Бақытгүл Хаменова 7 жылға сотталды.

Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованы ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлімінің 2-тармағымен (Ірі көлемде пара алу) кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Сонымен қатар Бақытгүл Хаменова «Құрмет» орденінен айырылды.
Атыраудағы №2 қалалық сотта Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы 11 тамызда басталған болатын. Сот отырысында Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ.
Қазанның 31 күні өткен сот отырысында прокуратура өкілі Бақытгүл Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан, «Құрмет» орденінен айыруды сұрады.
Бүгінгі сот отырысында соңғы сөзін айтқан Бақытгүл Хаменова: «Менің бұл қылмыстық оқиғаға қатысым болған жоқ. Осы іс бойынша заңға сәйкес ақтау үкімі шығарылуы мүмкін», -деді.
Abai.kz