Елімізге Pfizer вакцинасы жеткізілмек
Қазақстан Pfizer вакцинасы жеткізіледі. Вакцина барлық адамға қолжетімді болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.
«Қазір құжаттарға қол қойылып жатыр, бізге гуманитарлық көмек – Pfizer вакцинасы келіп жатыр. Менің ойымша, келесі аптада Pfizer вакцинасының қанша дозасын алатынымызды хабарлаймыз, ол вакцина алғысы келетін халықтың барлық санатына беріледі», - деп жауап берді Ажар Ғиният.
Қазір жаппай вакциналау болмағандықтан, ревакцинация негізінен бустерлік дозалармен (бір доза) жүреді, сондықтан егу науқаны негізінен емханаларда өтіп жатыр.
«Ревакцинация жүргізу керек. Себебі, қазір әлемде коронавирус жұқтырғындар саны өсіп жатыр. Әсіресе, Қытай, Әзербайжан, Израильде және тағы басқа елдерде вирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Сондықтан біз халыққа ревакцинация керек деп ақпарат таратып жатырмыз. Ол үшін коронавирусқа қарсы вакциналар бар. Адамдар вакцина алмай тұрып, профилактикалық тексеріс жүргізіледі», - деді Денсаулық сақтау министрі.
Abai.kz