тұрласып" жатыр. Бұл "тұр,тұрдың" жанында Міржақыптың "Ояны" айналайын ба деп қалдым. Қой, таңғы асымызды ішіп алайық, - десіп тұтқаны орнына қойып жатты.
Еркектер таңғы асын ішіп, бір-бір шылымның басына су құйып тастаған сәтте әйелдер де дайын тұр еді. Күйеулерін қолтықтаған күйі көше-көшеге шыға-шыға келді. Сол-ақ екен көшенің бәрі қызылды-жасылды болып құлпырсын да кетсін. Ана үйден де күйеуін қолтықтаған күйі шығып келе жатқн әйел, мына үйден де күйеуін қолтықтп шығып келе жатқан әйел.
Егер дәл осы сәтте әлдеқандай шетелдің ұшағы әуемен өтіп бара жатса,оның ұшқышының мына көрініске аузы ашылып,таңданып қалар еді: "Ойбай, мыналарда не мереке өзі, әлде кеңес өкіметі қайта орнап кеткен бе, бұлардың сол кезде бірінші мамырда осындай қызылды-жасылды болып, шеруге шығатыны бар еді. Әлде азаттық алған күндері ме екен, олай болса неге Аяз Аталар менен шыршалар жоқ?"
Егер осы көріністі көшеде тамашалап тұрған адам болса, еркектердің мына сөзін естір еді:
- Көгершінім-ау, жай жүрші, қаздаңдап жеткізер емессің ғой тіпті. Әшейінде "жаңа алған туфлиым аяғымды қажады"- деп, ыңырсып, еркелейтінің бар еді. Бұған әйелдері былай дейді:
- Жүр, жүр, бассаңшы аяғыңды! Құдай-ау, бір қазақтың еркегі құсап қашан кеуделеріңді көтеріп, аяқтарыңды алшаң-алшаң басады екенсіңдер. Қашан көрсе де бүгежектейсіңдер де жүресіңдер. Жүр,жүр!
Егер осы бір келе жатқан жұптардың алдынан әлдебір қолында мылтығы бар адам шыға келіп:
- Тоқта! Қайт кейін! Әйтпесе атып жіберемін, - десе,әйелдер кірпігін де қақпастан "Кет, әрмен қиялымда болған ханзадамның әсем ажарына ұқсас келетін жігіттің жүзін бір көрмей кейін қайтқанша, оққа ұшып өлгенім артық" - деп ілгері ұмтылар еді. Оның үстіне "жүр, жүрлеп" күйеуін де жетектей кетер еді. Тіпті әлгі мылтықты адамның өзі де "ойбай, мына қатындарды мылтықтың үңірейген оқпанынан да қаймықтырмай тұрған қандай күш өзі?" - деп таңданысып қалар еді.
Сол жиында ұлттық партия көсемінің жетекшісінен партиялас серіктерінің бірі былай деп сұрапты деседі:
- Мырза, біз осы жылдар ішінде ұлттық мүдде тұрғысынан қаншама мәселелер көтердік, бірақ осыншама халықтың жиналып тұрғанын көргенім осы?

Сонда ұлттық партияның жетекшісі жымиып тұрып былай депті:
- Саясаттың аты саясат әрине, бірақ саясаттан да мықты нәрсе бар, ол-махаббат. Саясатпен айналысу үшін де ең алдымен өзіңе деген халықтың махаббатын оятып алуың керек.

Бұл сөзді біреулер қойын дәптеріне жазып қойысып жатты деседі. Кім біледі, бәлкім,ұлттық партияның жетекшісі бір қырдың басына шығып жатса, "сөзіңізді мен бірінші жазып қойып едім" - деуге керек те шығар-ау.

ABAI.KZ

0 пікір