Қазақ тілі және вице-министр
Алматы облысында еліміздегі мал шаруашылығы дамыған Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында асыл тұқымды мал шаруашылығын өркендетуге өзіндік үлес қосып жүрген шаруашылық басшылары, ғалымдар мен жекелеген фермерлер және тағы басқа да аталған салаға қатысы бар қызметтердің жетекшілері, ауыл шаруашылығы министрлігінің «марқасқалары» бас қосқан республикалық-аумақтық семинар-кеңес өтті.
Соңғы кездері жиын сайын басы дауға қалғанымен, қылшығы қисаймаған қалпынан жаңылмайтын, өзі басқаратын саланың бүге-шігесін жете білмейтіндігін де жасырмайтын ауыл шаруашылығы министрінің орынбасарлары мен департамент басшылары да оңып тұрмағанын осы кеңесте толық байқадық.
Елімізде мал шаруашылығымен негізінен жергілікті халық - қазақтар айналасатынына қарамастан, өзінің жарты сағаттан астам уақытқа созылған баяндамасында және тағы басқа да түсіндірмелерінде бір ауыз қазаша сөз айтпағанын былай қойғанда, залда отырғандарға ана тілінде амандасуды да жөн санамаған вице-министр Гүлмира Исаева залдағы шаруалардың көңілдері толмағанын байқатып, қозғалақтағанын және еденді аяқтарымен ақырындап тепкендерін де елең қылмады.

Вице-министр ханым жиынды ашқан Алматы облысының әкімі мен басты баяндаманы жасаған оның орынбасарының қазақша майын тамыза айтқандарын жатқтырмағанын да ашық байқатып отырды. Басшыларының қабағын байқаған болар, Астанадан ере келген департамент, басқарма басшылары да қазақ тілін мазақ етті. Тоқт етерін айтқанда, бірнеше облыстың шалғай аудандарынан Талдықорғанға жақсы сөз естіп, жарым ырыс жинап қайтқысы келіп алып-ұшып жеткен шаруа адамдары жолға ақшаларын босқа шығындағындарын, астаналық шенеуніктердің өздерінен артық білмейтіндігін айтып, ана тілдерінің абыройы тағы да айрандай төгілгеніне назаланып қайтты.
Алмас Қылыш,
Алматы облысы.
ABAI.KZ