Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3135 0 пікір 12 Ақпан, 2013 сағат 10:28

Елеужан Серімов. Қызметтік әдеп әліппесі

Америка ашпаспыз, 5-6 адамнан тұратын кез келген мекеменің әр бөлімінде, сол бөлімнің отынымен кіріп, күлімен шығатын, барлық қара жұмысын істейтін бір итарқасы болады. Қалғаны соның атқарған жұмысымен күн көретіндер. Ісіңнің бітпей, кешеуілдей беретіні де содан. Аз-кем шаруаңды бітірудің өзі қиындық тудырады. Болмашы шаруаңды таудай қылуға, аяқ астынан күрделендіруге шебер-ақ. Жігеріңді құм қылар шенеуніктердің немкеттілігі көңліңді қонтараздатады. Осының түпкі сыры неде? Меніңше, соның бәрі де кәдуілгі адамдықты күйттейтін қызметтік әдепке барып тірелетіндей...

Америка ашпаспыз, 5-6 адамнан тұратын кез келген мекеменің әр бөлімінде, сол бөлімнің отынымен кіріп, күлімен шығатын, барлық қара жұмысын істейтін бір итарқасы болады. Қалғаны соның атқарған жұмысымен күн көретіндер. Ісіңнің бітпей, кешеуілдей беретіні де содан. Аз-кем шаруаңды бітірудің өзі қиындық тудырады. Болмашы шаруаңды таудай қылуға, аяқ астынан күрделендіруге шебер-ақ. Жігеріңді құм қылар шенеуніктердің немкеттілігі көңліңді қонтараздатады. Осының түпкі сыры неде? Меніңше, соның бәрі де кәдуілгі адамдықты күйттейтін қызметтік әдепке барып тірелетіндей...

Жалпы әдепке қатысты мәселелер қызметтiк әд­еп­тi­лiк­­тiң ада­мдық, адамгершiлiкке бейiмделген құқық нор­ма­ла­ры­нан ­ке­лiп­ туындайды. Қоғамдағы қалыптасқан жүйелi тәртiп ережелерiн құ­қық­ дер болсақ, ол құқықтық санамен тiкелей астасып жатыр. Құ­қық­тық са­на­­ны қалып­тас­ты­ратын түп негiз - құқықтық тәрбие. Құ­қық­тық­ сананы қа­лып­­тастыру үшiн ең­­ алдымен ұлттың құқықтық мәдениет құн­ды­лықтарын иг­е­ру­­ ләзiм. Де­мек, қызметтiк әдеп әлiппесi ұлттық салт­-дәстүрлер негiз бол­­ған құқық­тық­ тәрбиеден бастау алады. Қазақтың халық­ педагогикасындағы құ­­­қықтық нор­малардың тәрбиелiк мәнiн ашып, құқықтық мәдениет, құқықтық са­­на ту­ра­лы зерттей келе Әдiбай Табылдиев «Қа­зақ этнопедагогика­сындағы құ­­­қық тәрбиесi» атты еңбегiнде былай деп пай­ымдайды: «Ұл­ты­мыз­дың құ­қық­тық мәдениетi әдептiлiк ережелер мен заң­дар, кодекстер, жарғы­лар, қо­сым­ша бап­­тар арқылы қалыптасуымен қатар, хал­қымыздың қасиеттi бол­мы­сы­на сәйкес­­ салт-саналық өнегелi үрдiстерiмен ер­ек­шеленiп тұр. Жақ­сы әдет әдепке, әд­еп­­ дәстүрге, дәстүр әдет-ғұрыпқа, әдет-ғұрып салт-санаға ай­на­лып,­ заңды­лық­пен­ қалыптасып, құқықтық заң болып өмiр қолданысына ай­нал­ған. Әдет-ғұрып иг­i­лiктерi рәсiмдер мен рә­мiз­дерден, жөн-жо­рал­ғы­лар­дан,­ ырым-тыйымдардан кө­­рiнедi. Құқықтық мiндеттер, уәждер, борыш, парыз ұғымдары қазақ халқының әд­ет-ғұрпында құқықтық өмiр заңы болып сiңiсiп кеткен. Ол кез келген мем­ле­кет­тiк­ заң баптарынан әлдеқайда қуатты да құжырлы. Өйткенi қалып­тас­қан­ дәс­түр­лер мен салттар дара тұлғаның қажеттi түрде орындайтын ұж­дан­дық­ әр­е­кет­те­рiнiң көркем көрiнiсi» деп уәждейді. Сөз жоқ, аталған еңбегiнде ғалым құқықтық сананы тәрбиелеудiң ең түп­кi, бас­тау алар негiздерiне үңiлiп, оның берiк iргетасы отбасылық тәлiм-тәрбиеде қа­ланатынын зерттеп, осы iзгiлiк бастаулары кейiннен орта, жоғары мек­теп­тер­де жүргiзiлетiн пәндермен, қоғамдық заңдармен айқындала түсетiнiн­ мең­зейдi. Яғ­ни, бiз қарастырып отырған мәселеге қатысты қажеттi қыз­мет­тiк­ әдептiлiктiң нормалары ұлттық этнопедагогиканың қайнар бұлағында жат­қан­дығын талдап, талғап көрсетедi. Орнымен, орайымен айтыл­маса, сөз жетiм, ретi келгенде айта кететiн ойымыздың тобық­тай­ түйiнi мынаған сая­ды­: болашақ мемлекеттік қызметшілердің ертеңгi бейiндiк қызметiне қа­же­т­тi құқықтық кәсiби әд­еп­тiң төркiнi халқымыздың әдет-ғұрып, салт-сана­сын­да жатыр. Бұл болашақ қызметшілердің құқықтық әлiппесi деуге болатындай. Осы­ тұрғыдан келгенде, мой­ын­дайтын басы ашық келіссіз нәрсе - елiмiздiң болашақ ма­мандарды даярлайтын жо­ға­ры­ оқу орындарында, соның ішінде заң факультеттерiнде қа­зақ этнопедагогикасындағы құ­қық­ тәрбиесi әлi күнге дейiн жеке пән ре­тiн­де­ оқылмай келетiнi. Зайырлы, құ­қық­тық қоғамда ғұмыр кешетiн азамат­тар­ды­ құқықтық сана-сезiмге бала кез­ден­ баулып, жүйелi тәрбие беру үшiн не­бiр­ тағылымдылық-тәлiмдiк ақтұма көз­дерiн ашатын бұл пәннiң шын мән­iн­де­ берерi мол. Қоғам, азамат, табиғат тiр­лiгiндегi кемшiн қалып жатқан осал тұстарды бүтiндеуге қатысты айтылатын «бұ­лақ көрсең - көзiн аш» деген хал­қымыздың шынайы қағидасы нақ осындай жағ­даяттарға байланысты айтыл­са­ керек.

Осыдан аттай 15 жыл бұрын, яки 1998 жылы мемлекеттiк қызметшiлердi даярлаудың, қайта даярлаудың тиiмдiлiгiн арттыру мен олардың бiлiктiлiгiн көтеру мақсатында Елбасымыз «Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекет қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру институтын қосу арқылы Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Мемлекеттiк қызмет академиясы құрылсын» деген қаулы шығарған болатын.  Осы уақытқа дейін бұл академияның атқарған шаруасы қыруар шығар-ақ, әйтсе де онда қызметтік әдепті қазақтың төлтума этнопедагогикамыздағы құ­қық­ тәрбиесiнің мәселелерімен қарастылатынына күмәніміз бар. Белгілі қайраткер Әлихан Бәйменов дөңгелетіп отырған Мемлекеттік қызмет агенттігі ісінде кемшін түсіп жатқан тұстың бірі - әдеп мәселесі демекпіз. Кәдімгі күнделікті көріп жүретін қызметшілер әдебі. Ұлттық әдеппен қызметтік те әдіпті де әдіптейтін мезгіл жеткенін еске сала кеткіміз келеді.

Елеужан Серімов,

Қарағанды қаласы

ABAI.KZ

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383