«БЕЙЖІҢ САРАЙЫНДА» ТЫҢШЫЛАР ОТЫРҒАН ЖОҚ ПА? НЕМЕСЕ ҰҚК КІММЕН КӨРШІ...
Редакциямызға оқырмандар көп хабарласады. Хат жазатындар да аз емес. Газетіміз «Халық сөзі» аталғандықтан, халықтың мұң-мұқтажын бір айтса, осылар айтуы тиіс дейтін шығар. Біз де шама-шарқынша оқырмандарымыздың ой-пікірін, арыз-арманын айтылған жерде қалдырмай, «үй артында кісі барын» ескеруге тырысамыз. «Халық айтса қалт айтпайды» демей ме, газет беттеліп жатқанда редакциямызға хабарласқан оқырманымыздың ойын қаз-қалпында жариялауды жөн көрдік.
- Ало, бұл «Халық сөзі» ме?
- Иә, тыңдап тұрмыз.
- Сіздер Астанадағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қайда орналасқанын білесіздер ме?
- Сол жағалауда болуы керек, оның бізге қандай қатысы бар, ағасы?
- Ал жанында қандай ғимараттар бар екенін білесіздер ме?
- Министрліктер үйі, қарсысында Бас прокуратура... Кешіріңіз, сіз қауіпсіздік комитетін таба алмай жүрсіз бе?
- Жоқ, оның маңында қандай ғимараттар бар екенін мен жақсы білем. Сіздер біле ме деп сұрап жатырмын.
- Оу, ағасы...
- Жә, әлі түсінбей отыр екенсіз. Әсілінде, қауіпсіздік комитетінің маңында орналасатын нысандарға ерекше мән берілу керек еді. Яғни, шетелге қатысты ғимараттар біздің қауіпсіздік органынан алыс орналасуы керек-тін. Ал бізде ше?
- Иә, бізде қалай екен?

- Пекин палас қайда тұр? Таяқ тастам жерде. Комитетке де, Бас прокуратураға да. Үкімет үйі, министрліктер, Парламент те тиіп тұр.
- Яғни, мемлекеттік стратегиялық маңызы зор нысандардың қытай қонақ үйінің жанында тұрғаны дұрыс емес дейсіз ғой.
- Әрине, дұрыс емес.
- Тоқтаңыз, сонда Бейжің сарайынан тың тыңдалуы мүмкін дегенді айтпақсыз ба?
- Айналайын-ау, оны мен қайдан білейін, қазір солай деп айтсам, екі көзімді бақырайтып қойып, темір торға тықпай ма мені?! Жорамал ғой. Долбар. Оның үстіне ұшар басы айналып тұрады дей ме, айналаның барлығын шолып тұрмасын деңіз.
- Ә-ә-ә-ә. Жаны бар сияқты сөзіңіздің. Дейтұрғанмен, комитетте отырған жігіттер мұны білмейді емес шығар?! Тың тыңдатып қойып отырмайтын шығар?!
- Солай болса, солай шығар. Ондағылар сауысқаннан сақ болатындай жөні бар ғой. Ұшқан құс, жүгірген аңның аңысын аңдып отыруы да керек. Жұмыстары сол. Айтайын дегенім ол емес, бірақ. Дәл мынадай жағдай ешбір елде жоқ, меніңше. Қытайдың алып ғимараты қазақтың мемлекеттік маңызы бар нысандармен қоңсы жатқаны қай жағынан алғанда да дұрыс емес, онымен келісетін шығарсыз?!
- Ал келістік делік.
- Келіссеңіздер, осы сөзімді басыңыздар газетке. Менің сөзім емес, халықтың сөзі бұл.
- Аты-жөніңізді айтпадыңыз ғой.
- Аты-жөнімді жазбай-ақ қойыңыздар...
Оқырман ойын қағазға түсірген - Қ.ҚАЙСАР
"Халық сөзі" газеті