Дүйсенбі, 28 Қыркүйек 2026
2472 0 пікір 10 Қараша, 2022 сағат 12:33

Министр: Генералдар құмар ойнап жүрген жоқ

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов казино ойнаған шенділерге қатысты түсінік берді. Оның айтуынша қазір әскери қызметкерлердің аты-жөні анықталып, тексеріс жүргізіліп жатыр.

"Олар қорғаныс министрлігі қызметкерлері емес – әскери қызметкерлер. Әрқайсысы бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Қорытындысына қарай шешім қабылданады",- деді министр.

Оның сөзінше, құмар ойын ойнаған әскери қызметкерлердің арасында жоғары лауазымды тұлғалар, генералдар жоқ.

"Бұлар орташа құрамдағы әскери қызметкерлер, жоғары лауазымдылары жоқ. Жоғары құрамдағылардың оған уақыты да жоқ, себебі біз әрдайым сыртта жүреміз, жұмыстамыз",- деді Руслан Жақсылықов.

Айта кетейік, бұған дейін 305 қазақстандық шенеуніктің казиноға 507 миллион теңге жұмсағаны белгілі болған.

Олардың ішінде  ішкі істер министрлігінің – 97, қорғаныс министрлігінің – 95, қаржы министрлігінің - 25, Жоғарғы соттың — 7, қаржы мониторинг агенттігінің — 15, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің — 3, сонымен бірге жергілікті атқару органының — 36 және өзге мемлекеттік органдардың 27 қызметкері болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1559
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3172
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1164
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1085