Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2604 0 пікір 13 Ақпан, 2013 сағат 08:17

Нұршат Төкен. «Ақжолдықтар» Алашқа қаншалықты еңбек етті?

Өз азат аспанында еркін қанат қаға алмаса қыранға серт. Тәуелсіз елім деп тебірене алмаса ерге сын емес пе. Оңтүстік ерледі. Алаш қозғалысының 95 жылдығына орай "Нұр Отан" ХДП мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметов қолдап, облыстық баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен Шымкентте "Алашорда. Желтоқсан. Тәуелсіздік" атты ғылыми-теориялық конференция өткізді. Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы Берік Уәли бастаған алашшыл азаматтардың құрастыруымен Алашорда туралы баяндамалар топтамасы оқырманға жетті. Республиканың өзге өңірлерінен жүрек жарды құттықтау, "бәрекелді" дескен жылы лебіздер естіп жаттық. Мәмбет Қойгелді, Амангелді Айталы бастаған зиялы қауым Шым шаһардағы жақсы бастамаға баяндылық тілеп қайтты. Жиынның ашылуында сөз алған  "Нұр Отан" ХДП-ның хатшысы Ерлан Қарин: "Бүгінде Қазақстан Тәуелсіздігінің басында Алашорда қозғалысы тұр. Сондықтан да оның 100 жылдық торқалы тойын атап өтуге дайындықты осы бастан қолға алу керек" деген болатын. "Алашорда" төңірегінде ылғи да кеш қимылдап жүретін "Ақжолдықтар" осы жылдың қараша айының ортасында Алашорданың 95 жылдығын атап өту туралы парламентте депутаттық сауал көтерген болатын. Дегенмен ұлт мәселесіне байланысты жеңіл-желпі қарауға болмайтын салмағы атан түйеге жүк болар аталы істі, бар жоғы бір жарым айда тындырып тастауға тәуекел еткені қызық-ақ.

Өз азат аспанында еркін қанат қаға алмаса қыранға серт. Тәуелсіз елім деп тебірене алмаса ерге сын емес пе. Оңтүстік ерледі. Алаш қозғалысының 95 жылдығына орай "Нұр Отан" ХДП мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметов қолдап, облыстық баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен Шымкентте "Алашорда. Желтоқсан. Тәуелсіздік" атты ғылыми-теориялық конференция өткізді. Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы Берік Уәли бастаған алашшыл азаматтардың құрастыруымен Алашорда туралы баяндамалар топтамасы оқырманға жетті. Республиканың өзге өңірлерінен жүрек жарды құттықтау, "бәрекелді" дескен жылы лебіздер естіп жаттық. Мәмбет Қойгелді, Амангелді Айталы бастаған зиялы қауым Шым шаһардағы жақсы бастамаға баяндылық тілеп қайтты. Жиынның ашылуында сөз алған  "Нұр Отан" ХДП-ның хатшысы Ерлан Қарин: "Бүгінде Қазақстан Тәуелсіздігінің басында Алашорда қозғалысы тұр. Сондықтан да оның 100 жылдық торқалы тойын атап өтуге дайындықты осы бастан қолға алу керек" деген болатын. "Алашорда" төңірегінде ылғи да кеш қимылдап жүретін "Ақжолдықтар" осы жылдың қараша айының ортасында Алашорданың 95 жылдығын атап өту туралы парламентте депутаттық сауал көтерген болатын. Дегенмен ұлт мәселесіне байланысты жеңіл-желпі қарауға болмайтын салмағы атан түйеге жүк болар аталы істі, бар жоғы бір жарым айда тындырып тастауға тәуекел еткені қызық-ақ. Бұл айтқанын, "шабан үйрек бұрын ұшар" немесе той-жиын жақындағанда қимылдап үйреніп қалғандықықтан болар деп түсіндік.

"Алаш қозғалысының 100 жылдығы" - ғасырды толғандырар қастерлі еске алу. Тек еске алу емес, тамырын тереңге бойлатқан алып дарақтың, саясында қазақтың қасқамен жайсаңы кеңес құрып, елдік, ұлттық мүдде деген ұранын ұрпақ сансына ұялату болмақ. 95 жылдық мереке өз деңгейінде өтті. Әрине, айту оңай, ал істеу екінің бірі, егіздің сыңарының қолынан келе бермесі тағы бар. Шымкенттегі алқалы отырыста жетекші партия хатшысы Ерлан Қарин: "Орынбор қаласында II қазақ қырғыз құрылтайының "Уақытша ұлттық кеңес" құруға шешім қабылдаған 13 желтоқсан күнін бүгінде зиялы қауым арасында "Алаш күні"" деп атайтындығын жеткізді. Сондай-ақ дәл осы күні ғаламторда бірінші рет "Алашорда.кз" сайтының тұсауы кесілгендігін айтып, жиналған қауымнан сүйінші сұраған болатын. Осындай жақсы бастамалрды кештеу болса да естіген ақжолдық депутаттардың атынан сөз алған Алмас Тұртаев қаңтардың ортасында Алаш қозғалысының 95 жылдығы кезінде, Алаш рухын ардақтауда әлі де атқарылмай жатқан істер көптігіне назар аударып, Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдаған болатын. Әйтседе, астын сызып көрсететіндей 95 жылдықта атқарылмай қалған іс көп дегенді "өзі бола алмайды, болғанды көре алмайдының" өзі деп түсіндік. Уәж айтар болсақ, Алаштың ғасырлық тойы бар қазаққа ортақ екендігін естен шығармаған абзал. Өздерін Алашордашылардың "рухани ізбасары" санап жүрген "Ақ жол" париясының меншіктеп алар мүлкі емес екендігін естен шығармаған жөн. 2012 жылдың ішінде еліміздің әр аймағында алашқа қатысты түрлі конференциялалар өтті.

"Хан баласында әр қазақтың қақысы бар" деп аһ ұрған Алаштың  рухани көсемі Әлиханның туған күніне орай белгілі журналист Берік Уәлидің бастамасымен "Астана медиа" продюссерлік орталығы "Алаштың Әлиханы" атты деректі фильм түсірген болатын. Тағы айтар болсақ, Қарағандының «Болашақ» университетінің ректоры Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбековтің бас болуымен Әлихан Бөкейхан мен Нығмет Нұрмақұлының басына ескерткіш-тақта орнатылған еді. Атымтай жомарт ағалар да Алаштан барын аянып қалған емес. Шымкентте тұратын жеке кәсіпкер Әбдімажит Сыздықбеков ағамыз өз қаражатымен Отырарда "Алаш аллеясын" салып, жұртшылықтың пайдалануына бергенін ерлікке балар едік.

"Ақ жолдықтар" ұсынған Алаш қозғалысының 100 жылдығын атап өту үшін Мемлекеттік комиссия құру, жалпымемлекеттік және аймақтық кешенді бағдарламалар даярлау ісін қолға алу қажет-ақ. Сонымен қатар жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу мақсатында Алаш қозғалысына қатысты архив құжаттарын көп томдық түрінде жариялау да өте маңызды әрі жауапты міндет. Қазақстандағы репрессия тарихы отандық тарихшы-ғалымдардың күшімен қорытылғаны дұрыс.

P.S.

Әйтседе, "жұмыла көтерген жүк жеңіл" дегендейін Алаш қозғалысының 100 жылдығын ұйымдастыру көптің ісі. Сондықтан да кеңеспен істелген істен селкеу шықпасы анық. Ендеше, Ел аман, жұрт тынышта Алаш тойын аброймен өткізуге нәсіп етсін.
Айтпақшы, жақында Анкарада «Анкара Қазақ Жастары» бірлестігі мен «Сана» интеллектуалды клубы бірлесіп «Қазақ» газетінің 100 жылдығын атап өтті. Ал Алаш қозғалысының мылтықсыз майданындағы  ұлтымыздың рухани ордасына айналған "Қазақ" газетінің 100 жылдығын "Ақ жолдықтар" атап өтті ме?

ABAI.KZ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407