Сенбі, 23 Қараша 2024
Бұ не мазақ? 2762 1 пікір 11 Қараша, 2022 сағат 11:21

Алтынсаринды аласартқан кімдер?!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың күні кеше «Ескерткіштер қоя бергеннен гөрі, спорт және медицина нысандарын салуға баса назар аудару қажет. Бұл Атырау облысына ғана емес, бүкіл елімізге қатысты мәселе» дегені белгілі. Әрине ел басшысы бұл сөзді тектен-текке айтып отырған жоқ.

Ұлы Абайдың Өскеменге қоюға арналып жасалған ескерткішінің қызылдар көсемі Лениннен аумай қалғаны жұрт ашуын тудырса, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналып тұрғызылған қола мүсіні де көптің сынына ұшырап, қайта қалпына келтірілген. Ал рухани абыз Ақселеу Сейдімбектің биыл туған жеріне қойылған бейнесі тіпті елді ызаландырып, алынып тынған. Айта берсек әттеген-айлар аяқ алып жүргісіз. Ұлыларды ұлықтау шарасы – жемқорлардың мемлекет қаржысын талан-таражға салып, жемсауын толтыратын төте жолға айналғандай.

Сондай заңсыздықтардың бірін Алматыдағы білікті заңгерлерден құралған «Әділет жолы» қоғамдық ұйымы өздері жүргізген кезекті қаржы мориторг барысында анықтапты. Ұйым басшысы Бауыржан Мақұлбаев мырзаның айтуынша: Алматы қаласы мәдениет басқармасы 2021 жылғы маусымның 9- ы күні «Aspantau construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен Ыбырай Алтынсаринның ескерткішін тұрғызу жайында құны 68 миллион 750 теңге тұратын келісім-шарт жасасқан. (Мемлекеттік сатып алу заңының 3 п 39 ст сәйкес. Келісім-шарт нөмірі – 40).

Екі жақты келісім бойынша Алтынсарин ескерткішінің тұғыры – 350 см, қола мүсіннің биіктігі – 400 см, жалпы бикітігі – 750 см болуы тиіс еді. Аталмыш компания алаяқтыққа жол беріп, Алтынсарин ескерткішінің тұғырының биіктігін келісілген 350 см-ден 177 см аласартып, мүсінінің биіктігін 400 см-ден 350-ге түсірген. Салдарынан әйгілі ағартушының ескеткіші 7 жарым метр емес, 5 метр 27 см болып шыққан. «Арамзаның құйрығы бір ақ тұтам» дегендей әккілердің қитұрқы әрекеті қоғамдық белсенділердің қырағылығының арқасында әшкере болып отыр.

Құзырлы орындар президенттің сөзін жерге қалдырмай, қатаң шаралар қабылдайды деп сенеміз.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394