Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2126 0 пікір 20 Қараша, 2022 сағат 14:36

Шетелдік байқаушылар: Сайлау учаскелерінің техникалық нормалары халықаралық талапқа сай

Бұл туралы шет мемлекеттердің байқаушылары Астанада өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазды BAQ.KZ.

"Шет мемлекеттердің байқаушылары ретінде келіп отырмыз. Біз бірнеше сайлау учаскесіне барып көрдік. Бәрі өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өткім келеді. Бұл сайлаудың Қазақстан үшін маңызы өте үлкен. Біз дауыс берушілер тарапынан жоғары белсенділікті байқадық. Белсенділіктің мұндай деңгейі олардың қолдауын білдіреді", - деп атап өтті Хорватия Республикасы Парламенті төрағасының орынбасары Даворко Видович.

Ал литвалық байқаушы сайлау барысында өзіне қызық болған жайттармен бөлісті.

"Сіздер заңдарыңызды өзгертіп, осы президент сайлауын өткізіп жатырсыздар. Президентті 7 жыл мерзімге сайлау – бұл жаңа демократиялық жаңалық. Біз өзара саясаткерлермен талқылау барысында мұның өте үлкен қадам болғанын айтқымыз келеді. Ешқандай заң бұзушылықты байқамадық. Алғаш рет дауыс беріп жатқан жандарды, отбасымен, кішкентай балаларын көтеріп, дауыс беріп, бюллетендерін салған азаматтарды көрдік. Опера және балет театрына келіп дауыс берген бұрынғы президенттеріңізді көру де қызық болды. БАҚ өкілдерінің жоғары қызығушылығын байқадым. Бүгінгі сайлау туралы жақсы әсердемін", - деді Литва Республикасы Сеймінің Экономикалық комитетінің төрағасы Казия Старкявичюс.

"Шетел байқаушысы ретінде және Молдова Парламенті делегациясының атынан елдеріңіздегі бұған дейінгі Парламент сайлауына қатысқанмын. Таңертеңнен бері 10 сайлау учаскесін аралап көрдік. Астана қаласындағы сайлау учаскелердегі техникалық нормалар елдегі және халықаралық заңдарға сай әрекет етіп жатыр. Адамдар учаскелердің қайда орналасқандығынан хабардар. Еріктілер де жақсы жұмыс істеуде. Волонтерлер қозғалысының мықты екенін байқадым. Эпидемияға қарсы шаралар барлық учаскелерде ескерілген", - дейді ТМД ПАА, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы Молдова Республикасы Парламенті делегациясының мүшесі Василь Боля.

Айта кетейік, ҚР шет мемлекеттердегі өкілдіктерінің жанынан 68, ал ел аумағы бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскесі құрылды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435