Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
1806 2 пікір 17 Қараша, 2022 сағат 14:42

Атырау облысына шетелден 252 отбасы көшіп келді

Биыл Атырау облысына шетелден 252 отбасы келіп қоныстанды. Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

"Биыл Атырау облысына шетелден 252 отбасы қоныс аударды. Елімізге оралған барлық отандастарымызға қандас мәртебесі берілді", - деді шетелдік жұмыс күшін тарту және көші-қон бөлімінің басшысы Мейрамбек Алдияров

Бұл мәртебені 311 адам алғаны атап өтілді. Тәуелсіздік алғаннан бері Атырауға барлығы 15 мыңнан астам этникалық қазақ оралды.

"Елге оралған этникалық қазақтарға осында қалып, азаматтығын алу үшін қандас мәртебесі бір жылға беріледі. Егер осы кезеңде олар ҚР азаматтығын алуға үлгермеген жағдайда, мәртебені бір мәрте алты айға ұзарту көзделген. Бүгінгі таңда тұрғын үй кезегінде 43 қандас тіркелген", - деді Алдияров.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2075
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4946
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4154