Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
Билік 2645 0 пікір 7 Қараша, 2022 сағат 12:58

Республикалық маңызы бар жолдардан 5 мыңға жуық ақау табылған

Жыл басынан бері республикалық маңызы бар күре жолдарда 4 мыңнан астам ақау жөнделген.

Биылғы жылдың 1 қаңтарынан 1 қарашасына дейінгі аралықта Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы республикалық маңызы бар автожолдардан 5 мыңға жуық ақау анықтады.

Республикалық маңызы бар автожолдардың ұлттық операторы («ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ) бүкіл ақаудың 81% (4 мыңнан астам) жойды.

Мәселен, ақауларды уақытылы жою жұмыстары Р-4 «Астана-Ерейментау-Шідерті», «Щучинск-Зеренді», «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы», «Семей-Қайнар», «Өскемен-Семей» және басқа күре жолдарда жүргізілді.

Қалған ақауларды биылғы жылдың соңына дейін жою жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ техникалық саясат және сапаны бақылау департаментінің қызметкерлері құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына тікелей жауапты техникалық қадағалау қызметтерінің жұмысын жобаның басынан бастап пайдалануға берілгенге дейін тұрақты негізде тексеріп тұрады.

Департамент қызметкерлері, атап айтқанда, сарапшылардың, зертханалық жабдықтардың және техникалық ерекшелікке сәйкес басқа да пунктерді қадағалайды.

Биылғы жылдың 11 айында техникалық қадағалау қызметіне салынған айыппұлдың жалпы сомасы 100 млн теңгеден асты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 421
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1548
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 393
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 369