Жұма, 22 Қараша 2024
1987 1 пікір 31 Қазан, 2022 сағат 14:11

Прокурор Хаменоваға 7 жыл жаза кесуді сұрады

Прокурор Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

“Халық үні” сайтының хабарлауынша, Атырауда Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысында тараптардың жарыссөзі басталды.

Мемлекеттік айыптаушы Лаура Асанова Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиевті (облыстық мәдениет басқармасының басшысы) 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сондай-ақ Хаменованың 14 жасқа толмаған баласының бар екенін ескеріп, жазасын үш жылдан кейін өтеуін сұрады. Ол уақытқа дейін пробациялық бақылау қоюды ұсынды.

Сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін Хаменованы қамауда ұстау туралы шешімді өзгеріссіз қалдыруды сұрады. Прокурор соттан Хаменоваға өмір бойына мемлекеттік қызметті атқару құқығынан айыруды сұрады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1453
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5257