Сенбі, 23 Қараша 2024
1125 3 пікір 21 Қараша, 2022 сағат 12:19

Қазақстанда он айда 902,4 млрд теңгеге көлік құрастырылды

Он айда Қазақстан аумағында жалпы сомасы 902,4 млрд теңге құрайтын 88 064 техника жасалған. Өндіріс көлемі 2021 жылғы қаңтар-қазан аралығындағы көрсеткіштен 23,6% - ке жоғары, деп жазады sputnik.kz.

Қазақстандық АвтоБизнес қауымдастығы берген мәлімет бойынша, қазан айында 9 623 техника өндірілді, бұл былтыр қазандағы нәтижемен салыстырғанда 25,4% -ке көп.

Бұған жеңіл автомобиль өндірісінің артқаны себеп болған, биыл 80 251 (+29,9%) машина өндірілді. Одан бөлек елдегі зауыттар 5 916 дана жүк көлігі, 552 тіркеме мен жартылай тіркеме және 363 басқа арнайы техника өндірді. Өнімдері Қазақстанда шығатын ең танымал бес бренд қатарында Chevrolet (31 063 дана), Hyundai (28 863 дана), Kia (11 480 дана), JAC (5 764 дана) және Lada (4 872 дана) бар. Сұраныс жоғары модельдер – Chevrolet Cobalt, Hyundai Tucson және Chevrolet Nexia.

10 ай қорытындысы бойынша Қостанайда орналасқан "СарыарқаАвтоПром" мамандары жалпы құны 463,2 млрд теңге болатын 54 113 (+22,7%) техника құрастырып, рекорд жасады.

Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan бағасы 395,9 млрд теңге құрайтын 28 863 дана жеңіл көлік шығарды. Семейлік СемАЗ клиенттеріне 22,1 млрд теңге тұратын 1 832 (-44,5%) коммерциялық техника жөнелтті.

Көкшетаудағы КАМАЗ-Инжиниринг 986 (-20,2%) жүк көлігін жасады. Hyundai Trans Auto зауыты 858 (+34,7%) жүк көлігі мен автобус құрастырды. QazTehna мен Daewoo Bus Kazakhstan сәйкесінше 309 және 167 автобус шығарған.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434